Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-292 (1).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
173.7 Кб
Скачать

Тапсырма №267

(Көмей аурулары)

.13жастағы қыз бала ,тыныс алудың қиындауына,ентігуге,әр кезде пайда болатын жөтелге шағымданып ЛОР емханасына келіп түсті.Анамнезінен белгілі болғандай,1апта бұрын көшеде жаңғақ жеп келе жатқанында,күтпеген жерден арқасынан итеріп жіберген,лезде жөтел және қысқа уақытқа созылған тыныс алудың қиындауы пайда болған.Кейін тыныс алу қалпына келген,жөтел азайған,бірақ жөтелгенде тамағына бөгде заттың тірелетінін,ал дем алғанда қайтадан төмен түсетінін байқаған.4күннен кейін бұл басылған,әлсіздік және қайталама жөтел пайда болған.ЛОР-мүшелердің патологиялық өзгерістері анықталмаған.Рентгенологиялық тексеруде оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің ателектазы көрінді.

Диагнозы қандай?Дәрігер тактикасы қандай?

===============================================

Тапсырма №268

(Көмей аурулары)

4жастағы бала күтпеген жерден ауырып қалды.Күрт жұтынудың және тыныс алудың қиындауы (инспираторлы ентігу) пайда болған.Тыныс алуы шулы,ысқырықты.Даусының тембрі керең болып өзгерген. Температурасы 400С-қа дейін жоғарлаған.Жұтынуы қиын,гиперсаливация.Қан сараптамасында:лейкоциттер 9,8*109/л,нейтрофильды жылжу солға,сәйкесінше лимфоцитопения. Зәр сараптамасында:белок іздері барТура емес ларингоскопия:бөбешік мөлшері өзгерген,ісінген, ашық-қызғылт түсті,көмейдің кіреберісін жауып жатыр.

Диагнозы қандай?Дәрігердің тактикасы қандай?

Тапсырма №269.

(Көмей аурулары)

Көмейдің қатерлі ісігінің 4кезеңіндегі, 65жастағы науқасқа, көмейдің созылмалы стенозына қатысты,3-інші және 4-інші сақиналардың арасындағы кеңірдекті көлденеңінен кесу арқылы трахеостома қойылған.Келесі күні науқаста жөтел күшейгенін,ал трахеостома арқылы аз мөлшерде сұйық тамақтың бөлініп жатқанын анықтаған.

Трахеостомияны жасау барысындақандай қателік жіберілді?Осы жағдайда қандай шаралар қолданылуы керек?

========================================================

Тапсырма №270

(Көмей аурулары)

.Науқас 40 жаста,көмейдің жедел стенозына байланысты төменгі трахеостомия жасалған.4сағат өткен соң канюля арқылы тыныс алу қиындады,мойнында теріастылық эмфизема өсіп барады.Жараның ревизиясында канюля көмейдің саңылауынан шығып кетіп,жұмсақ тіндерде орналасқаны анықталды;дәл осы канюляны қайтадан қолдану мүмкін емес,себебі ол жұмсақ тіндердің эмфиземасы түрінде қысқарып қалған.

Дәрігердің тактикасы қандай?

Тапсырма №271

(Көмей аурулары)

.Науқас 48жаста,даусының қарлығуына,физикалық жүктемеден кейін тыныс алудың қиындауына шағымданады.Айтылып кеткен шағымдар 2жыл бұрынғы жасалған струмэктомия операциясынан кейін пайда болған. Тура емес ларингоскопияда:өзгермеген дауыс қатпарларының қозғалысының шектелгені анықталды.Дауыс қатпарының екеуі де парамедиальды жағдайда.

Диагнозы қандай?Дәрігердің тактикасы қандай?

==================================================

Тапсырма №272.

(Көмей аурулары)

Жедел дамыған көмей баспасына байланысты науқасқа төменгі трахеостомия жасалған.Жара кеңірдекке канюля енгізілгеннен кейін қабат-қабатымен тігілген.Операциядан кейін 3сағаттан соңкезекші дәрігер науқастың палатасына шақырылды.Дәрігер науқаста мойнының жұмсақ тіндерінің және кеудесінің алдыңғы бетінің ұлғайғандығын анықтады.Палпациялағанда айтылған аймақта тері астында крепитация анықталды.

Жергілікті жерде қандай асқыну болған?Үрдістің таралуын нақтылау үшін қандай қосымша тексеру жүргізу керек?Дәрігер шұғыл түрде қандай шара қолдануы керек?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]