Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-292 (1).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
173.7 Кб
Скачать

Тапсырма №218

(Жұтқыншақ аурулары)

15 жасар науқаста таңдайлық және жұтқыншақтық бадамшалар алты жыл бұрын алынып тастанған. Қазіргі ауру жедел дамыған, дәрігерге қаралудан бір күн бұрын. Жұтқыншақтағы өте қатты ауру сезіміне, жалпы әлсіздікке, дене қызуының 37,8̊ C-қа дейін жоғарылауы на шағымданады.

Фарингоскопия кезінде жұтқыншақтың артқы қабырғысында айқын қызыл екі білік анықталды. Біліктер артқы доғалардың артында және оларға параллель орналасқан.

Диагнозы қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

Тапсырма №219

(Жұтқыншақ аурулары)

6 жастағы бала ЛОР кабинетінде біріншілік амбулаторлы қарауда отыр. Анасының айтуы бойынша, баланың ауырғанына екі күн болды. Жалпы әлсіздікке, басының ауруына, тәбеті мен ұйқысының нашарлауы, жұтқыншақтағы ауру сезіміне шағымданады.

Фарингоскопия кезінде ауыз-жұтқыншақ шырышты қабатында әлсіз гиперемия, таңдай бадамшаларында сұр қақтың бары анықталған. Басқа ЛОР ағзаларында өзгерістер жоқ. Анамнез жинағанда, бір апта бұрын көршілерде 5 жасар балалары емханаға жатқызылған. Одан кейін медицина қызметкерлері келіп пәтердегі киімдерді әр түрлә иісі бар заттармен өңдегені анықталған.

Диагнозы қандай? Баланы қалай емдеу керек?

===================================================

Тапсырма№ 220

(Жұтқыншақ аурулары)

13 жастағы бала жедел науқастанған: дене қызуы 37,8̊ C-қа дейін көтерілген, жұтынған кездегі ауру сезіміне және жедел мұрынның бітелуіне шағымданады.

Объективті: мұрынның шырышты ұабатының гиперемиясы мен ісінуі, жалпы мұрын жолдарының артқы бөлімдерінде шырышты-іріңді секреттің жиналуы байқалады; жұтқыншақтың ортаңғы бөлігінің гранулалары мен бүйір біліктердің гиперемиясы мен гиперплазиясы, мұрын-жұтқыншақтан шырышты-іріңді бөліністер ағады, жұтқыншақты бадамша ісінген, гиперемирленген. Диагноз қандай? Науқасты қалай емдеу керек? Бұл аурудың қандай асқынулары даму мүмкін?

Тапсырма №221

(Жұтқыншақ аурулары)

Науқас 18 жаста, жұтқыншақтағы ауру сезіміне, таңертен мазалайтын құрғақ жөтелге шағымданады. Тамақ ішкеннен кейін бұл құбылыстар ұзақ уақытқа жойылады.

Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы 37,2̊ C.

Фарингоскопия кезінде жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабатының құрғауы, гранулалардың болуы, бетінде шырышты-іріңді секрет, айқын гиперемия және диффузды ісіну байқалады.

Диагноз қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

=====================================================

Тапсырма №222

(Жұтқыншақ аурулары)

Науқас 19 жаста, бастың қатты ауруына, жұтыну кезіндегі екі құлаққа иррадиацияланатын ауру сезіміне, шеткі мүшелердегі буындардың және белдің ауруына шағымданады. Жедел науқастанды, дене қызуы 39-40̊ C.

Қарау кезінде: мойынның регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған, пальпация кезінде ауырады. Аузын еркін ашады,тілде сұр түсті қақ байқалады, таңдай бадамшалары ұлғайған, гиперемирленген, бадамшалардың шырышты қабатында ақ-сары нүктелер көрінеді.

Диагноз қандай? Науқасты қалай емдеу керек? Асқынған жағдайда ішкі ағзаларда қандай өзгерістер даму мүмкін?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]