Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка физ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
152.19 Кб
Скачать
  1. Мүмкіндік нұсқаулар: топтық пікір талас, тест, аралас сұрау, ауызша және жазбаша сұрау.

  2. Зертханалық жұмысты талдау және орындау, протокол толтыру (протокол толтыру тәртібін нұсқау сонда көрсетілген)

Жұмыс:

  • Есте сақтауды зерттеу (мағынасы жоқ материалды есте сақтау; адамдардың бет-әлпетін, аты-жөнің есте сақтау; мағыналы және механикалық есте сақтауды зерттеу) (әдеб №3 222 бет, 5-жұмыс).

Студенттерге үлестіріліп берілетін материал:

  1. Зерде тиімділігін есептеп шығаруға арналған кестелер ( реттік номерімен берілген 20 сөз; реттік номерімен берілген 20 сан)

  2. Зерде тиімділігін есептеп шығаруға арналған суреттер

  3. Мағыналы және механикалық есте сақтауды зерттеуге арналған сөздер тізімі (2 қатардағы сөздер: 1 қатардағы сөздер арасында мағыналық байланыс бар, 2 қатардағы сөздер арасында мағыналық байланыс жоқ)

БСЗ және МБРҒН орталығының берген талаптарына сай «ҚазҰМУ студенттерінің құзіреттілік деңгейлерін бағалау ережелеріне сәйкес», практикалық сабақ бағаланады:

1. Құзіреттілік «Білімі» - ауызша және жазбаша сұрау, тест (сұрақтар мен тест тізімі төменде көрсетілген)

2. Құзіреттілік «Практикалық дағдылар» - Дағдыны меңгергенін тексеру

Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Сәтбаева Х.Қ., Нілдібаева Ж.Б., “Адам физиологиясы”, Алматы, 2005ж., 482-497 б.

  2. Сәтбаева Х.Қ., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. – Алматы, Білім, 1995 (341-354, 367-369 б.).

  3. Қалыпты физиология студентерге арналған әдістемелік нұсқаулар, Алматы 2007ж

  4. «Жоғары жүйке іс әрекеті физиологиясы» тақырыбынан студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар, 2002ж.

Қосымша:

  1. Косицкий Г.И. «Физиология человека», Москва, 1985г

  1. Покровский В.М. «Физиология человека», Москва, 2003г.

  2. Ткаченко Б.И. «Основы физиологии человека», 2005г.

  3. Полянцев В.А. «Адам физиологиясы», М.Медицина, 1989ж.

  4. Данилова Н.Н., Крылова А.Л. «Физиология высшей нервной деятельности», Москва, 1989г.

  5. Блум Ф., Лайзерсон А, Хофстедтер Л. «Мозг, разум, поведения» Москва, 1988г.

Бақылау:

Сұрақтар:

  1. ЖЖІӘ зерттеу тәсілдері

  2. Шартты рефлексті қалыптастыру ережелері.

  3. Адамда қарашық шартты рефлексін қалай қалыртастырамыз?

  4. Адамда шартты тыныс рефлексін қалай қалыптастырамыз?

  5. Зерде, оның түрлері, есте сақтау механизмдердің түрлері

  6. Ассоциация деген не?

  7. Мидың ойлау әрекеті мен есте сақтауда ассоциациялар қандай роль атқарады?

  8. Ассоциация түрлері

Тестер:

1. Орталық жүйке жүйесінің қай бөлімі сыртқы ортадан келген нақты сигналдарды (көру, есту) талдау және синтездеу кезінде басымдылық көрсетеді?

1. сол жарты шар

2. оң жарты шар

3. орта мидың ретикулярлық формациясы

4. гипоталамус

5. жұлын

2. Орталық жүйке жүйесінің қай бөлімі абстрактілік (сөз арқылы) сигналдарды талдау және синтездеу кезінде басымдылық көрсетеді?

1. лимбиялық жүйе

2. таламус

3. гипоталамус

4. сол жарты шар

5. оң жарты шар

3. Ұзақ уақытты есте сақтау қалыптасуының негізінде қандай механизм жатыр?

1. қыртыста доминантты ошақтың пайда болуы

2. макромолекула синтезінің белсенділігі (белок, ДНК, РНК)

3. нейрондардың тұйықталған тізбегіндегі импульстер циркуляциясы (реверберация)

4. реципрокты тежелу

5. окклюзия (бітелу)

4. Қысқа мерзімді зерденің қалыптасуының негізінде қандай үрдістер жатыр?

1. белок молекуласының белсенді синтезі

2. синапстық өткізгіштіктің тұрақты өзгерісі

3. аксоөсінділік контактың дамуы

4. нейрондардың тұйықталған тізбегіндегі импульстер циркуляциясы

5. барлығы дұрыс

5. Зерденің түрлері мен оларды қамтамасыз ететін механизмдер арасындағы сәйкестікті орнатыңыз?

А. Қысқа мерзімді зерде 1. белок молекуласының активті синтезі

Б. Ұзақ мерзімді зерде 2. реципрокты тежелу

3. нейрондардың тұйықталған тізбегіндегі

импульстер циркуляциясы

4. қыртыста доминантты ошақтың пайда болуы

А) А-4

Б) Б-3

В) А-3

Г) Б-2

Д) Б-1

6. Консолидация – бұл ...

1. сенсорлық есте сақтауда ақпараттың бекітілуі

2. мәліметтің қысқа мерзімді есте сақтаудан ұзақ мерзімді есте сақтауға өтуі

3. алғашқы есте сақтауда ақпараттың бекітілуі

4. ақпараттың түйсікті есте сақтаудан түйсіксіз түріне өтуі

5. нейрондар тізбегіндегі импульстер циркуляциясы

7. Миы зақымдалған адам, оның қалай болғанын білмеу құбылысының аталуы:

1. шартты тежелу

2. антероградты амнезия

3. ретроградты амнезия

4. истерикалық амнезия

5. шартсыз тежелу

8. Зерденің қалыптасуына төменде көрсетілген құрылымның қайсысы маңызды рөл атқарады?

1. төрт төмпешік

2. миндаль тәрізді дене

3. гипоталамус

4. сүйелді дене

5. гиппокамп

9. Мотивация – бұл:

1. Қозу процессінің иррадиациясы

2. Биологиялық, осы сәттегі өмірдегі маңызды қажеттілік

3. Реверберация құбылысы

4. ОЖЖ-не келіп түскен тітіркендіргіштердің синтезі мен анализі

5. Қыртыстық үрдістердің тежелуі

10. Эмоция – бұл:

1. Қыртыстық үрдістердің индукциясы

2. Бір нейронға импульстердің жинақталуы

3. ОЖЖ-не түскен сигналдардың анализі

4. Мотивацияның субъективті көрінісі

5. Рефлекторлық жауаптардың жеңілденуі