Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-292 (1).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
174 Кб
Скачать

Тапсырма №131.

( Мұрын аурулары )

48 жастағы науқас дәрігерге жарты жыл бойы мазалап жүрген тұрақты бас ауруына шағымданып келді. Рентгенограммада көлемі үлкен сол жақ маңдай қойнауында мөлшері грек жаңғағындай остеома табылды. Ісіктің артқы контуры мидың қабырғасына тығыз жабысып тұр.

Томографиялық зерттеу кезінде ми қабырғасының тығыздығының бұзылуы немесе оның остеомамен жанасу аймағындағы жіңішкеруі туралы күдік туды.

Дәрігер осы жағдайда қандай емдеу тактикасын ұстану керек? Маңдай қойнауының остеомасы себебінен фронтотомия жасағанда хирург әр қашан жаңа маңдай- мұрын тесігін қою керек пе?

Тапсырма №132.

( Мұрын аурулары )

Сол жақ маңдай қойнауының айқын ауырсыну сезімі бар науқастың рентгенограммасында қойнаудың төменгі бөлімінде үлкен емес (0,5ˣ1,0 см) остеома анықталды.

Ол ауырсынуды шақыра ала ма? Шақыра алса, онда қандай жағдайда? Оны рентгенологиялық қалай дәлелдеуге болады?

================================================

Тапсырма №132.

( Мұрын аурулары )

Бокстан жарыс кезінде 20 жасар спротшының мұрыны жарақаттанды. Келесі күні жасалған алдыңғы риноскопияда тыныс алуды қиындататын мұрын қалқанының шырышты қабаты екі жағынан да ісінгені анықталды.

Диагнозы қандай? Осындай науқасты дұрыс емес емдегенде қандай асқынулар дамуы мүмкін?

Тапсырма 134.

( Мұрын аурулары )

Қабылдау бөлмесінде мұрыннан қан кетумен 58 жастағы науқас бар.

Кезекші оториноларинголоктың ұйымдастырушылық, диагностикалық және емдеу тактикасы қандай?

135. 43 жасар науқас мұрын қалқанының қисаю себебінен хирургиялық ем қабылдады. Тампондар қуыстан операциядан кейін 48 сағаттан соң алынып тасталды. Операциядан кейінгі бесінші тәулікте науқаста мұрынның сол жақ бөлігінің артқы бөлімінен профузды қан кету дамыды. Мұрын қуысының алдыңғы тапонадасы нәтиже бермеді. Бөлім меңгерушісі артқы тампонаданы жасады. Бірақ соған қарамастан қан кету азайған көлемімен жалғасты. Науқас терісі бозарған, тахикардия, гемоглобин 72 г/л.

Осы жағдайда қандай шұғыл шараларды өткізу керек?

==============================================

Тапсырма №136.

( Мұрын аурулары )

Науқас «жедел сол жақ гайморит» диагнозымен түсті. Оған мұрыннң қосымша қойнауларының тік және көлбеу бағыттағы екі рентгенограмма жасалды. Тік бағыттағы суретте, сол жоғарғы жақ қойнауында көлбеу деңгейдегі сұйықтық, ал көлбеу бағыттағы суретте, жоғары дөңестенген дөңгелек контуры бар көлеңке көрінеді.

Клиникалық диагнозы қанда

Тапсырма №137.

( Мұрын аурулары )

29 жасар науқас ЛОР- бөліміне көз аурулар емханасынан ауыстырылды. Үш күн бұрын науқас көз емханасына оң көзінің бес күнге созылған көру нашарлауы мен көз алмасын қимылдатқанда ауырсыну сезіміне шағымданып келді. Науқас сырқатты алдында ауырған тұмаумен байланыстырады. Қабылданған кезде сол көздің көру өткірлігі - 0,1, ал оң көздікі -0,1. Оң көздің көру өткірлігі түзетілмейді. Көз түбі көрінерлік патологиясыз. Оптикалық орталар мөлдір. Оң көзде қызыл және ақ түске көру алаңдарының концентрлі тарылуы бар. Көз аурулар емханасында жасалған мұрынның қосымша қойнауларының алдыңғы рентгенограммасында оң жоғарғы жақ және маңдай қойнауларындағы шырышты қабаттың жуандауы көрінеді. Оң жоғарғы жақ қойнауында сұйықтық деңгейі анықталды. Торлы лабиринттің оң жағынан күңгірттенуі көрінеді.

Науқасқа қандай қосымша зерттеулер көрсетілген? Диагнозы қандай? Науқастың негізгі шағымдары қандай қойнаудың зақымдалуымен байланысты? Емдеу тактикасы қандай?

======================================================

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]