Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-292 (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
173.7 Кб
Скачать

Тапсырма №234

(Жұтқыншақ аурулары)

Науқас 27 жаста, жұтыну кезінде тамақтың сол жағындағы шамалы ауру сезіміне, ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуына, сол жақ жақасты аймағындағы ауру сезіміне, бес күн бойы субфебрильді дене қызуына шағымданады.

Фарингоскопия кезінде борпылдақ пленкалы қақтар, сол жақ таңдай бадамшаларының жаралануы анықталған. Қақты шпательмен алған кезде сары-сұр түсті қырлары шектелген жара көрінеді. Қан анализінде айқын анемиямен қатар нейтрофильді лейкоцитоз (12*109 / л).

Қандай диагностикалық ем жүргізілу керек?

Тапсырма №235

(Жұтқыншақ аурулары)

Науқас 24 жаста, тонзиллогенді сепсис диагнозымен түскен. Қарау кезінде диагноз расталды.

Қандай емдеу тәсіл көрсетілген-хирургиялық немесе консервативті ма? Тонзиллогенді сепсистің қазіргі кезеңде Қандай емдеу әдкезеістері белгілі?

===================================================

Тапсырма №236

(Жұтқыншақ аурулары)

Емханаға 60 жастағы “жұтқыншақ маңы абсцессі” диагнозымен, ауыр жағдайдағы науқас түсті.

Қабыну үрдісінің таралуын бағалау әдістерін атаңыз? Осы операция қалай аталады? Уақытында операция жасалмаса қандай асқыну туындауы мүмкін?

Тапсырма №237

(Жұтқыншақ аурулары)

39 жастағы науқаста мойынның алдыңғы бетінде, тіл астылық сүйектің аймағында біртіндеп шектелген инфильтрация пайда болған. Инфильтрация аймағында қабыну белгілері болмағандықтан, ал оның белсенді ығысуы тіл асты сүйегінің орнын өзгерткендіктен, мойынның орта кистасы жайлы болжамдар айтылды.

Жалпы жансыздандырумен көлденеңінен кескенде кистаның беті жалаңаштанған және алынып тасталынды.

Бір айдан кейін науқасты қарағанда операциядан кейінгі жылтыр тыртық анықталды. Тыртық астында дөігелек пішінді, эластикалық, шамалы ұлғайған көлемді түзіліс пальпирленеді.

Операциядан кейінгі туындаған жағдайда немен түсіндіруге болады? Мойынның орта кистасының патогенезі? Операция кезінде қандай қателіктер жіберілген?

==========================================================

Тапсырма №238.

(Жұтқыншақ аурулары)

Науқаста 27жасында мойынның орташа кистасы анықталып,хирургиялық жолмен емдеуге шешім қабылданған.Операция жергілікті жансыздандырумен жүргізілген.Жаңа түзілістің негізіне анестетик ерітіндісін енгізген уақытта,науқас жарақат аймағындағы интенсивті ауру сезіміне шағымданды.Операция жалғаса берген,бес минут өткен соң,науқаста ентігу дамыды,ол кейін тұншығуға жалғасты,акроцианоз пайда болды.

Асқыну немен байланысты?Осы жағдайда хирург шұғыл түрде қандай шара жүргізу керек?

Тапсырма №239.

(Жұтқыншақ аурулары)

Науқас 17жаста,қайталама тамшылап сұйықтық ағып тұратын,мойынның бүйірлік бетіндегі нүктелік саңылауға шағымданады.Қарап тексергенде сол жақ бұлшықетінің ішкі жиегінің орта деңгейінде жыланкөздік саңылау анықталды.Саңылауға 2мм-дей зонд қиындықпен енгізілген.Палпациялағанда бұлшықетіне параллель жоғары кететін тығыз түзіліс анықталды.Вальсальва сынамасы бойынша түзілістің жолы қапшық түрінде шығыңқы болып келген,оны басқанда мойындағы жыланкөздік саңылаудан және сол жақ бадамша үсті шұңқырдан шырыш бөлінеді.

Диагнозын қойыңыз?

=====================================================

Тапсырма №240.

(Көмей аурулары)

Науқас 7-жаста,3-жасында каустикалық соданың қойылтылған ерiтiндiсiн ішкен.Сол уақытта ешқандай емдеу шаралары жүргізілмеген және осы уақытқа дейін өзін жақсы сезінген.4күн бұрын науқас қуырылған майдың шақпағын жеп,содан бастап мүлде ештене ішіп,жемеген.Бала жүдеген , терi асты май қабаты әлсіз бейнеленген ,тілі құрғақ.Жүрісі қиын,үнемі су сұрайды,бірақ суды құстыратын қозғалыстармен дереу сыртқа шығарып тастайды.Жұтқыншақ пен көмейде анық өзгерістер жоқ.

Қандай ауру жайында ойлауға болады?Қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?Дәрігер тактикасы?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]