
- •2 Семестр практикалық тақырыпқа арналған тапсырмалар.
- •2. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз
- •3.Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Көсемше
- •Тұмау – грипп
- •1. Мәтінмен танысыңыз. Сөз мәдениеті, тіл мәдениеті
- •Тілдік этикет
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •Кино Өнері
- •Қазақстанның музыка және балет өнері
- •1. Мәтіндегі халық композиторларының аты-жөнін дәптерлеріңізге көшіріп жазып, еңбектері туралы материалдар табыңыз.
- •2. Музыка және балет өнеріндегі қазіргі танымал тұлғалар туралы пікір алмасыңыз.
- •3. Абай атындағы опера және балет театрындағы «Біржан сал» қойылымын көріп, алған әсеріңізді айтып беріңіз.
- •Қазақ театр өнерінің дамуы
- •5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Мәтінді оқыңыз. Мұхтар Әуезов.
- •2. Мәтінді оқыңыз. Мұхтар Шаханов.
- •1. Қазақстанның танымал сазгерлері, әншілері. Септеуліктер.
- •2. Қазақстанның өнер қайраткерлері (театр, кино, балет). Үстеу, оның мағыналық түрлері.
- •3. Қазақстанның танымал суретшілері. Зат есмінің жалғаулары
- •Шәкен Айманов
- •Әбілхан қастеев (1904 – 1973)
- •1. Жатақханада. Көмекші есім
- •2.Студенттер қалашығында
- •3. Телефонмен сөйлесу.
- •Ұлттық мерекелер.
1. Мәтіндегі халық композиторларының аты-жөнін дәптерлеріңізге көшіріп жазып, еңбектері туралы материалдар табыңыз.
2. Музыка және балет өнеріндегі қазіргі танымал тұлғалар туралы пікір алмасыңыз.
3. Абай атындағы опера және балет театрындағы «Біржан сал» қойылымын көріп, алған әсеріңізді айтып беріңіз.
4. Мәтінді оқып шығыңыз.
Қазақ театр өнерінің дамуы
Қазақстан аумағында алғашқы театрлар XIX ғасырдың екінші жартысында құрыла бастады. Оралдағы көпестердің орыс труппасы (1859), Тараздағы гарнизон әскерлері мен офицерлер труппасы (1887), Семейдегі музыка мен драматургиялық өнер сүюшілер қоғамы (1890) қазақ әуесқой театрының дамуына бастама болды. Бұған XX ғасырдың басында пайда болған татардың көшпелі труппалары өз үлесін қосты.
1910 – 1915 жылдары қазақ өмірінен алынған қысқа драмалық суреттеулер мен сценарийлер жазылды. 1917 жылы М.Әуезов «Еңлік-Кебек» трагедиясының бірінші нұсқасын жазып, кейіннен осы шығарманы бірнеше рет өңдеді. Театрлық процестің жедел дамуы қазан революциясынан кейін ерекше күш алды. 1918-1924 жылдар аралығында Ақмола, Тараз, Көкшетау, Оренбург, Ташкент, Түркістан, Шымкент, Қостанай, Петропавл қалаларында жаңа труппалар құрылып, Ж.Аймауытовтың, М. Әуезовтің, М.Дулатовтың, Е.Ерденовтің, К.Кемеңгеровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің пьесаларын сахнаға шығарды.
Қазақтың кәсіби театр өнері 1926 жылдың 13 қаңтарында Қызылорда қаласындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» қойылымы көрсетілуімен ресми түрде ашылды. Оның директоры және көркемдік жетекшісі Ж.Шанин, әйгілі әртістері мен әншілері Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Қ.Бадыров, И.Байзақов, Қ.Жандарбеков, Ә.Қашаубаев, Қ.Мұңайтпасов, Ғ.Абдуллин қазақ театры өнерінің қалаушылары болып тарихта қалды.
1928 жылы бұл театр Қызылорда қаласынан жаңа астана Алматыға қоныс аударып, театрдың шығармашылық құрамында К.Байсейітова, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ш.Жиенқұлова, У.Тұрдықұлова сияқты өнер майталмандары өнер көрсетсе, ал 30-шы жылдардың ортасында Қ.Қармысов, С.Телғараев, Ә.Үмбетбаев, Р.Қойшыбаевалар қосылды. 1937 жылы театрға «академиялық» атағы берілді.
60-шы-90-шы жылдар қазақ театр тарихындағы шығармашылық ізденістердің жарық кезеңі болып саналады. М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры сахнасында қойылған спектакльдер театрдың алтын қорына енді. Олардың ішінде Катерина ролінде Х. Бөкеева ойнаған А. Островскийдің «Грозасы», Гарпагон ролінде Қ. Қармысов ойнаған Ж. Б. Мольердің «Сараңы», Катарина мен Петруччио рөлдерінде Х. Бөкеева мен Ш. Айманов ойнаған В. Шекспирдің «Асауға тұсауы», Тоғанай рөлінде С. Майқанова ойнаған Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-Анасы», Мольердің ролінде Н. Жантөрин ойнаған М. Булгаковтың «Кабала святошы» басты рольдерде А. Әшімов, Ф. Шәріпова және Ы. Ноғайбаев ойнаған Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен тері» (1973 ж., реж. Ә. Мәмбетов) ерекше орын алады.
Қазақстанның тәуелсіздік алған кезеңінен Астана қаласында 1 опера және балет театры, 8 драма және музыкалық драма театры және 2 қуыршақ театры ашылды.
5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
а) Қазақстандағы қандай театрларды білесіз?
б) Театрдағы қандай қойылымды көрдіңіз?
в) Есіңізде қалған қойылымнан үзінді келтіріңіз.
ІІ. Қазақтың ұлттық аспаптары. Болымсыз етістік.
Қазақ халқының музыка аспаптары: домбыра, қобыз, сыбызғы және т.б.
Домбыраның шанағы үш бұрышты немесе сопақ болып келеді. Оның мойнынан шанағының түбіне тартылған шегі, бұл шекті көтеріп тұратын кішкене ағаш тиегі болады. Мойнына перне байланады. Пернелердің саны әр түрлі: сегіз,он, он бір, он үш болады. Домбыраның шегі қой мен ешкінің ішегінен ширатылып жасалады. Домбыра қазақ арасына кең жайылған, шертіліп ойнатылатын аспап.
Домбыраны шайыры аз қарағайдан жасайды. Тоғыз немесе он төрт пернелі қазақ домбырасы онша үлкен болмаған. Ұзындығы 1 метр. Домбыраның мойны шанағынан 2 есеге жуық ұзын болып келеді. Тұтас ағаштан шабылады. Домбыра екі немесе үш шекті болған. Оның басына ішек бұрайтын екі құлақ, кіші тиек орнатылады. Шанақ бетінің ортасынан әр түрлі дөңгелек не үш бұрышты дыбыс ойығы жасалады. Домбыра шанағының сыртын оюлап, сүйектеп, те көркемдейтін болған. Кейде домбыра мойынының бет жағы, құлақтары түгелдей сүйектеледі. Көпшілік жағдайда домбыраның сыртын мұқият өңдеп, бірнеше қайтара өсімдік майын сіңіре жағу арқылы ағашқа өң береді.
Қобыз – қазақ қауымына көп тараған ысқышты аспап. Оның бірнеше түрі бар. Бақсы қобыздарының көлемі үлкен болуымен бірге шанақ ішінде, мойнына, басына қобыз үніне ерекше үн қосып тұру үшін металдан жасалған әр түрлі сылдырмақтар, жез қоңыраушалар ілініп безендіріледі. Қара қобыздың шанағы дөңгелек не қос дөңгелек болып келеді, беті ашық жасалады. Қобыздың екі не үш шегі есілген бірнеше қыл талшықтарынан тағылады. Қазіргі екі шекті қыл қобыз болсын, үш не төрт шекті қобыздар болсын, барлығында шанақтарына қарағайдан құяды, мұқият жұқартылған бет салынады.
Шертер – үш шекті көне аспап. Оның мойны қысқа, шанағы қақпақсыз, шектері жылқы қылынан тағылады.
Жетіген – жеті шекті көне аспап. Шектері жылқы қылынан тағылады. Мұның басқа шекті аспаптардан негізгі айырмашылығы – оның бұрауының болмауында, сондықтан оның құлақ күйі әрі шекте қондырылатын асықтардың ілгері-кейінді жылжытылуы арқылы орындалатын болғандығы.
Жетігеннің он үш шекті жаңа түрін жасатқан – Болат Сарыбаев еді.
Даңғыра мен асатаяқ – ұрып, сілкіп ойнайтын, сыбызғы.
Сыбызғы – үрлеп тартатын аспап, оны қуыс қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды. Сыбызғыда саусақпен ысып ойнайтын төрт тесік болады. Оның үні майда қоңыр, мұңлы келеді. Сыбызғы да қазақ арасына тым ерте кезден таралған аспаптардың бірі. Оны үнемі алып жүруге қолайлы. Сыбызғыны ен далада жүрген қазақ малшылары көп тартқан.
ХІ ғасырда жасаған әйгілі ғалым Махмуд Қашқаридың атақты сөздігі «Диуан Лұғат ат-түрікте» қобыз бен сыбызғының аты кездеседі. Міне, бұл қобыз бен сыбызғының тарихының ұзақ екенін әйгілейді.
Тапсырмалар:
Қазақтың қандай ұлттық аспаптары бар?
Ұлттық аспатарды сипаттаңыз.
Мына етістіктерді болымсыз түрге айналдырыңыз: жасайды, орнатылады, береді, безендіріледі, салынады, орындалады.
Қазақтың ұлттық аспаптары жөнінде сұхбат құраңыз.
ІІІ. Қазақстанның ақын-жазушылары. Жалғаулықтар.