
- •1. Жұмыстың мақсаты:
- •2. Расходомердің тағайындалуы. Гр-1 техникалық сипаттамасы:
- •Техникалық сипаттама:
- •4. Расходограмманы талдау
- •Тарировкалық график
- •1. Жұмыстың мақсаты:
- •1. Құралдың негізгі элементтерімен танысу
- •2. Дебитомердің тағайындалуы: гд-1-ң техникалық сипаттамалары.
- •3. Конструкция сипаттамасы және гд-1 аспабының жұмыс істеу принципі
- •4. Дебитограмма көрсеткіштерін талдау
- •5. Зертханалық жұмыстың орындалу тәртібі
- •1 Жұмыстың мақсаты:
- •2. Аспаптың міндеті. Негізгі техникалық керсеткіштері
- •Манометр конструкциясы және жұмыс принципі
- •Прибордың сығылған газбен толтырылуы
- •5. Ұңғымадағы өлшеулерді жүргізу
- •6. Жұмыс бланкісі мағынасының ашылуы
КІРІСПЕ
Мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдаланудың қазіргі заманғы ғылыми технологиясы өнімдік қабаттардың және оларда болатын сұйықтар мен газдардың касиеттерін, сонымен катар, кабаттар мен ұңғымаларда олардың пайдаланылуы кезінде өтетін процестерді жан-жақты және бөлшектеп зерделеуге негізделеді.
Ұңғымаларды зерттеу технологиясы ұңғымаларды пайдалану тәсіліне тәуелді болады. Мұнай ұңғымаларын пайдаланудың тереңділік сорғылық тәсілі біздің елімізде, сонымен қатар, шет елдерде де кең қолданыс тапқан. Бұндай тәсіл кезінде сорғы-компрессорлық құбырлардың ұңғыма ішінде тереңділік сорғылар орналасады, бұл тереңділік аспаптары арқылы өлшеулердің жүргізілуін қиындатады.
2 бөлімнен тұратын берілген жұмыс студенттердің оқу жоспарымен және оқу-әдістемелік кешенімен ескерілген зертханалық жұмыстарын орындауы үшін қажет. Зертханалық жұмыстарға дайындалған кезде ұсынылған әдебиет бойынша сәйкес бөлімді және әдістемелік нұсқаулар бойынша қондырғының сұлбасын оқып-үйрену қажет. Зертханалық жұмыстың қорғалуы зертханалық сабақтары барысында жүзеге асырылады.
№1 Зертханалық жұмыс
Айдау ұңғымаларында қабаттың қабылдағыштығын шығын өлшегіш ГР-1 көмегімен анықтау
1. Жұмыстың мақсаты:
1. Құралдың негізгі элементтерімен танысу.
2. Шығын өлшегіш ГР-1 жұмыс принципін түсіну.
3. Росходограммалар расшифрокасын білу.
2. Расходомердің тағайындалуы. Гр-1 техникалық сипаттамасы:
ГР-1 айдалатын ұңғылардағы қабаттың жұтатын сұйық масштабын анықтау үшін қолданылады. Ұңғыларды зерттеу процесінде тереңдік шығын өлшеуіштері әртүрлі мақсатта қолданылады , олар:
- сұйықтың жұтылу профилін үйрену.
- ашық қимадағы жекелеген аралықтардағы жұтылуларының тиімділіктерін анықтау.
Ашық интервалдағы сұйықтың жұтылу профилін анықтау жұмыс режимі тұрақтандырылған скважиналарда жүргізіледі. Шығын өлшеу дәлдігін арттыру мақсатымен және аспаптың тереңдікте жылжуын дұрыс басу үшін, үздіксіз емес бірте-бірте алдын-ала таңдалған ауыспалы қадам арқылы түсіруін қамтамасыз етеді.
Қадам шамасы әдетте зерттелетін объектілерінің геологиялық ерекшеліктеріне байланысты, ал тиянақты зерттеу негізінде ең аз қадам (30-50м) алынады.
Ашық интервалдағы сұйықтың жұтылу профилін үйрену, геофизикалық зерттеулерді ескере отырып сулануды анықтау және т.б материалдарды ескере отырып, ұңғыларды күрделі жөндеу мен скважинаның түп маңына әсер ету жұмыстарыны жоспарлауға болады.
Берілген зерттеулердің негізінде бүкіл пайдаланатын өнімді қабатты жекелеген кабаттарға бөлу немесе кеніштің бүкіл қалыңдығы бойынша қабаттарында өндіру процесін реттеу сұрақтары шешіледі.
Техникалық сипаттама:
- Диаметрі - 50мм
- Ұзындығы - 2019мм
- Салмағы - 17 кг
- Аспаптың ұңғыдағы жұмыс уақыты - 4 сағ
- Шектері - 80-1100 см / тәу
- Өлшеу қателіктері- 14%
- Температура - 313 К -ге дейін
- Ұңғыдағы қысым 30 МПа ға дейін
3. ГР-1 аспабының конструкциялык сипаттамасы және жұмыс тәртібі
Шығын өлшегіш порциалды аспаптар қатарына жатады. Қалтқы жүйесі пружинаға бекітілген.Судың ағысы пакер аркылы клапан болып табылады, өтеді осының нәтижесінде пакерге дейінгі және пакерден кейінгі қысым өзгерісі пайда болады. Қысым өзгерісі арқылы қалытқы өз орнын өзгертіп картограммада шығынды көрсетеді. Ине арқылы бор жағылған қағазға қысым өзгерісі жазылады.
Шығын өлшегіш үш бөліктен тұрады. Сағат механизмі (аспаптын үстіңгі жағы), өлшеу бөлігі (ортаңғы бөлігі), ағыс бағыттаушы аппарат (прибордың төменгі жағы).
Сағат механизмі приборды скважинаға түсіруге арналған трос кұрылғы басынан 1 тұрады. Құрылғы басының төменгі жағынан сағат механизімінің үстіңгі амортизаторы орналасқан. Құрылғы басын сағатты құбырмен 2 тығыз бұрайды. Сағатты кұбырдың астыңғы бөлігі герметикалық түрде баяулатқыш редуктормен байлынысқан 4. Сағат механизм мен редуктордың өзегін торстық муфта арқылы жалғастырады. Редуктор білігіне барабан 5 бұралады. Барабанды айналдыруға арналған сағат механизмі 2 сағатына бір айналым жасайды. Планетарлық редуктор-4 оның айналуын төрт сағатта бір айналымға дейін төмендетеді. Бұл уақыт кұрылғыны скважинаға түсіріп және мәліметтерді жазып алуға мүмкіндік береді.
1-басы; 2-сағаттық құбыр; 3-сағаттық механизм; 4-планетарлық редуктор; 5- барабан; 6- перо; 7-серіппе; 8-жүрістің шектеуіші: 9-серіппе; 10-аралық серіппе; 11-штанга: 12-өлшеуіш цилиндр: 13-сұйықтың кіруі үшін терезе; 14-қалтқы (поплавок); 15-ағыс бағыттаушы құбыр; 16-жазық серіппелер; 17-шығу тесігі; 18- күшті серіппе; 19- зонт пакерінің күлтелері; 20-ұстап тұрушы болт сақинасы (муфта); 21-шүріппе (собачка); 22-серіппе; 23-поршеньннің ілмегі (арты); 24-бөлу поршені; 25-реленің жоғарғы камерасы; 26-капилляры бар ниппель; 27-май жинаушы
Сурет 1.1- ГР -1 тереңділік аспабы
Өлшеуді қабаттың төменгі бөлігінен бастайды, өйткені шығын өлшегіштің ашық зонтты пакерін тек үстіге көтеруге болады. Жұмыс принципі сурет-1.2
Сурет - 1.2 Сурет - 1.3
Үш қабатымен берілген айдау скважинасы (Сурет-1.2.). Қабаттың сыймдылығы q-мен белгіленеді. Сұйықтың ең көп шығыны 3-ші қабатта және ол мынаған тең ∑q1q2q3 2-ші қабатта сұйык шығыны ∑q1q2. Сұйықтың ең аз шығыны 1-ші кабатта орналасқан және мынаған тең- q1.
Егер шығын өлшегішті 1-ші кабаттың үстіне орналастырсақ қалытқы батады. Егер 2-ші қабаттың үстіне орналастырсақ, сұйық шығымы өседі және мынаған тең болады Q2=q1+q2. 3-ші қабаттың үстіне орналастырсақ сұйық шығыны Q2=q1+q2+q3 диаграммасы (Сурет-1.3).