Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРСП физ .docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
178.9 Кб
Скачать

13.2 Тақырып «Тепе-теңдік (вестибулярлық) талдағышы және тері талдағыштарды зерттейтін әдістер».

Мақсаты:Тепе-теңдік және тері талдағыштары жайлы білімді қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

1. Студенттермен тепе-теңдік пен тері талдағышының морфологиялық-функциялық ерекшеліктерін талдау.

2. Студенттерді тепе-теңдік талдағышы мен тері талдағыштарды зерттеу әдістерімен таныстыру

Өткізу үлгісі

  • Тақырып сұрақтары бойынша кеңес жүргізу

  • Практикалық жұмысты өзіндік түрде өткізу( Барани тәжірибесі)

Тақырып бойынша тапсырма:

Өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар

1. Тепе-теңдік талдағышының функционалдық және құрылымдық сипаттамасы.

2. Тепе-теңдік талдағышының өткізгіш жолдары

3. Тері рецепторларының бейімделуі құбылысы

4. Тері рецепторларының бейімделуін бақылау (әдебиет 3 , 197 бет, 1 жұмыс)

Үлестірілетін материал: жоқ

Әдебиеттер

1. Сәтбаева Х.Қ., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. – Алматы, Білім, 1995 (354-362 б).

2. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. – Алматы, Дәуір, 2005 (445-453 б)

3. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары. – Шымкент, 1993 (196-197 б, №112 жұмыс)

Бақылау:

1. Тепе-теңдік талдағышының функционалдық және құрылымдық сипаттамасы.

2. Тепе-теңдік талдағышының өткізгіш жолдары

3. Тері талдағышының шеткі бөліімінің рецепторларының түрлері

4.Тері талдағышының өткізгіш жолдары

Тесттер

1. Тепе-теңдік рецепторлары үшін адекватты тітіркендіргіш болып табылады

дененің орталықтан тепкіш үдеуі

тік сызықты қозғалыс кезінде денеге әсер ететін оң немесе теріс үдеу

кеңістіктегі дене қалпының өзгеруі

басты айналдыра қозғалту

дененің бұрыштық үдеуі

2.Тепе-теңдік талдағышының қыртысасты орталығын көрсетіңіз

Бехтерев, Дейтерс, Швальбе ядролары

латералды иінді дене

дара шоғыр ядросы

медиалды иінді дене

  1. төрт төмпешік бұдырлары

3.Тепе-теңдік талдағышының қыртыстағы орталығын көрсетіңіз

шүйде бөлігі

самай бөлігі

Аммонов мүйізі

артқы орталық иірім

4.Тактилдік сезімталдығы ең төмені

қол басы терісінің сыртқы беткейі, балтыр, арқа терілері

тілдің ұшы

саусақтардың ұшы

мұрынның ұшы

алақан

5.Эстезиометр қолданылады

ажырату табалдырығын анықтау арқылы сипап сезудің өткірлігін зерттеу үшін

температуралық сезімталдықты зерттеу үшін

тері терморецепторларының адаптациясын көрсету үшін

контраст құбылысын көрсету үшін

дәм сезімталдығының табалдырығын анықтау үшін

6. Тері рецепциясын зерттеу үшін қолданылатын әдістерді көрсетіңіз

  1. периметрия

  2. эстезиометрия

  3. температуралық бейімделуді анықтау

  4. аудиометрия

  5. Мариотт тәжірибесі

Ситуациялық есептер:

Қола басының сыртқы жақ терісін әлсіз шаншағанда зерттелуші көп жағдайда жанасуды, сирек – ауырсынуды сезінеді. Сол жерлерді одан қаттырақ шаншығанда ол тек ауырсынуды сезінген. Осы құбылысты түсіндереіңіз.

Адамды Барани орындығына отырғызып секундына 1 айналым жиілікпен айналдырады. Бұл қандай жағдайға әкеледі? Оның барлық көріністерін сипаттаңыз және олардың пайда болу себебін түсіндіріңіз.

Адамды автобуста шайқалтқан болса, сол кезде қандай рефлекторлық реакциялар болады, олар қалай көрінеді және олардың себептері қандай?

Айқастырылмаған және айқастырылған екі саусақпен бір бұршақты домалататын болса көзі жұмулы адам саусақ астында қанша бұршақты сезеді? Тәжірибенің нәтижелеріне түсініктеме беріңіз. Бұл құбылысты кім сипаттаған?

Алдымен бір қолын температурасы 40оС суға, ал екіншісін 10оС суға салған зерттелуші екі қолын температурасы 20оС суға салғанда ол қалай сезіледі? Осы кезде пайда болатын сезімді немен түсіндіруга болады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]