Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка физ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
152.19 Кб
Скачать

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ

ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

МАМАНДЫҒЫ: Медико-профилактикалық іс

КАФЕДРА: Қалыпты физиология

Т Ә ЖІ Р И Б Е Л І К С А Б А Қ Т А Р Ғ А А Р Н А Л Ғ А Н

Ә Д І С Т Е М Е Л І К Н Ұ С Қ А У Л А Р

КУРС: 1

ПӘН: ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: Кафедраның профессор-оқытушылық құрамы:

доцент Хасенова К.Х.

оқытушы Байболатова Л.М.

Алматы 2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланған

Хаттама №1 «29» «08»2012 ж.

Кафедра меңгерушісі,м.ғ.д., профессор Соколов А.Д.

Тақырып № 1: Қозғыш тіндерді тітіркендіру заңдары. Қозу параметрлері.

Мақсаты: Студенттерді қозғыш тіндер физиологиясы қызметін және оларды реттеу механизмдерінің негізгі заңдылықтарынан білімін қалыптастыру.

Құқықтық құзіреттілікті қалыптастыру – тәжірибелік жануарлармен және физиологиялық құрал- аспаптармен, химиялық препараттармен жұмыс жасаған кезде техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Оқыту міндеттері:

1) Қозғыш тіндерді тітіркендірудің негізгі әдістерін талдау.

2) Тікелей және жанама тітіркендіру арқылы қозу табалдырығын анықтауды студенттерге үйрету.

Тақырып бойынша негізгі сұрақтар.

1. Жүйке-бұлшықет препаратын дайындау тәсілі.

2. Тікелей және жанама тітіркендіру арқылы қозу табалдырығын анықтау.

3. Гальванидің І тәжірибесін жасау тәсілі.

Оқыту және сабақ беру әдісі:

  1. Мүмкіндік нұсқаулар: топтық пікір талас, тест, аралас сұрау, ауызша және жазбаша сұрау.

  2. Зертханалық жұмысты талдау және орындау, протокол толтыру (протокол толтыру тәртібін нұсқау сонда көрсетілген)

Жұмыстар:

- Галванидің І (әдеб. 3; 5 бет; № 4.1, 4.2 жұмыс)

- . Тікелей және жанама тітіркендіру арқылы қозу табалдырығын анықтау (әдеб. 3; 5 бет; № 3 жұмыс)

3. Тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге мынандай заттар колданылады:

Студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар, «Жалпы физиология» Алматы 2007, бақа, штатив, электростимулятор, «балкончик», «Қозғыш ұлпалар физиологиясы» тақырыбына арналған стендтер, физиологиялық атлас.

4.Қалыпты физиология кафедрасында жасалған оқыту фильмдерін көрсету.

- «Тірі реоскоп» дайындау

- Жүйке-ет препаратын дайындау

- Гальванийдің І тәжірибесі

- Тікелей және жанама тітіркендіру арқылы қозу табалдырығын анықтау

Сабақ хронометражы

Сағат

50 мин

1. Ұйымдастыру бөлімі

мин

2. Студенттің бастапқы білімін бағалау(топтық пікір талас,ауызша және жазбаша сұрау және т.б.).

мин

3. Студенттердің өзіндік жұмысы ( видеоматериалдарды көру және тәжірибелік сабақтарды орындау)

мин

4. Тәжірибелік сабақтар нәтижесін талқылау

мин

5. Студенттер білімін қорыдындылау (тест, ауызша немесе жазбаша сұрау)

мин

6. Студенттер білімін бағалау арқылы сабақ қорытындылау

мин

Әдебиеттер:

Негізгі:

1) Адам физиологиясы // Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. – Алматы, 2005 ж. 54-93 бет.

2) Сәтбаева Х.Қ., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. – Алматы, Білім, 1995 (341-354, 367-369 б.

3) Қалыпты физиология. Студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Алматы-2007, 5-6 бет.

4) Қозғыш ұлпалар физиологиясы //Қанқожа М.Қ. – Алматы, 2004 ж. Бет 78.

Қосымша:

1) Физиология человека под. ред. Покровского В.М., Коротько Г.Ф.- М.-2003, стр.39-57

2)Физиология человека под. ред. Агаджаняна Н.А., Циркина В.И. – М.-2001, стр. 5-17

3)Основы физиологии человека под. ред. Ткаченко Б.И. (2 тома)- СПб-1994г, стр.6-53

4)Физиология человека под. ред. Т.И. Косицкого-М.- 1985г, стр. 19-44.

5)Практикум по нормальной физиологии под. ред. Н.А. Агаджаняна, 1983г. стр. 150 раб.№1, стр. 149 раб. №2, стр. 156 раб. №7

6) Нормальная физиология. Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д.-М.-2005

7) Шмидт Р.Ф. Физиология человека. М.,Мир,1985, т. 1-4

8). Методические указания для студентов по «Физиологии возбудимых тканей», КазНМУ, 2002 г.-56 с.

9) Общая физиология (методическая указания для студентов) //под ред. Соколова А.Д. Алматы, 2006 г. 101 стр.

Студенттердің білімін бағалау:

БСЗБ және МБРҒН орталығының берген талаптарына сай «ҚазҰМУ студенттерінің құзіреттілік деңгейлерін бағалау ережелеріне сәйкес», практикалық сабақ бағаланады:

1. Құзіреттілік «Білімі» - ауызша және жазбаша сұрау, тест (сұрақтар мен тест тізімі төменде көрсетілген)

2. Құзіреттілік «Құқықтық құзіреттілік» - Дағдыны меңгергенін тексеру «лабораториялық жануарлармен және физиологиялық құралдармен, химиялық препараттармен жұмыс жасаған кезде техника қауіпсіздік ережелерін сақтау»

3. Құзіреттілік «Практикалық дағдылар» - Дағдыны меңгергенін тексеру