Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-сем практ.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
210.43 Кб
Скачать

1. Қазақстанның танымал сазгерлері, әншілері. Септеуліктер.

2. Қазақстанның өнер қайраткерлері (театр, кино, балет). Үстеу, оның мағыналық түрлері.

3. Қазақстанның танымал суретшілері. Зат есмінің жалғаулары

І. Қазақстанның танымал сазгерлері, әншілері. Септеуліктер.

Тапсырма: «Шәмші Қалдаяқов». Мәтінді мәнерлеп оқып, аударыңыз. Мәтінге 6-7 сұрақ құрастырыңыз. Қазақстанның тағы қандай танымал сазгерлерін, әншілерін білесіздер? Олар туралы қысқаша хабарлама дайындаңыз.

Қазақ халқының танымал сазгері Ш.Қалдаяқов 1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Шәмші Қалдаяқов – қазақтың ұлттық музыка өнерінің ән жанрына зор үлес қосқан сазгер. 1950 жылы Сарыағаштағы Қапыланбек малдәрігерлерлік техникумын бітірген Шәмші 1950 жылдан бастап шығармашылықпен айналысқан. 1955 жылы Ташкенттегі музыка училищесінің музыка теориясы факультетіне (проф. В.В.Великановтың класы бойынша) қабылданды.

Ш.Қалдаяқов – сазгер және Қазақстанның халық әртісі. Шәмші шығармаларының қайсысын алмайық, олардың басты тақырыбы – елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданады. «Ақ ерке – Ақ жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Қарқаралы», «Бақыт құшағында», «Бәрінен де сен сұлу» «Отырардағы той», «Өмір – өзен» т.б. өлеңдерінен кең байтақ жерімізге, елімізге деген ыстық ықылас, мейірім, сүйіспеншілік сезімдері байқалады.

Марш екпінді, мағына-мазмұны терең «Менің Қазақстаным» әні бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің әнұраны болып отыр.

Ш.Қалдаяқовтың көптеген әндері Р.Бағланова, Р.Абдуллин, Б.Төлегенова, Р.Мұсабаев, З.Қойшыбаева т.б. әншілердің репертуарынан берік орын алды. Ш.Қалдаяқов 1965 жылы Республика жастар сыйлығының лауреаты болды. Артына музыкалық мол мұра қалдырған Ш.Қалдаяқов 1992 жылы 29 ақпанда Алматы қаласында қайтыс болды.

Шымкент қаласындағы облыстық филармония мен бір көше, Алматы қаласындағы бір көше, сазгердің туған өлкесі – Шәуілдір ауданындағы музыка мектебі Қалдаяқовтың есімімен аталады. Шымкент филармониясының алдына сазгердің ескерткіші орнатылған. 1992 жылдан бастап жыл сайын сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестивалі өтеді. 2002 жылы «Шәмшіғұмыр» атты естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді.

Тапсырма: Арқылы, туралы, үшін, дейін, бірге, кейін шылауларын қолданып, сазгер, әншілер туралы сөйлемдер құраңыз. Мысалы: Ш.Қалдаяқов махаббат туралы көп ән жазған.

ІІ. Қазақстанның өнер қайраткерлері (театр, кино, балет). Үстеу, оның мағыналық түрлері.

Тапсырма: Мәтінді оқып, аударыңыз. Жоспар құрып, мазмұндаңыз.

Шәкен Айманов

Шәкен Айманов (Шаћкерiм) 1914 жылы 15 ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында Айманбұлақ ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебiн бiтiрiп, Семей мұғалiмдер техникумында оқып жүргенде, 1932 жылы Алматыдағы қазақ драма театрына шақырылады.

Ш.Айманов 1932-33 жылы театрға жұмысқа орналасты. Ол алғашқыда Грамофонов (К.Погодиннiң "Менiң досымымда", Қодар, Керiм ("Абайда"), Алдар Көсе (Ш.Құсайыновтың "Алдар Көсесiнде"), Исатай (I.Жансүгiровтiң "Исатай-Махамбетiнде"), Кассио (У.Шекспирдiң "Отеллосында") рөлдерiн ойнады. Көп ұзамай Тихон, Великанов (А.Островскийдiң "Таланттар мен табынушылар", "Найзағайында"), Шадрин (Погодиннiң "Мылтықты адамында"), Кидд (Б.Лавреновтың "Америка даусында"), Бретт (Дж. Гоу мен А.Дюссоның "Терең тамырларында"), Хлестаков (Н.Гогольдiң "Ревизорында", Казанцев (Әуезовтiң "Түнгi сарынында"), сияқты классикалық рөлдердi сомдады.

Ол қазақ сахнасында романтикалық театр мектебiн қалыптастырды. 1947-51 жылдары Қазақ драма театрының бас режиссерi болды. Аймановтың режиссерлiк стилiнде ұлттық бояу басым едi. 1949 жылы өз инсценировкасымен қойған осы iзденiстер анық көрiнде. 1952 жылы "Абай" спектаклiне КСРО Мемлекеттiк сыйлығы берiлдi.

Ш.Айманов СССР (1959), ҚазССР-ң (1947) халық артисi, 1942 жылдан ҚазССР-ң Еңбек сiңiрген әртiсi.

Айманов ғұмырының соңына дейiн тынымсыз шығармашылық iзденiсте жүрдi. Өнер сапарымен әлемнiң әр қиырында болып, өзi болған ортаның бәрiнде қазақ халқының әнiмен, өнерiмен, дәстүрiмен таныстырудан танбаған. 1953-70 жылдары "Қазақфильм" студиясының көркемдiк жағын басқарып, қазақ кино өнерiнiң өркендеуiне үлес қосты. Айманов қойған "Махаббат туралы аңыз" (1953), "Алдар көсе" (1965), "Атамекен" (1966) фильмдерiнiң бәрiнен де ұлттық бояу сезiледi. Оның соңғы еңбегi "Атаманның ақыры" (1970) фильмi режиссерлiк талантының шарықтау шоқтығы болды.

Каир қаласындағы Азия мен Африка елдерi Халықаралық және Мәскеу қаласында өткен 3-халықаралық кинофестивальдердiң (1963) қазылар алқасы мүшесi болды.

Алматының бiр әсем көшесiне (1972), "Қазақфильм" студиясына (1984) Ш.Аймановтың есiмi берiлген. Ол тұрған үй мен студия ғимаратына (1971 ж. осында мұражай кабинетi ұйымдастырылған) мемориалдық тақта орнатылған. Павлодар қаласында Ш.Айманов есiмiмен аталған көше бар.

Тапсырма: Үстеулермен сөйлемдер құраңыз. Ақшалай, келмейінше, жаңаша, адамша, қолма-қол, бірталай, көзбе-көз, едәуір, бағана, әдейі, босқа, үшеулеп, нағыз.

ІІІ. Қазақстанның танымал суретшілері. Зат есмінің жалғаулары

Тапсырма: 1. Мәтінді мәнерлеп оқып, аударыңыз. Жоспар құрыңыз. Қазақстанның қазіргі кездегі тағы қандай танымал суретшілерін, олардың суреттерін білесіздер?

2. Мәтіндегі тәуелдік, септік формаларда тұрған сөздердің жалғауларын белгілеңіз.