
- •2 Семестр практикалық тақырыпқа арналған тапсырмалар.
- •2. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз
- •3.Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Көсемше
- •Тұмау – грипп
- •1. Мәтінмен танысыңыз. Сөз мәдениеті, тіл мәдениеті
- •Тілдік этикет
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •Кино Өнері
- •Қазақстанның музыка және балет өнері
- •1. Мәтіндегі халық композиторларының аты-жөнін дәптерлеріңізге көшіріп жазып, еңбектері туралы материалдар табыңыз.
- •2. Музыка және балет өнеріндегі қазіргі танымал тұлғалар туралы пікір алмасыңыз.
- •3. Абай атындағы опера және балет театрындағы «Біржан сал» қойылымын көріп, алған әсеріңізді айтып беріңіз.
- •Қазақ театр өнерінің дамуы
- •5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Мәтінді оқыңыз. Мұхтар Әуезов.
- •2. Мәтінді оқыңыз. Мұхтар Шаханов.
- •1. Қазақстанның танымал сазгерлері, әншілері. Септеуліктер.
- •2. Қазақстанның өнер қайраткерлері (театр, кино, балет). Үстеу, оның мағыналық түрлері.
- •3. Қазақстанның танымал суретшілері. Зат есмінің жалғаулары
- •Шәкен Айманов
- •Әбілхан қастеев (1904 – 1973)
- •1. Жатақханада. Көмекші есім
- •2.Студенттер қалашығында
- •3. Телефонмен сөйлесу.
- •Ұлттық мерекелер.
Мәтінді оқыңыз. Мұхтар Әуезов.
Мұхтар 1897 жылы Семей облысының Абай ауданындағы Бөрілі ауылында дүниеге келді.
Қазақ әдебиетінің классигі, заңғар суреткер, біртуар жазушы, драматург, публицист, әдебиеттанушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазақ елінің көркем шежіресін жасап, ХХ ғасырдың үздік шығармалары саналған туындыларын келер ұрпаққа табыстап кетті. Әлем әдебиеті М.Әуезовтың шығармалары арқылы ұлы Абайды таныды, көшпелі қазақ тұрмысы мен мәдениетіне қанықты.
Даналық ойдың алыбы саналған Абай қазақ поэзиясының мұзарт шыңы, мызғымас биігі болса, М.Әуезов - қазақ прозасының хас шебері, рухани құндылығымызды қастерлеген кемеңгері. ХХ ғасыр басында қазақ қоғамына алапат нәубет төнген шақта ұлты үшін бас көтерген Алаш арыстарымен қатар тізе қосып Мұхтар Әуезов те әдебиет майданына келді. Оның әдебиеттегі алғашқы қадамы публицистика жанрында басталып, осы саланың жаңа көкжиектерінің ашылуына өлшеусіз қызмет жасады.
1908-21 ж. Семей кезеңі деп қарастыруға лайық
1908 ж. Немере ағасы Қасымбекпен Семейге келіп, орыс мектебіне түседі
1917 ж. «Еңлік – Кебек» драмасын жазады
1918 ж. «Бірлік» ұйымының ықпалымен Омбыдағы қазақ жастар съезіне Алаш үкіметінің Семейдегі Шығыс бөлімшесінің атынан қатысады
1918 ж. Ж.Аймауытұлымен бірлесе «Абай» ғылыми-шаруашылық журналын ұйымдастырады
1921 ж. Губревком шешімімен «Қазақ тілі» газетінің редколлегия мүшесі
1921 ж. Губерниялық кеңестер съезі шешімімен «Аштарға көмек» комиссиясының төрағасы
1922 ж. Ташкент Орта Азия университетінің ерікті тыңдаушысы
1923-28 ж. Ленинград университеті қоғамдық ғылымдар факультетінде оқыды
*1925 ж. Педагогикалық еңбек пен публицистикалық ізденіске толы жыл
1929 ж. Орта Азия мемлекеттік университетінің түркология кафедрасының аспиранты
1930-40 ж. Шығармашылқ кемелдену тұсы
1930-32 ж. Жала жабылды
1932-34 ж. Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында дәріс оқыды
1940-50 ж. Шеберлік шыңына, кемеңгерлік кемеліне жеткен кезі
*1946 ж. Қазақ ССР Ғылым академиясының толық мүшесі
1942-56 ж. «Абай жолы» роман-эпопеясын жазды
*1959 ж. Лениндік сыйлықпен марапатталды
*1961 ж. Маусымның 27 күні Мәскеу қаласындағы Кунцево ауруханасында көз жұмды
2. Мәтінді оқыңыз. Мұхтар Шаханов.
Шаханов Мұхтар (2.7.1942ж.т, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, трактордың тіркеушісі, 1961-65ж. “Оңтүстік Қазақстан газетінде корректор, әдеби қызметкер. 1965-70ж. Қазіргі «Жас Алаш» газетінің оңтүстік облыстардағы тілшісі. 1970-71ж. Шымкент облыстық комсомол комитетінде сектор меңгерушісі, 1971-76 ж. Қазақстан телерадио хабарларын тарату жөніндегі мемлекет комитетінің аға, бас редакторы, 1976-79ж. Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің бөлім бастығы, 1980- 84ж.қазіргі «Жас Алаш» газеті жанындағы әдеби ұйымның жетекшісі, 1984-93ж. «Жалын» альманахының бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (1986 жылдан), 1993-2003 ж Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше әрі өкілетті елшісі, 2003-2004ж. «Жалын» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасының парламент мәжілісінің депутаты. Алғашқы өлеңі «Сырдария» 1959ж. жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Бақыт» 1966 жарық көрді. «Танакөз (1970 Қазақстан Комсомолы сыйлығы 1972), «Сейхундария» (1974), «Махаббат таңы (1974), «Күретамырды іздеу» (1975 ), «Сенім патшалығы» (1977 ), «Махаббатты қорғау» (1978), «Нарынқұм» трагедиясы (1980), «Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателігі»(1982), т,б поэмалары жарық көрді. «Көкейкесті» (1987), «Ночь воспоминаний о Сократе или суд на шкуре туполобого» ( в соавторстве с Ч. Айтматовым .1998 ), поэзиялық пьесалары театр сахналарында қойылды. «Шыңғыс ханның пенделік құпиясы» драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудьясы екі сериялы телефильм шығарды. «Уақыт бедерлері» (1981 ), «Зерде кітабы» (1984) атты жинақтары орыс тілінде шықты. Шығармалары шет елдерде де жарық көрді. БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы сыйлығы, Қазақстан және Бүкілодақтық Комсомол сыйлығы (1982),Түрік Республикасының Түрік дүниесіне қызметі үшін халықаралық сыйлығы (1999) және Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият» түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр» (1999), ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлық иегері. 2002ж «Жазагер жады космоформуласы» шығармасы үшін Калифорния Ғылым, индустрия, білім және өнер академиясының А. Эйнштейн атындығы алтын медалі, Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығы берілген. «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медальдарымен марапатталған.
13-апта