Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-292 (1).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
173.7 Кб
Скачать

Тапсырма №90

( Мұрын аурулары )

14жастағы науқас оң жақ маңдай аймағындағы ауырсынуға, мұрын бітелуіне, қызбасы 38,5°С дейін көтерілуіне шағымданды. Бұл симптомдар гриппен ауырғаннан кейін төрт күннен кейін пайда болған.

Объективті: мұрын қуысының шырышты қабаты қызарған, ісінген, орта және төменгі мұрын жолдарында қаймақ тәрізді ірің байқалады.Оң жақ қас асты аймағын пальпациясында ауырсыну бар. Мұрын маңы қойнауы рентгенограммасында оң жақ маңдай қойнауында көлеңке горизонтальді бағытта сұйықтық деңгейдегі оң жақтағы жоғарғы жақ қойнауының қабырғасының астында перде анықталды.

Диагноыз қандай? Науқасты қалай емдейміз?

==========================================================

Тапсырма №91

( Мұрын аурулары )

Науқас бас ауруымен, қызбасының көтерілуімен, жалпы жағдайының нашарлауымен көрініс беретін оң жақ мұрын қуысынан көп мөлшерде бөлінді бөлінген тұмауға шағымданды.Оң жақ мұрнымен тыныс алу тұрақты түрде қиындаған. Озін төрт жыл сырқат деп есептейді.

Объективті: мұрын қуысының шырышты қабаты қызарған, ісінген. Оң жақ бөлік орта және жоғарғы мұрын жолдарынан келіп жатқан дөңес пішінді ісікті құрылыммен толған.Оң жақтағы жоғарғы жақ қойнауын пальпациялағанда ауырсыну сезімі бар. Оң жақпен тыныс алу қиындаған. Басқа ағзалар патологиясыз.

Қандай диагноз болжаймыз? Қандай қосымша зеріттеулер қажет?

Тапсырма №92

( Мұрын аурулары )

Науқас оң жақтағы тұрақты тұмауға, мұрын бітелуіне, оң жақ маңдай бөлігіндегі ауырсынуға шағымданды. Бұл симптомдар шамамен бір жыл бұрын аяқтарындағы грипп сырқатынан кейін пайда болған.

Объективті:екі жақтан да төменгі және орта мұрын кеуілжірлерінің улкеюі, орта мұрын жолында-полип және аз мөлшерде іріңді бөлініс бар.

Қандай диагноз болжаймыз?Диагнозды дәлелдеу үшін қандай қосымша зеріттеулер қажет? Науқасты қалай емдейміз?

=========================================================

Тапсырма №93

( Мұрын аурулары )

34жастағы науқас сол жақ мұрнынан іріңді бөлініске, мұрынмен тыныс алудың қиындауына, субфебрильді қызбаға шағымданды. Сонғы он жылда тұмау жиі және ұзақ уақыт мазалап жүр. Үш жыл бұрын асқыну кезінде бірінші рет мұрынның қосалқы қойнауының қабынуы деген диагноз қойылды. Риноскопия кезінде мұрын қуысының шырышты қабаты қызарған, ісінген, сол жақ төменгі және орта мұрын кеуілжірлерінің гипертрофиясы,сол жақ төменгі және орта мұрын жолдарында іріңді бөлініс.Сол жақтағы жоғарғы жақ қойнауының проекциясы аймағын пальпациялағанда ауырсыну бар. Сол жақ мұрын тынысы қиындаған.Іріңді бөлініс жұтқыншақтың артқы қабырғасы арқылы ағады. Мұрын маңайы қойнауының рентгенограммасында сол жақтағы жоғарғы жақ қойнауында қарқынды көлеңке.

Қандай диагноз ?Диагнозды дәлелдеу үшін қандай қосымша зеріттеулер қажет? Науқасты қалай емдеймі

Тапсырма №94

( Мұрын аурулары )

33жастағы науқас кенеттен пайда болған шырышты сулы іріңді мұрын бітелу ұстамасына, бас ауруына, жөтелге, тітіркенуе, тершеңдікке шағымданды. Шамамен үш жыл сырқат.

Риноскопия: мұрын кеуілжірлерінің шырышты қабаты ісінген, көкшілтім, кей жерлерде сұр және ақ дақтар көрінеді.3% эфедлин ерітіндісімен сүрткеннен кейін мұрын кеуілжірлерінің көлемі бірден кішірейді.

Диагноз қандай?Емдеу мақсаты қандай?

========================================================

Тапсырма №95

( Мұрын аурулары )

Науқас маңдай аймағындағы бас ауруына, мұрынның сол жақ бөлігінен іріңді бөліндіге, мұрынмен тынысы қиындауына, қызбасы 37,5°С дейін көтерілуіне шағымданды.ең алғаш бұл симптомдар алты жыл бұрын аяғындағы респираторлы аурудан кейін пайда болған. Жедел синусит деп диагноз қойылған .

Объективті: мұрын қуысының шырышты қабаты қызарған, ісінген, мұрын кеуілжірлері үлкейген, сол жақ көбірек, сол жақ орта тыныс жолында полип және іріңді бөлінді.Сол жақтан қас асты аймақтың пальпациясынында ауырсыну бар. Сол жақтан көбірек мұрынмен тыныс алу әлсірген, жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабаты қызарған. . Мұрын маңайы қойнауының рентгенограммасында сол жақтағы жоғарғы жақ қойнауында гомогенді көлеңке.

Диагноз қандай?Дәрігер тактикасы қандай?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]