
- •1. Жұмыстың мақсаты:
- •2. Расходомердің тағайындалуы. Гр-1 техникалық сипаттамасы:
- •Техникалық сипаттама:
- •4. Расходограмманы талдау
- •Тарировкалық график
- •1. Жұмыстың мақсаты:
- •1. Құралдың негізгі элементтерімен танысу
- •2. Дебитомердің тағайындалуы: гд-1-ң техникалық сипаттамалары.
- •3. Конструкция сипаттамасы және гд-1 аспабының жұмыс істеу принципі
- •4. Дебитограмма көрсеткіштерін талдау
- •5. Зертханалық жұмыстың орындалу тәртібі
- •1 Жұмыстың мақсаты:
- •2. Аспаптың міндеті. Негізгі техникалық керсеткіштері
- •Манометр конструкциясы және жұмыс принципі
- •Прибордың сығылған газбен толтырылуы
- •5. Ұңғымадағы өлшеулерді жүргізу
- •6. Жұмыс бланкісі мағынасының ашылуы
Манометр конструкциясы және жұмыс принципі
ДГМ-4М, ДГМ-4/2 тереңдік диффманометрлер поршенмен бөлінген екі секциядан-жоғарғы және төменгі, тұрады.
Екі секцияда аспап түсірілетін тереңдіктегі қысымға тең, қысыды ауамен немесе азотпен толтырылады. Ұңғыдағы қысымды және температураны алдын-ала әдеттегідей терендік геликсті манометрмен анықтайды.
Аспаптың жоғарғы бөлігінде сағат механизмі 7 орналасқан, айналмалы барабан 9 жүргізуші 8 көмегімен, валдың 0,5-1,5 сағат бос айналуына мүмкіндік береді. (бұл уақыт ішінде манометр сығылған газбен толтырылып, ұңғыға түсіріледі және термотұрақтандырылады).
Жазушы құрал 7 каректкаға бекітілген және қатты тартылған екі жіп бойымен қозғалады. Шток 10, каретка және поршеннің 12 қозғалысы кезінде үйкелісті азайту үшін аспаптың іш жағын авиациялық маймен майлап отырады.
Аспаптың өлшеу шектері өзгеріп кетпес үшін поршенде 12, жазғыш кретканың төменгі жағдайында ашылатын саңлау 11 бар. Мұнда екі камера бір бірімен бірігеді. Жоғарғы шекте клапан- қысымның түсуінен ашылады, ал төменгі шекте трубкаға 13 соғылу нәтижесінде ашылады.
Камералардың бірігуі оларды сығылған ауамен толтыру үшін (поршень жоғарғы жағдайда орналасқан), сонымен қатар манометрді скважинадан көтеру кезінде қысымды түсіру үшін (поршень төменгі жағдайда орналасқан) қажет.
ДГМ-4М манометрін қажетті тереңдікке түсіргенде, қысымды теңестіру нәтижесінде (аспаптың ішіндегі сығылған ауа мен скважинадағы сырқы қысымды) төменгі секцияны скважинамен жалғастыратын төменгі клапан 16 ашылады.
Ж
оғарғы
секция герметикалы, сондықтан скважинадағы
қысымның әрбір өзгерісі поршеннің
қозғалуына себепші болады. Манометрдің
төменгі жағында конус тәрізденіп мұнайға
тұрақты резинадан жасалған клапан 16
орналасқан. Клапанның пружиналары бар.
Төменгі пружина 17 жоғарғы пружинадан
14 күштірек. Осының салдарынан клапан
скважинадағы қысым әсерінен ашылады.
Аспаптың заряд қысымы 0,05 МПа-дан кіші
болғандықтан, ары қарайғы жұмыс істеу
үшін клапан жабылмайды. Аспаптың төменгі
секциясындағы қысым скважинадағы
қысымға тең болады.
Сөйтіп дифманометр скважинадағы қысымның жоғарылауына да төмендеуіне де реагировать ете алады.
Сурет 3.1- – ДГМ-4М диференциалдық манометрі
1-сым; 2-тығын; 3-манометр корпусы; 4-жоғарғы клапан; 5-клапан; 6-сығымдаушы гайка; 7-сағат механизмі; 8-жүргізуші; 9-барабан; 10-шток; 11-клапан; 12-поршень; 13-өткізгіш трубка; 14-серіппе; 15-клапан; 16-төменгі клапан; 17-клапанның төменгі серіппесі.
Скважинадағы қысым жоғарылаған кезде, тығындалған поршень 12 жоғары көтеріледі, ал жазғыш қауырсын сағат механизмі 7 айналдыратын, барабанға 9 орналастырылған бланкіге қысымның өзгерісін тіркейді. Скважинадан манометрді жоғарыға көтерген кезде, манометр сығылған газдан біртіндеп босатылады. Жер бетіне көтерген кезде екі секциядағы қысым атмосфералық қысымға тең болады.
Дифференциалды манометрдің жұмыс істеу принципі екі секциядағы қысымның төмендеуіне негізделген.
Аспап скважинаға диаметрі 4,6 - 2,2мм сым лубрикатор арқылы түсіріледі.