Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-сем СРСП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
777.73 Кб
Скачать

Студенттердің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмыстары

8-апта

1. Қазақстан спорт әлемінде. Етіс категориясы.

2. Шығысқазақстандық спорт шеберлері. Есімше.

3. Қазақтың ұлттық ойындары. Есімше.

І. «Қазақстан спорт әлемінде» тақырыбына сұхбат құрастырыңыз

ІІ. Мәтінмен жұмыс

Борис Александров - КРСО-ның еңбек сіңірген спорт шебері 1976 жылғы Винсбургтағы ХІІ қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы. Ноганодағы Олимпиада ойындарында хоккейден қазақстандық құрама бесінші орын алды. Бұл үлкен жеңіс. Мұндай зор табыс- хоккеймен көп жыл айналысқан Борис Александровтың еңбегі. Өскемен қаласында хоккейді жақсы

көретін балалар өте көп. Жоғары дәрежелі шебер Борис Александровқа жасөспірімдер қызығып қарайтын. Ол көптеген балалардың хоккейге деген жолын ашты.

  1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

  2. Мәтінге ат қойыңыз.

  3. Бақ материалдарын пайдаланып, мәтінді толықтырыңыз.

ІІІ.

Тоғызқұмалақ

Спорттың түрі көп. Бірі - күшті болуға, екіншісі - жылдамдыққа, үшіншісі - табандылыққа баулиды. Ал тағы бір түрі ойлауға үйретеді. Оларға шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жатады.

Тоғызқұмалақ - қазақ халқының ұлттық ойыны. Бұл ойында сүйек тастары ұяларға тоғыз-тоғыздан түсіп отыруы керек. Тоғызқұмалақ - жылдам есептеуді, тез шешім қабылдауды қажет ететін күрделі ойын. Тоғызқұмалақта бір ойынды жарты күн немесе бір күн ойнайды.

Ұлы ақын Абай тоғызқұмалақ ойынының шебері болған. Ол атақты ойыншыларды шақырып, жиырма-отыз күн бойына сайыс өткізіп отырған. Бұл туралы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» кітабында жақсы жазылған.

Қазір Қазақстанда тоғызқұмалақ ойынынан халықаралық жарыстар өткізіліп тұрады. Әбілда Ақшораев тоғызқұмалақтан алты рет республика чемпионы болған. Ол тоғызқұмалақ спорты бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушы. («Жас Алаш» газетінен)

_______________________

табандылық - упорство

жылдамдық - 1) быстрота; 2) ловкость

сүйек тастар - кости

шешім қабылдау - принять решение

ұя - ячейка

күрделі - сложная

сайыс өткізіп - проводить состязание

жаттықтырушы - тренер

Сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? Оған қатысып көрдіңдер ме?

  2. Тоғызқұмалақ ойынын Абай неге ұнатқан?

  3. Әбілда Ақшораев туралы не білесіңдер?

  4. Тоғызқұмалақ ойнап көрдіңдер ме?

9-апта

1. Келесі суреттегі сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз.

.

2. Жұмбақтарды шешіңіз

1. Көреді бәрін өзгенің,

Көре алмайды өздерін.

2. Біреуі сөйлейді,

Екеуі тыңдайды,

Екеуі қарап тұрады.

3. Ти десем тимейді,

Тиме десем тиеді.

4. Үй ішінде отыз екі батыр,

Кіргендерді отап, турап жатыр

Жаттап алыңыз!

3. Өңкей жақсы қосылса,

Бітіреді кеңесті.

Өңкей жаман қосылса,

Шығарады егесті.

Мәмілемен іс бітер,

Бас қосып қалса көп есті.

Жақсының жолы – жарық күн,

Жаманның жолы – көмескі.

(Майлықожа)