Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-сем практ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
210.43 Кб
Скачать

1. Мәтінмен танысыңыз. Сөз мәдениеті, тіл мәдениеті

Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы – тіл. Сондықтан адамдар арасындағы қатынас мәдениеті туралы айта отырып, сөз мәдениетіне соқпай кету мүмкін емес.

Сөз мәдениеті, біріншіден, ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып екіге бөлінеді.

Ауызекі сөйлеу тілінің де жазба тілінің де бастау негізі – белгілі бір ұлттың дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтың тілі. Ауызекі сөйлесу кезінде жеке адамдар өзінің мінез – құлқын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, мәдениеттіліктің белгісі. Тілдік норманың жүйесін толық сақтайтын жазба тіл. Соның ішінде жазба әдеби тіл. Жазба әдеби тіл – жазу арқылы бнлгілі жүйеге түскен жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты нормалары, стильдік – жанрлық тармақтары бар тілдің түрі.

Екіншіден, сөз мәдениеті сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы) және сөзді бедерлі жұмсау (сөз шеберлігі) деген екі сатыдан тұрады.

Сөз дұрыстығы қәзіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі түтқан нормасын ұстану дегенді білдірсе, сөз шеберлігі тек нормаға тән дұрыстықты ғана білдірмейді, сонымен қатар алуан түрлі тілдік амал-тәсілдерінің ішінен мағына, стильдік жағынан аса дәл, ұтымды түрін талғау дегенге негізделеді. Бұл жерде сөзге дұрыс не бұрыс деген баға берілмейді. Сөз “дәлірек”, “айқынырақ” деп бағаланады.

Тіл анық болмас, ой анық емес деген сөз. Тіл – ойдың айнасы. Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.

2. Сөздердің дұрыс баламасын сәйкестендіріңіз.

мәдениет

обычай

ауызекі

хранить, сохранить

мінез-құлқы

более точный

әдеби

выигрышный

алуан түрлі

культура использование

дәстүр

методы, приемы

мағына

постоянный, устойчивый

амал-тәсіл

разнообразный

ұтымды

смысл

сақтау

выбор

талғау

более ясный

айқынырақ

Вид

бедерлі

устный

жұртшылық

народ

білдіру

означать

жүйеге түскен

сложившийся

тұрақты

умелый, умело

қолдану, жұмсау

литература

тармақ

систематизированный

қалыптасқан

привычки,характер

3. Мәтінді оқып, ауызша аударыңыз

4. Мәтінің қысқаша мазмұнын айтып беріңіз

5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз

- жазба әдеби тіл деп нені атайды?

- сөз дұрыстығы мен сөз шеберлігінің айырмашылылығы неде ?

Тілдік этикет

Тілдік этикеттің танысуға қажетті нұсқалары:

- Сізбен танысып (таныстырып) қоялық.

- Танысуға (таныстыруға) рұқсат етіңіз.

- Таныс болайық (болыңыздар).

- Танысып қойыңыздар.

- Танысқаныма қуаныштымын.

- Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Жат ортаға, кеңсеге жаңадан келген адам сәлемдесіп, өзін таныстырады. Таныстырушы үшінші адам жасы, лауазымы кішілерді үлкендерге, ер адамды әйелге алдымен таныстырады.

Мысалы:

– Сізбен танысуға бола ма?

– Әрине, танысып қоялық. Менің атым – Серік.

– Мен Мөлдір боламын.

– Атыңыз затыңызға сай көркем екен.

– Рақмет, сіз де есіміңізге лайық екенсіз.

– Өзімді кеңірек таныстыруға рұқсат етіңіз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің студентімін. Болашақ мамандығым – қаржыгер. Жарысқа келген едім.

– Ал мен № 73 Дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысымын. Мен де математикадан олимпиадаға келіп едім.

– Сіздей әсем арумен танысқаныма өте қуаныштымын. Көріскенше сау болыңыз!

  • Сау болыңыз.

Тапсырма: Курстасыңыздың құрбысымен «Танысу» атты сұхбат құраңыз. Сұхбатты құру барысында жоғарыдағы тілдік этикеттің нұсқаларына сүйеніңіз.

Парасаттылық – кісі кемелділігі.

Сын есім. Оның шырайлары.

Тапсырмалар:

  1. Сөйлемдердің ішінен сын есімдерді тауып, сұрақ қойыңыз.

  2. а)Сұрақтарға жауап беріңіз: Парасатты адам дегенді қалай түсінесіз?

б) «Парасатты ел болу» деген ұғымның мағынасы қандай?

11 – апта

Лексикалық тақырып: Мінез және келбет. Сын есім.

МЕНІҢ КУРСТАСЫМ

1 Менің курстасымның аты Асан. Оның бойы ұзын, шашы сары, бұйра. Өзі шымыр денелі, ақ құба, сопақ бетті жігіт. Көзі көк, мұрны қоңқа.

2 Менің досымның аты Маржан. Ол өте сұлу. Көзі ботаның көзіндей үлкен, мөп-мөлдір, қиғаш қасты. Беті аппақ. Тісі маржандай. Қолаң қара шашы тізесіне дейін. Бойы ұзын, арықша келген қыз.

Адамның сырт бейнесі, мінез-құлқы

сырт бейне - внешность

сұлу - красивый

сүйкімді - привлекательный

ұзын бойлы - высокого роста

аласа бойлы - маленького роста

толық- полный

арық - худой

арықша келген - худощавый

дөңгелек жүзді- круглолицый

сопақ бетті - продолговатое лицо

ақ құба - светлолицый

қара торы - смуглый

қара шашты - черноволосый

сары шашты - светловолосый

ақ шашты - седоволосый

көк көзді - голубоглазый

шегір көзді - синеглазый

сыпайы - вежливый

байсалды - уравновешанный

жуас-спокойный, смирный

күйгелек - неспокойный

шыдамды - терпеливый

салмақты - серьезный

жеңілтек - легкомысленный

еңбекқор - трудолюбивый

жалқау - ленивый

жауапты - ответственный

қарапайым - простой

беделді - авторитетный

белсенді - активный

өжет - шустрый

нәзік - нежный

қатал - строгий

қатыгез - жестокий

адал - честный

әділ - справедливый

Сұрақтарға жауап беріңіз:

Сенің

бойың

ө ңің

шашың қандай?

к өзің

мұрның

қасың

Үлгі: Менің бойым аласа.

1-тапсырма. Қарсы мәндегі мағынасын жазыңыз:

Менің досым жалқау. Сенің досың жуас. Сіздің досыңыз қатал. Біздің досымыз өжет. Сендердің достарың шыдамды. Сіздердің достарыңыз мейірімді. Олардың достары көңілді.

Сенікі ше? Менікі ше? Онікі ше? Сендердікі ше? Біздікі ше? Олардікі ше? Сіздердікі ше?

Адамның жагымды және жағымсыз қасиеттерін сипаттау.

Білімді –; салмақты – ; өнерлі - ; мәдениетті - ; шыдамды -; иманды - ; адал - ; қатал - ; қайырымды - ; сүйкімді - ; жалқау -; еңбекқор - ;

Сурақтарға жауап беріңіз:

- Сіздің әріптесіңіз бар ма?

- Оның аты кім?

- Әріптесіңіздің ұлты кім?

- Ол қайда тұрады?

- Мамандығы кім?

- Ол қайда жұмыс істейді?

- Әріптесіңіздің жасы нешеде?

- Оның отбасы бар ма?

- Ол қандай адам?