Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-292 (1).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
173.7 Кб
Скачать

Тапсырма №228

(Жұтқыншақ аурулары)

Науқас баспамен ауырғандықтан терапевт дәрігерде амбулаторлы емделіп жүр. Жүргізіліп жатқан еміне қарамастан, науқастың жағдайы прогрессивті нашарлап барады.Науқас жоғары қызбаға, жалпы әлсіздікке, бас ауруына, қалтырауға, тершеңдікке, ұйқысыздыққа шағымданады.

Тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттар бозарған, бауыр, көкбауыр және жақасты лимфа түйіндері ұлғайған.

Фарингоскопия кезінде: катаральді баспа көрінісімен бірге шырышты қабат ісінуі байқалады. Қан анализі: лейкоцитоз 112*109 ̸л, миелобласттар,лимфобласттар, гемоцитобласттар мөлшері көп; эритроциттер 1,5*1012 ̸л , гемоглобин 33г ̸ л, түстік көрсеткіш 1; ЭТЖ 20 мм ̸ сағ.

Диагнозы қандай?Науқасты емдеу және зерттеу ерекшеліктері?

Тапсырма №229

(Жұтқыншақ аурулары)

Науқас 17 жаста, сол жақты артқы абсцессті амбулаторлы емдеген. Абсцесс 15 күн бұрын ашылып, қабынуға қарсы ем жүргізілуде. Қазіргі кезде қалтырау, тыныс алудың қиындауы, тамақтағы интенсивті ауру сезімі, дауыс тембрінің өзгеруі, дене қызуының 39,4̊ C- қа дейін көтерілуі. Жұтқыншақты қарау кезінде ерекше өзгерістер байқалмаған, бірақ ларингоскопия жүргізгенде: жұтқыншақтың кіреберісіндегі жұмсақ тіндердің ісінуі мен дауыс саңылауының тарылуы анықталған.

Диагнозы қандай? Емі?

=========================================================================

Тапсырма №230

(Жұтқыншақ аурулары)

Науқас 19 жаста, ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуына шағымданады. Жұтқыншақта ауру сезімі байқамайды.

Қарау кезінде таңдай бадамшаларының жаралануы, оң жағынан фибринозды жабынды қаптайды.

Бұл ауруды лабораторлы диагностикасының қандай түрлері белгілі? Аталған ауруды немен дифференцирлеуге болады?

Тапсырма №231

(Жұтқыншақ аурулары)

18 жасар науқаста сол жақтық алдыңғы паратонзиллярлы абсцесс анықталған. Көлемі ұлғайған және қабынулық өзгерістері бар тіндер төменгі жетінші және сегізінші тістерді жауып тұрады. Абсцессті ашқан кезде, ішінен қаймақ тәрізді шірікті иісті ірің алынған.Ашылған абсцессті күнде-күнде антибиотик ерітінділерімен шайған, бірақ инфильтрацияланған тіндер мен іріңнің көлемі азаймаған.

Аталған клиникалық зерттеуде қандай диагностикалық және емдік қателіктер жіберілген?

===================================================

Тапсырма №232

(Жұтқыншақ аурулары)

18 жасар науқаста сол жақтың шырышты қабатының ісіну элементтері бар артқы паратонзиллит анықталған. Паратонзиллярлы кеңістікті диагностикалық ашқан кезде ішінен қан аралас сұйықтық алынған. Үш сағаттан кейін көмей-жұтқыншақтың ожау-көмейлік аймағының шырышты қабатының айқын ісінуі пайда болғаны байқалады.

Қандай аурудың асқыну қаупі туған? Шұғыл түрде қандай шаралар қолдану керек?

Тапсырма №233

(Жұтқыншақ аурулары)

Тонзиллэктомия жасалғаннан кейін науқаста оң жақ бадамшаның төменгі полюсін кескенде көлемді қан кетулер дамыды. Қан кетуді тампонмен тоқтатқанмен, қан тоқтамаған. Қан кету қарқынды.

Хирург алдағы іс әрекетінің реті қандай болу керек?

======================================================

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]