Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-292 (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
173.7 Кб
Скачать

Тапсырма№1

( Құлақ аурулары)

Науқас бұдан екі кун бұрын бокспен айналысқан уақытында қулақ қабыршағының төңірегін зақымдап алды. Сол құлақ ішінің ауруына, ісіктің пайда болуына шағым білдіреді.

Обьективті: қолмен басып қарау кезінде флуктуирлейтін, алдыңғы бетінде сол құлақ ішінің үштен бір бөлігі шамалы ауырады екендігін хабарлады. Және дөңгелек пішіндегі кішкентай көкшіл сұр қылзғылт түстес ісік анықталды. Қалған ЛОР ағзалары патологиялық өзгеріссіз.

Диагнозы қандай? Науқасты калай емдеу керек?

===============================================

Тапсырма№2

( Құлақ аурулары)

Науқас бес кун бурын өткір затпен манипуляция кезінде абайсызда есту тутігінің акустикалық терісін тесіп алды.

Обьективті: инфильтрация есебінен оң құлақ іші улкейген, жұмсақ тінінің терілік жабындылары шамалы гиперемирленген. Құлақ ішін ұстап көру кезінде ауырсыну белгісі жоқ. Құлақ сырғалығы өзгеріссіз. Есту тутігі сыртқы бөлігінде қатты тығыздалған. Жарғақтың көрініп тұрған бөліктері ерекшеліксіз.

Диагнозы қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

Тапсырм №3

( Құлақ аурулары)

Науқас құлақ ішіндегі ыстықты сезінуіне, қыжылдауға, дене температурасының көтерілуіне, қалтырауына, бас ауруына, шағымданады. Бір апта бұрын құлақ қалқанын шпилкамен зақымдаған. Содан кейін бірнеше күн бойы зақымданған орыны ауырды. Екі күн бұрын ауру одан сайын күшейіп, құлақ қалқанына дейін дамыған, құлақ қалқаны үлкейіп, терісі қызыл күрең түске өзгерген.

Обьективті: Дене температурасы 38,5 С, жалпы күйі қанағаттанарлық.

Оттоскопиялық: Қатты гиперемирленген құлақ қалқанының терісі инфильтрацияланған, құлақ жанына жайылған. Зақымданған бөлігі сау терімен шектелген. Есту түтігінің сыртқы бөлігіндегі терісі гиперемирленген, бірнешесі инфильтирленген құлақ жарғағы өзгеріссіз.

Диагнозы қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

===================================================

Тапсырма №4

( Құлақ аурулары)

Науқас шайнау кезінде оң құлақтың, самайдың, еңбектің иррадицирленген қатты ауруына және температурасының 37.4 С шағымданады.

Обьективті: Оң құлақтың қалқаны кәдімгі кескінді. Бастапқы бөлігінде сыртқы акустикалық өтудің алдыңғы қабырғасында конус тәрізді инфильтрат анықталды. Оның үстінде сары нүкте көрінеді. Есту түтігінің саңылауы қатты тығыздалған. Жарғақты көруге мүмкіндік жоқ. Құлақ қалқанының орналасқан лимфа түйіні үлкейген, қолмен ұстағанда ауырсыну бнлгілері бар. Козилоктың жанын ұстағанда қатты ауырсыну байқалады. Сол құлақ өзгеріссіз. Екі құлағы сыбырды 5 м арақашықтықта естиді.

Диагноыз қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

Тапсырма №5

( Құлақ аурулары)

18 жастағы науқас екі құлақтың ауруына, қышынуына, ыстықты сезінуіне, іріңнің бөлінуіне шағымданады. Естуі төмендеген, температурасы көтерілмеген. Жалпы күйі қанағаттанарлық. Аурудың басталу себебі, осыдан екі апта бұрын науқас шпилкамен есту түтігінен бұлақты кетірген, науқаста жиі құлақтың бітелуі байқалады. Амбулаторлық ем қабылдағанда әсер бермеді, сосын науқасты ауруханаға жатқызды.

Обьективті: Құлақ қалқанының кәдімгі кескіні. Есту түтігінің терісі гиперемирленген, инфильтерленген. Есту түтігінің саңылауы тығыздалған, кілегейлі іріңді бөліндіні алғаннан кейін тек қана тар воронканы енгізуге болады. Дабыл жарғағы сұр түсті, кейбір жерлері түленген, эпедермис қабатымен жабылған. Екі құлақ дыбысты 5м арақашықтықта естиді.

Диагнозы қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

===============================================

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]