Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-292 (1).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
173.7 Кб
Скачать

Тапсырма №258

(Көмей аурулары)

Науқас 22жаста,қарлығуға шағымданып келді.2ай көлемінде ауырған.Аурудың басында қарлығу тек жұмыс күнінің соңында басталған,бірақ соңғы 3апта ішінде тұрақты болған.Қабынуға қарсы ем(негіздік-май ингаляциялары,Авитаминінің майлы ерітіндісін көмейге құю)еш нәтиже бермеген. Ларингоскопия:көмейдің кіреберіс бөлігі өзгеріссіз.Оң жақ дауыс қатпарының алдыңғы бөлігінде майда төмпешікті,алқызыл түсті ,жіңішке аяғымен қатпарға бекіген түзіліс,сыртқы пішіні бойынша тұт жемісне ұқсайды..Көмейдің қозғалысы бұзылмаған,жергілікті лимфа түйіндері ұлғаймаған.Дауыс саңылауы тарылмаған.Басқа жүйелер мен ағзаларда патологиялық өзгерістер анықталмаған

Болжамды диагноз қандай?Науқасты қалай емдеу керек?

Тапсырма №259

(Көмей аурулары)

.Науқас 47жаста,жарты жылдан бері мазалап журген қарлығуға шағымданды.Бұл темекі шеккенге байланысты деп ойлаған,алайда 3ай бұрын темекі шегуін қойса да қарлығу басылмаған. Обьективті:жұтқыншақ қуысында патологиялық өзгеріс жоқ. Ларингоскопия:оң жақ дауыс қатпарында төмпешіктік инфильтрат,қатпардың қозғалысы айқын шектелген.Дауыс саңылауы тыныс алуға жеткілікті кең.Басқа ағзаларда патологиялық өзгерістер анықталмаған

Болжамды диагнозы қандай?Қандай қосымша тексерулер қажет?Науқасты қалай емдеу керек?

==================================================

Тапсырма №260

(Көмей аурулары)

.Науқас 45жаста,соңғы 2ай даусының қарлығуына шағымданады.Жұтынғанда ауру сезімі жоқ.2апта бойына жүргізілген қабынуға қарсы ем(ингаляция,шаю,антибиотиктерді көмейге құю)нәтиже бермеді.Ларингоскопия: гиперемияланған сол жақ дауыс қатпарының алдыңғы үштен екі бөлігінің бос жиегінде майда төмпешікті түзілім орналасқан.Көмейдің сол жақ жартысының қозғалысы аздап шектелген,ал оң жақ жартысы өзгермеген.Дауыс саңылауы дем алуға жеткілікті.Жергілікті лимфа түйіндері өзгермеген.

Болжамды диагнозы қандай?Қандай қосымша тексеру тәсілдері керек?

Тапсырма №261.

(Көмей аурулары)

Науқас 42жаста,мойын аймағындағы ауру сезіміне,табиғи жолдар арқылы тыныс алудың жоқтығына,афонияға шағымданды.6 ай бұрын науқас қарлығудың пайда болғанын байқаған,дәрігерге қаралмаған,ем қабылдамаған.Қарлығу біртіндеп күшейген,жұтынғанда ауру сезімі,тыныс алудың қиындауы пайда болды.1ай бұрын тыныс алудың күрт қатты қиындауына байланысты,трахеотомия жасалған. Ларингоскопия:үлкен түйіршікті инфильтрат көмейдің оң жағын,алдыңғы комиссураны алып жатыр,және көмейдің сол жақ жартысына жалғасады.Инфильтрат көмейдің саңылауын толығымен бітеген,дауыс саңылауы көрінбейді.Көмейдің екі жартысы да қозғалыссыз.Ожау тәрізді қатпардың шырышты қабығының және бөбешіктің тілдік бетінің ісінуі. Сырттай қарап тексергенде:қалқанша тәрізді шеміршектің екі қырлы бұрышы айқара ашылған,шеміршек тілігінің үстінде инфильтрация анықталды.Шамалы айқын перифокальды қабынулық трахеостома.Кеңірдектің артқы қабырғасының шырышты қабығы бозғылт.Кеуде клекасының рентгенографиясы өзгеріссіз.Вассерман реакциясы теріс.

Диагнозы қандай?Науқасты қалай емдеу керек?

=================================================

Тапсырма №262.

(Көмей аурулары)

Науқас 63 жаста,тыныс алудың қиындауына,жұтынғанда тамақтағы ауру сезіміне,жұтқыншақтағы жыбырлауға шағымданып,оториноларингологқа келді.Ауырып жүргеніне 5жылдай болған.Алғашында тамақтың ауыруы мен жыбырлатуы кейде ғана болған,ал соңғы 3айда оған тыныс алудың қиындауы және жұтынғанда тамақтағы ауру сезімінің сол құлаққа берілуі қосылған.Обьективті:көмейде-сол жақ қарыншалық және дауыс қатпарларын алып жатқан, алдыңғы комиссура арқылы оң жақ дауыс қатпарына өтетін, төмпешіктік түзіліс.Көмейдің сол жақ жартысының қозғалысы шектелген,ожау-көмейүсті қатпар ісінген.Дауыс саңылауы айқын тарылған.Жүргенде ентігу пайда болады, бұғана үсті және мойындырық шұңқырының тартылуы байқалады.Мойынның лимфа түйіндері ұлғаймаған.

Болжамды диагнозы қандай?Қандай зерттеулер жүргізу қажет?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]