Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТ УКАЗ.Лаб новый 1.бөлім.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать

4. Расходограмманы талдау

Сурет 1.3- расходограмма берілген. Ол айдау ұңғысын зерттеуден кейін алынған.

Расходограммада: t1 – расходомерді ұңғыға түсіргеннен уақыт релесінің жұмыс істеуіне дейінгі уақыт.

t2, t3, t4 – 1, 2, 3 қабаттардағы «жұтылуды» жазу уақыты

h1, h2, h3 – қабаттардың тіктігі

Сурет 1.4 графигі бойынша әр қабаттың кеуектілігін анықтаймыз.

h1 – Q1 м3/с

h2 – Q2 м3/с

h3 – Q3 м3/с сәйкес келеді

Өлшеу құрылғысы. Оның корпусы өлшеу цилиндірінен - 12 тұрады. Корпус іші жылжымалы жабдықтар орналасқан (қалытқы - 14 жазушы қалам-6, штанга-11). Қалытқыны 0-дік қалыпта ұстау үшін пружина-9 жалғанған. Өлшеу құрылысына ағыс бағыттаушы аппараты жалғанған.

Ағыс бағыттаушы аппарат. Зонт пакерден тұрады. Зонт 12 қолдан жасалған жапырақтар -19 және оны болатты пластинаға қатайту арқылы құбырмен бірге орналастырады. Зонттың әр жапырағы серіппе -16 арқылы алдын-ала бекітіліп сосын серпімді деформация арқылы ашылады. Зонтты жинау алдында барлық жапырақтары ағыс бағыттаушы құбырға-15 жинақталады. Олар өз әсерімен серіппені -16 сығады. Зонт жапырақтары құбыр бойымен орналасады сонымен бірге ұңғыға түсу кезінде бұзылудан сақтандырады. Қабылдау құбырын майлы реленің тіркейтін құбырына жалғайды. Шығын елшегішті ұңғы бойымен тасымалдау үшін оның жапырақтарының аяқ жағын муфтамен-20 бекітіп жауып қояды.

Майлы реле екі ыдыстан тұрады. Жоғарғы -25 маймен толтырылған және төменгі 27 май жинағыштан тұрады. Бұл екі ыдыс өзара ниппел мен капиляр 26 арқылы жалғанып спираль бойыеша орналасады. Капиллярдың ішкі диамтрі-0,3 мм, ұзыдығы-1,5-2м. Реленің жұмыс уақыты түптік қысымы мен түп сұйығына байланысты басталады. Жоғарғы ыдысты тұтқырлы сұйықпен (май) толтырып поршенмен -24 жабады.

Құрылғыны ұңғыға түсірген кезде, ажыратқыш поршень-24 қоршаған ортаның қысымы әсерінен астыға қарай жылжи отырып жоғарғы ыдыстан-25 майды капиляр-26 арқылы, май жинағышқа-27 ығыстырады. Астыға жылжи отырып поршеннің жасырыншеген тізбегі (хвостовик) ұшында қалыңдатылып-23 тілшелердің (собачка)-21 ашады. Тілшелердің сыртқы жағы болатты муфтаның ілінуі арқылы шығады. Алдын-ала сығылған серіппе 18 арқылы муфта астыға атылып бекітілген жапырақтарды ашып болат пластиналы серіппе-16 арқылы ұңғы қабырғаларына бекітеді. Құрылғының жұмысы зонтты пакердін ашылуынан басталады.

Сұйық ағыны зонттың серіппелі он екі жапырағының айналасынан өтіп, пакер ішінен клапан арқылы өтеді. Зонтты пакерден кейін және дейін қысым өзгерісі, пакерден өткен сұйық мөлшерде тура пропорционал. Пайда болған қысым өзгерісі қалытқыға әсер етіп оны астыға түсіреді. Ағынның жартысы әйнектен-13 өтіп, калытқы арасындағы сақиналы саңылаудан -14 өтіп өлшегіш цилиндрге-12 түсіп, ағын бағыттаушы – 17 аппараты арқылы, қалған сұйық ағынымен араласып шығады. Ағынның шығыны, қалытқы түсірген кезде арнайы инемен-5 арқылы картограмма ординатасына сызылады.

Сонымен, шығын өлшегіш аспаптың (расходомер) жұмыс принципі зонтты пакердге дейін және кейінгі қысым өзгерісі, сұйықтың шығымына тура пропорционал болатынына негізделген. Шығын неғұрлым көп болса, соғұрлым зонтты пакерден дейін және кейін қысым өзгерісі көп болады.