Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус ЖБ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
109.72 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті

««БЕКІТЕМІН»

ОӘЖ бойынша проректор э.ғ.д., профессор

________________ Г.Ж. Нұрмұханова

« 31 » тамыз 2012ж.

Студенттерге арналған пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Пәннің аты:__Жобаларды басқару

Мамандық (шифры, атауы ) 050700 «Қаржы»,050800 «Есеп және аудит», 5В090800 «Оценка», 5В070300ИС

Оқу түрі: күндізгі

Пәннің коды: UPR3223

Күндізгі оқу бөлімі

Кешкі оқу бөлімі

Сырттай оқу бөлімі

Кредит саны

3

-

-

Курс

3

-

-

Семестр

6

-

-

Аралық бақылау (саны)

2

-

-

Экзамен (семестр)

6

-

-

Дәрістер (сағат)

30

-

-

Тәжірибелік (семинар) сабақтар

(сағат)

15

-

-

СОӨЖ (сағат)

23

-

-

СӨЖ(сағат)

67

-

-

Барлық сағат саны

135

-

-

Алматы, 2012

Оқу бағдарламасын дайындаған аға оқытушы Ибрагимова Акгул Амангельдиевна

(Оқытушының аты-жөні)

«Экономика» мамандықтарына арналған типтік бағдарлама негізінде дайындалды

(қандай құжаттар негізінде)

Оқытушы туралы мәлімет және қосымша ақпарат: мамандығы экономист, «Менеджмент», «Персоналды басқару», «Маркетинг» т.б. нарықтық қатынастарға байланысты білімін жоғарлату курстарын аяқтаған. Соңғы он бес жылда менеджменттің түрлі бағыттарынан дәріс оқиды, семинарлық сабақтарды өмір тәжірибесі мысалдарымен байланыстыра жүргізеді. Орыс тілді экономикалық бағыттағы әдебиеттерді қазақ тіліне жоғары сапада аударады. Тел.: 8-775-523-56-84.

Оқу бағдарламасы «Менеджмент» кафедрасының жиналысында талқыланды

(кафедраның аты)

«_28_» тамыз 2012 ж. № 1 хаттама

Кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент Бреслав Е.П.

(қолы, аты-жөні)

«Экономика және есеп» факультетінің деканы э.ғ.д.,проф. Мұхаммедов Ә.О.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған

1 хаттама

« 31 » тамыз 2012 ж.

КІРІСПЕ

Кредиттік оқу жүйесі оқытушылардың жұмысын айтарлықтай өзгертеді, студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарының сапасын жоғарлату үшін оқытушылардың үнемі ізденіп, өзін-өзі жетілдіріп отыру қажеттігі туындайды. Әсіресе аудиториялық сабақтарда студенттердің біліктілігін арттыру мәселелерін ұйымдастыру және басқару үшін арнайы әдістемелік және дидактикалық дайындық кешені болу қажет.

Кредиттік оқу жүйесінде шәкірттердің талабын толық ескеретіндей білім беру талаптарын қамтамасыз ететін, оқытушылар арасында бәсеке туғызатын, түрлі оқыту әдістемелерін жетілдіре отырып пайдаланатын, оның ішінде оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен сапасын жетілдіріп, жақсарта түсу қарастырылған. Білім беру жүйесінде қоғамның әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру жолында қазіргі заманға лайықты жаңар- тылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындау көзделген.

Syllabus – бұл курстың жан-жақты, терең дайындалған түрі, оны сол пән бойынша дәріс оқитын, сабақ жүргізетін оқытушы дайындайды.

Оқу жұмыс бағдарламасы (syllabus) пәнді оқыту бағдарламасын көрсететін негізгі оқу-әдістемелік құжат. Syllabus әрбір академиялық кезеңнің басында студентке ұсынылады.

Оқу жұмыс бағдарламасының (syllabus) сыртқы беті қатаң түрде берілген форма бойынша (1 қосымша) дайындалады. Бұл бетте: университеттің, кафедраның аты, бағдарламаның, пәннің атауы, кредит саны, нешінші семестр екені көрсетіледі. Қарсы бетінде (1.1 қосымша) осы бағдарламаны дайындауға негіз болған типтік бағдарламаның аты, оқытушы туралы мәлімет беріледі.

Бағдарлама кафедра жиналысында талқыланып бекітіледі, унивеситеттің оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдап, ең соңында университеттің оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры «Бекітемін» деп қол қояды.

Оқу жұмыс бағдарламасы (syllabus) кафедрада оқытылатын әр сабақ бойынша дайындалады. Егер аттас пәндер әртүрлі мамандықтарға оқытылатын болса, ол пән үшін барлығына бір бағдарлама дайындау мүмкіндігі кафедрада анықталады.

Пәнді оқыту міндеттері студенттердің білімі мен қабілетін дамыту жолындағы талаптарға сай белгіленеді. Білім беру міндеттемелері бекітілген квалификациялық сипаттамада көрсетілген мамандарды дайындау талаптарын жүзеге асыру ережелеріне сәйкес болуы тиіс.

Өткізілетін курсқа дейінгі (пререквизиттер) және сол курстан кейін өтетін (постреквиэиттер) пәндер тізімі берілуі тиіс.

Пререквизиттер – осы пәнді игеруге негіз болатын пәндер: Экономикалық теория, макроэкономика, микроэкономика.

Постреквизиттер – аталған пәнді қорытындылап, бекіте түсетін пәндер тізімі: Еңбек ресурстарын басқару, инновациялық менеджмент, стратегиялық менеджмент.

Пәннің сипаттамасы.«Жобаларды басқару» пәнін оқу барысында болашақ мамандар өз білімдерін, инвестициялық шешімдер қабылдау үшін қажет, қаржылық және экономикалық талдау тәсілдерімен толықтырады. Сонымен қатар, кезкелген саладағы басқаруды ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс-қимылын қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуының нақты жағдайларында қолданудың әістерін түсінуге қол жеткізу болып табылады.

Осы пән бойынша студенттерді оқытудың белсенді әдістері: имитациялық (жағдайды талдау, имитациялық жаттығулар), ойындық, (іскерлік ойындар, рольдерде ойнау, жобалау), имитациялық емес (тәжірибелік сабақ, тақырыптық пікірталас) тәсілдер қолданылады.

Пәнді оқыту мақсаты. Студенттердің жобаларды басқару игеруі, олардың аталған курсты оқу арқылы алған білімдері фирмалар мен компанияларда іс жүзінде, тәжірибеде қолдануға ықпал етеді.

Пәнді оқыту міндеттері. Білім алушылардың бойында жобаларды басқару жайында нарықтық катынастарға сай нақты, қазіргі заманға байланысты толық көзкарас қалыптастыру, яғни жобаларды басқару пәнін ғылым және өнер ретінде түсіну, түрлі ұйымдарды басқарудың жүйесі ретінде, жоғары коммерциялық нәтижелерге жетудегі тиімді стратегиялық бағдарламалар жасауға бағытталған қызмет ретінде түсінік қалыптастыру.