Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12KZ_физика_ФМН.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
10.01.2020
Размер:
266.55 Кб
Скачать

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ

Үлгі

2012-2013 Оқу жылында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жоғарғы мектеп бітірушілерін физика пәнінен қорытынды аттестаттауға арналған емтихан (жазба) жұмысы

Емтиханның құрылымы

Бақылау жұмысының материалдары, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-12 сыныптарына арналған «Физика» пәні бойынша эксперименттік оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес, 31 тапсырмадан және практикалық жұмыстан тұрады.

Бақылау жұмысының материалдары 3 бөлімнен тұрады:

1 бөлім күрделілік деңгейі базалық болатын жауабын таңдап алуға болатын 18 тапсырмадан тұрады.

Жауаптарын таңдап алуға болатын тапсырмалар мектептің физика курсының негізгі бөлімдерінің материалдарының негізінде алынған. Оларда мазмұнға енгізілген барлық блоктардағы белгілі элементтердің меңгерілуі базалық деңгейде тексеріледі.

Жауаптарын таңдап алуға болатын тапсырмаларда ұсынылған төрт жауаптан дұрыс жауапты таңдау үшін білімін қолданады. Мұндай тапсырмалардың әртүрлілігі дұрыс жауапты іздеу алгоритмімен ерекшеленеді.

2 бөлім күрделілік деңгейі жеткілікті болатын қысқа жауапты 10 тапсырмадан тұрады.

Қысқаша жауапты тапсырмалар физика курсының ең маңызды бөлімдерінің материалдарынын негізінде құрастырылған, бірақ жауаптарын таңдап алуға болатын тапсырмаларға қарағанда тек қана базалық емес, сонымен бірге, профилді деңгейдегі білім мазмұны элементтерінін меңгерілуі тексеріледі.

Мұндай тапсырмаларды орындау барысында:

а) жауаптары бар тапсырмаларға қарағанда оқу іс-әрекеттерінің үлкен мөлшері жүзеге асырылады;

б) жауапты анықтау және оны сандар немесе сөздер түрінде жазу.

Емтихан жұмысында қысқа жауапты тапсырмалардың төмендегідей бірнеше түрлері ұсынылады:

– екі жиында көрсетілген позициялардың сәйкестігін анықтауға арналған тапсырмалар;

– заңдардың және құбылыстардың атауын білуге, физикадағы терминдердің меңгерілуін тексеруге арналған тапсырмалар;

– ұсынылған жауаптардың арасынан бірнеше дұрыс жауаптарды таңдауға арналған тапсырмалар (бірнеше рет таңдау);

сандық есептер.

3 бөлім күрделілік деңгейі жоғарғы болатын толық жауапты 3 тапсырмадан тұрады.

Толық жауапты тапсырманың алдыңғы екі түрлі типті тапсырмадан ерекшелігі, әртүрлі мазмұнды негізгі блоктардағы бірнеше (екі немесе одан көп) профилдік деңгейдегі элементтер кешенді түрде тексеріледі. Олар төмендегідей түрлерге бөлінеді:

– физикадағы маңызды заңдар мен құбылыстардың мазмұнынын меңгерілуін тексеретін тапсырмалар;

– шығармашылық сипаттағы есептер;

– кіріктірілген есептер.

Толық жауапты тапсырмалар мынандай біліктерді тексеруге бағытталған:

– құбылыстар мен заңдарды түсіндіру, физикадағы өзара әсерлесулер;

– физикадағы кіріктірілген есептерді шығару.

Бақылау жұмысын критериалды бағалау:

Тапсырманың сипаттамасы

Бағалау критерийлері

Тексерілетін элементті орындау үшін қойылатын балл

Тапсырманы орындау үшін қойылатын балл

1

Жауабын таңдап алуға болатын тапсырма.

(базалық деңгей)

Жауаптың дұрыс варианты таңдалған.

2

Сәйкес позицияларды анықтауға арналған тапсырмалар.

(жеткілікті деңгей)

Барлық дұрыс сәйкестіктер таңдалған.

3

Заңдардың және құбылыстардың атауын білуге, физикадағы терминдердің меңгерілуін тексеруге арналған тапсырмалар. (жеткілікті деңгей)

Тапсырмалардың шарты дұрыс талқыланған және дұрыс жауап жазылған.

4

Ұсынылған жауаптардың арасынан бірнеше дұрыс жауаптарды таңдауға арналған тапсырмалар, бірнеше рет таңдау. (жеткілікті деңгей)

Тапсырмалардың шарты дұрыс талқыланған және барлық дұрыс позициялар белгіленген

5

Есептеуге арналған тапсырмалар

(жеткілікті деңгей)

Тапсырмалардың шарты дұрыс талқыланған, барлық шарт шешілген және дұрыс жауап жазылған.

6

Толық жауапты тапсырмалар

(жоғарғы деңгей)

Тапсырмалардың шарты дұрыс талқыланған, шешу жолы дұрыс жазылған, барлық шарт шешілген және дұрыс жауап жазылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]