Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-292 (1).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
173.7 Кб
Скачать

Тапсырма №30

( Құлақ аурулары)

Мезоэпитимпанитпен ауыратын 9жасар балада басы қатты ауырды. Әсіресе желке жағында, жүрек айну құсу, жүрісінің өзгеруі байқалды. Жедел жәрдеммен ЛОР бөлімшесіне келіп түсті.

Объективті: жалпы күйі ауыр, дене қызуы 38,4C , тамыр соғысы минутына 52 рет, ырғақты. Адиадохокинез. Саусақ- мұрын сынамасында қимылы дәл емес. Сол жаққа горизонтальды нистагм улкейген.сол жақ есту тутігінде кілегейлі іріңді бөлінділер.дабыл жарғағы гиперимирленген. Дабыл жарғағында артқы жоғарғы бөлінділер бұзылған. Аттиктің ішінде холестеатомдық бөлінділер бар. Емізік тәрізді өсінді аймағы өзгермеген, ауырмайды. Шюллер мен Майердің тәжірибесі бойынша самай сүйегінің рентгенограммасында аттиктің жоғарғы қабырғасының деструкциясы. Көздің түбі: тамырлары қанға толы, иірімделген. Люмбальді пункция: жұлын сұйықтығы мөлдір, қысыммен ағады. Жасушалық элементтер – 15/3.

Диагноз қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

Тапсырма №31

( Құлақ аурулары)

26 жасар науқас естуінің төмендегеніне шағымданады. Үш жыл бұрын босанғаннан кейін, естудің төмендеуі жылдан жылға күшейгенін байқады. Шулы жерде жақсы еститінін айтты.

Объективті: мұрында, жұтқыншақта, көмейде патологиялық өзгерістер жоқү

Отоскопия: есту түтігі кең, сұр бөлінділер жоқ, дабыл жарғағы ақшыл, жіңішке. Есту- ШР=1м/1м екі жақта. Естуі РР 2м/ 2м. Тональді аудиограммада горизонтальді қисық типі сүйекті-ауалы интервалымен (20дб шамасында).

Импедансобарограммада акустикалық рефлекс жойылған А типті қисық. О.Ринне және О.Желле екі жақтан да теріс. Вестибулярлы аппарат жағынан бұзылыс байқалмайды.

Диагноз қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

=========================================================

Тапсырма №32

( Құлақ аурулары)

40 жастағы науқас сурдологиялық кабинетке тоғыз ай бойы естудің төмендегеніне шағымданды. Он бір ай бойы перитонитпен ауырып, жиырма бес күн бұрын наномицин инъекциясын қабылдады. Оң құлағының жоғарғы сападағы шуылдауын байқады. Оң құлағының естуі төмендеді, және жүрісі қисалаңдады. Емделгеннен кейін екі айдан кейін естуі күннен күнге төмендеді. Қарау кезінде ЛОР ағзаларында патологиялық өзгерістер анықталмаған. Есту ШР=0,5/ 5,5м. Есту РР=4,5/ 6м. О.Ринне, Федериче, О.Желле оң. Тональді аудиограммада төмендеген қисық типі көрінеді. Табалдырықүсті тестті жүргізгенде ФУНГанықталады. Вестибулярлы анализаторларды зерттеу кезінде екі жақты лабиринтерінің қызметтерінің төмендеуі анықталды.

Диагноз қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

Тапсырма №33

( Құлақ аурулары)

62 жастағы науқас гипертониялық аурумен шалдыққан бір жыл бұрын көршімен ұрсып қалғанна кейін естуі күрт төмендеді. Қазіргі уақытқа дейін естудің төмендеуі сол қалыпты. Жағдайы қанағаттанарлылық.тамыр соғысы АҚ80\100мм рт ст.ЛОР ағзалары патологиялық өзгеріссіз оң құлағымен сыбырды 5м сол құлағымен тек айғайлапсөйлегенді естиді. Аудиоргаммамен қарағанда оң жақ құлағы жақсы естиді,ал сол құлағы дыбыс қабылдауы бұзылған вестибулярля қызметті анықталмайды.

Диагноз қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

=========================================================

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]