
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті
- •Алматы, 2012
- •1. Пәннің мазмұны
- •1.1 Күнтізбектік -тақырыптық жоспар:
- •1.2 Сөж орындау және тапсыру мерзімдері:
- •Сөж ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •1.3. Соөж орындау мерзімі:
- •Соөж орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •1.4 Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары
- •1.5 Өзін-өзі бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •Өтілген курс бойынша және соларға сәйкес тесттер бойынша бағдарламалық сұрақтардың тізімі
- •1.7 Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •1.8 Глоссарий
- •Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
- •Ісб бойынша қорытынды баға
Соөж орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар
СОӨЖ-дің оқу үрдісінде маңыздылығы жоғары. Себебі, студент осы арқылы курс (тақырып) шеңберінде білімді белсенді түрде және өз бетінше игеруге үйренеді. Өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, оны дәлелдеуге, пікір және ақпарат алмасу дағдыларын қалыптастырады.. Жоғары білімнің мақсаты - өзін-өзі дамытуға, өз бетінше білім алуға, жаңашылдық іс-әрекетке қабілетті, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру болып табылады. Бұл өз кезегінде СОӨЖ ұйымдастыру және жүргізуге ерекше талаптар қояды. Бұл үшін СОӨЖ орындауда өз бетінше дайындалу және шығармашылық қабілеті мен студенттің ой-өрісін дамыту талаптары орындалуы қажет.
Берілген тақырыптарды талдау барысында, дәстүрлі әдістерді қолдануға болады. Сұрақтарын жеке талдаумен қатар, баяндамалар немесе хабарламаларды “дөңгелек үстел” формасында талдау, шағын жазбаша жұмыстары арқылы тақырыптың түйінді мәселелерін айқындау, проблемалық жағдайларды ұжымдық тұрғыда талқылау. Материалды пысықтауда тренинг әдісі тиімдірек. Топ ішкі топтарға бөлініп, қарастырылатын мәселе бойынша алдын ала белгілі бір жағдайды суреттейтін материал дайындайды. Сабақта әрбір ішкі топ өз жағдайлары мен ой-пікірлерін шынайы, толық көрсете білуі қажет. Тренинг екі нұсқада жүргізілуі мүмкін. Біріншісі: әрбір ішкі топ өздері баяндап, қарастыратын мәселелерді талдайды. Екіншісі: бір топтың дайындаған материалын екінші топ талдайды. Әрбір ішкі топтың өз ойларын баяндауда кесте, схема, график, т.б. көрнекті құралдарды қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, талданатын жағдайға байланысты пікірталасты өрбіту немесе кейбір түсініксіз сәттерді айқындау мақсатында қосымша сұрақтар қойылады.Ойынның екінші бөлімінде келесі ішкі топ теорияның әлсіз тұстарын көрсетіп, ұсынушы топ өз пікірін дәлелдеу үшін жеткілікті дәлелдер келтіруі қажет. Бағалауды да ішкі топтар жүргізгені дұрыс. Соңында олардың дәлелдеулерін, өз ойларын жеткізу өнерін оқытушының өзі талқылап, қорытынды жасап, басқаша айтқанда, төреші болып баға бергені дұрыс.
Әр тақырыптың соңында осы әдіспен қатар “жедел сауал” әдісін қолдану материалды игеруге, оны бекітуге, пысықтауға қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Пәнді оқытуда барлық тақырыптар бойынша, оның тәжірибеге қаншалықты жақындығын пайымдауды студенттердің дағдысына айналдыру кез келген пәннің өзектілігін арттырады. Студенттер тақырып шеңберінде қосымша материал іздестіріп, оларды басқару теориялары тұрғысында негіздеулері қажет. Сол сияқты т.б. түйінді мәселелерді мерзімді басылымдардан алынған ресми деректер негізінде талдау осы материалдың бекітілуіне және теорияның тәжірибеге байланысын түсінуге жағдай жасайды
СОӨЖ шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін мотивация жүйесін қалыптастырады. Оқытушы студенттің белсенділігіне пара-пар немесе ынталандыру мақсатында жоғары балл қоя алады. Ең бастысы – бұл жүйе студентке ыңғайлы, түсінікті, әрі олардың белсенділігін, бастамашылығын, жүйелілігін ескеруі тиіс.