Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-292 (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
173.7 Кб
Скачать

Тапсырма №117

( Мұрын аурулары )

Сол жақ жоғарғы жақ қойнауы рентгенограммасында киста тәріздес құрылым анықталды.

Кистаның ішін толтырған кезде ме немесе бояғыш затты қолданған кезде ме дәлірек ақпарат аламыз?

Тапсырма №118.

( Мұрын аурулары )

Жедел сол жақ гаймориттің клиникалық көрінісі бар науқасқа мұрынның қосалқы қойнауларының көлбеу және тік бағыттағы екі рентгенограмма жасалды. Көлбеу бағыттағы суретте жоғарғы жақтың сол жақ қойнауының ортаңғы бөліктер аймағының медиальды қабырғасында ауа көпіршігі сақталған біртекті күңгірттену анықталды. Тік бағыттағы суретте көлбеу деңгейдегі сұйықтық анықталды.

Қойнауда бос сұйықтық бар ма?

==========================================

Тапсырма №119.

( Мұрын аурулары )

Науқасқа 24 сағат аралықпен мұрынның қосымша қойнауларының екі рентгенограммасы жасалды. Бірінші суретте жоғарғы жақтың оң жақ қойнауының шырышты қабатының айқын ісінуі көрінді, ал сол жақ қойнауда өзгерістер байқалмады. Екінші суретте сол жақ қойнаудың шырышты қабатында айқын ісіну көрінеді, ал оң жақта өзгерістер жоқ.

Осындай жедел өзгерістер динамикасы қандай патологиялық үрдіске тән?

Тапсырма №120.

( Мұрын аурулары )

Науқас тұмауратып жүріп дәрігерге көрінбеді, өзін-өзі емдеді. Мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіру үшін 6 апта бойы күніне 3-4 рет мұрын жолдарына нафтизин тамызды, бірақ мұрын бітеліп қала береді.

Мұндай қалыпты немен түсіндіруге болады? Диагнозы қандай? Тиісті ем тағайындаңыз.

===========================================

Тапсырма №121

( Мұрын аурулары )

.

Науқастың шағымдары: мұрынның бітелуі, мұрын жолдарынан су ағу, түшкіру, жасаурау. Дене қызымының көтерілуі, мұрын жолдарынан іріңді бөліністері байқалмайды. Науқас өзін 2 апта бойы ауру деп санайды. Соңғы 4-5 жыл ішінде осындай құбылыстар жылда мамыр – маусым айларында қайталынады.

Объективті: мұрын кеуілжірлері ісінген, шамалы гиперемияланған, мұрын жолдарында сулы бөлінді бар. Көз конъюктивасы гиперемияланған, айқын жасаурау бар.

Диагнозы қандай? Науқасты қалай емдейді?

Тапсырма №122.

( Мұрын аурулары )

43 жасар науқаста мұрын қалқанының алдыңғы бөлімінен жиі қан кетулер болады. 10 %-қ лидакаин ерітіндісімен жергілікті апликационды жансыздандыра отырып қоюлатынған үшхлор сірке су қышқылымен қансырап тұрған аймаққа күйдіру жасалынды. Дәрігер металл зондтпен үшхлор сірке су қышқылына батырылған мақтаны мұрын қалқанының шырышты қабатына басты. Осы кезде дәрігер фиброзды қақтың пайда болып, ауданының үлкейіп, мұрын қуысының басқа бөліктеріне таралуын аңғарды. Науқасқа бір аптадан кейін тексерілуге ұсынылды. Бір аптадан кейінгі риноскопияда жұмсақ таңдайдың саңылау-сызықты ақауы мен сол жақ мұрын қуысында синехийдің қалыптасу салдарынан облитерация пайда болды.

Күйдіру технкасында қандай дөрекі қателік жіберілді? Күйдіруден кейінгі науқасты алып жүрудегі қателік қандай?

================================================

Тапсырма №123.

( Мұрын аурулары )

45 жасар науқас көшеде тайғанап құлады. Қарап тексергенде мұрын сынығы анықталды, рентгенограммада сол жоғарғы жақ қойнауының түбегейлі қарауытуы көрінеді.

Науқасты емдеудің жоспары қандай?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]