
- •2 Семестр практикалық тақырыпқа арналған тапсырмалар.
- •2. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз
- •3.Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Көсемше
- •Тұмау – грипп
- •1. Мәтінмен танысыңыз. Сөз мәдениеті, тіл мәдениеті
- •Тілдік этикет
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •Кино Өнері
- •Қазақстанның музыка және балет өнері
- •1. Мәтіндегі халық композиторларының аты-жөнін дәптерлеріңізге көшіріп жазып, еңбектері туралы материалдар табыңыз.
- •2. Музыка және балет өнеріндегі қазіргі танымал тұлғалар туралы пікір алмасыңыз.
- •3. Абай атындағы опера және балет театрындағы «Біржан сал» қойылымын көріп, алған әсеріңізді айтып беріңіз.
- •Қазақ театр өнерінің дамуы
- •5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Мәтінді оқыңыз. Мұхтар Әуезов.
- •2. Мәтінді оқыңыз. Мұхтар Шаханов.
- •1. Қазақстанның танымал сазгерлері, әншілері. Септеуліктер.
- •2. Қазақстанның өнер қайраткерлері (театр, кино, балет). Үстеу, оның мағыналық түрлері.
- •3. Қазақстанның танымал суретшілері. Зат есмінің жалғаулары
- •Шәкен Айманов
- •Әбілхан қастеев (1904 – 1973)
- •1. Жатақханада. Көмекші есім
- •2.Студенттер қалашығында
- •3. Телефонмен сөйлесу.
- •Ұлттық мерекелер.
3. Телефонмен сөйлесу.
ә).Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, өзара сұхбаттасыңыздар.
Телефон соғу, телефон шалу – звонит.
Ұялы телефон –сотовый телефон
Мен сізді тыңдап тұрмын – я вас слушаю.
Бұл Сабитовтардың пәтері ме? – это квартира Сабитовых?
Бұл кім екен? – кто это?
Айгүлді телефонға бола ма? – можно к телефону Айгуль?
Ол бос емес – она занята.
Ол шығып кетті – она вышла.
Жұмыс орнына телефон соғыңыз – позвоните на рабочий телефон.
Өкінішке орай, ол үйде жоқ – к сожалению его нет дома.
Ол маған жедел телефон соқсын деп айта салыңызшы – передайте ему пусть срочно позвонит мне.
Мен сені танымадым – я не узнала тебя.
Ешкім жауап бермейді – никто не отвечает.
Телефон үнемі бос емес – телефон все время занят.
Күте тұрыңыз, тоса тұрыңыз – подождите.
Мені ... ...номерімен байланыстырыңызшы – соедините меня с номером ... ...
Біраздан соң қайта телефон соғыңыз – перезвоните через некоторое время.
Сіз номерді қате тердіңіз – вы неправильно набрали номер.
Сен қайдан телефон соғып тұрсың? – откуда ты звонишь?
Номерді теріңіз – наберите номер.
Сіз терген номер жойылған – набранный номер не существует.
Телефон трубкасын көтеріңіз, ұзақ дыбысты күтіңіз – поднимите телефонную трубку, ждите долгого гудка.
Маған ... қонақ үйінің телефон номерін айтыңызшы – скажите мне, пожалуйста, номер телефона гостиницы ... ...
Жұмыс телефоныңыздың номерін беріңізші – дайте мне, пожалуйста, номер вашего рабочего телефона.
15-апта
Білімдіден шыққан сөз
Тәрбие басы-тіл
Өнер алды-тіл.
( Махмуд Қашғари)
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Тілсіз хайуан – бишара.
Бишарға не шара?
(Ә.Тәжібаев)
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге..
***
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба
***
Ғылымсыз дүние жоқ.
***
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
***
Дүние де өзі, мал да өзі.
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
( Абай Құнанбаев)
Тапсырма: Асыл сөздер мен сөз маржандарына терең мән беріп, есте сақтаңдар.
Грамматикалық тапсырма. Сұраулық шылаулар. Зат есімнің септелуі, тәуелденуі, көптелуі.
1-тапсырма. Сөздерді тәуелдеңдер: бақ, күн, білезік, мақала, бесік.
2-тасырма. Сөздерді сөз тіркестерін септеңдер: мереке, жақсы тілек, Жаңа жыл, Наурыз мейрамы, ықшамаудан, кешен.
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сұраулық шылауларды қойыңыз.
Бұл Неке сарайы ...? Оның үйі Абай көшесінде ...? «Орбита» ықшамауданы – әдемі ықшамаудан ...? Бұл ағаштан жасалған есік ...? Мынау жақсы адам ...? Бөлмеде ешкім жоқ ...? Қабырғада ілінген әдемі сурет ...? Дәрісхана жарық ...? Балалар аулада ...? Үстелде жатқан оқулық ...?
Ұлттық мерекелер.
Тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтыңыз.
Қазақ халқы да – думаншыл, сауықшыл ел. Ұлттық дәстүрдің бірі той болып табылады.. Той – ізгіліктер мен жақсылықтарды, озық дәстүрлерді жаңғыртып отыратын тәлімі мол мереке.
Мерекенің екі түрі бар: бірі – үкіметіміздің ресми түрде бекіткен тойлар, екіншісі – ресми емес, ұлттық мерейтойлар.
Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз ел. Тәуелсіз ел - бақытты ел. Бақытты елде мереке көп. Қазақстанның Тәуелсіздік күні желтоқсанның он алтысында. Бұл мереке және Конституция күні (тамыздың отызында) – ұлттық ресми мереке күндері. Қаңтардың бір-екісінде тойланатын Жаңа жыл мерекесі, наурыздың сегізінде тойланатын Халықаралық әйелдер күні, мамырдың тоғызында тойланатын Жеңіс күні – бұрыннан тойланып келе жатқан ресми ұлттық мерейтойлар.
Қазақ халқы – тойшыл халық. Тәуелсіз ел болғалы облыстарда, аудандарда, тіпті ауылдарда тойлар өтуде. Бұл – еліміздің әл-ауқаты жақсарып келе жатқанның белгісі. Мұның бәрі – тәуелсіз ел болғанымыздың арқасы. Қазақ халқында жақсы тілек бар : « Той тойға ұлассын !» Біз осы тілекті тәуелсіз елімізге тілейік.
Сөздік
ұлттық – национальный тойшыл-любящий празднества
үкімет-правительство өтуде - проводятся
ресми-официальный әл-ауқаты-благосостояние
бекіткен-утвержденный жақсару-улучшаться
тойланатын-празднуемый белгі-знак
бұрыннан-с давних пор тілек-пожелание
ұласу-продолжаться тілеу-желать
Штамп сөздер (деп табылады, деп саналады....)
Тапсырма: Сөйлемдер құрастырыңыз.
Құттықтау.
Грамматикалық тапсырма. Жіктеу есімдіктері.
1-тапсырма. Үлгі бойынша жіктеу есімдіктерін септеп, 5-6 сөйлем құрастырыңыз: сен, біз, олар.
Үлгі: А.с. мен
І.с. менің
Б.с. маған
Т.с. мені
Б.с. меған
Ж.с. менде
Ш.С. менен
К.с. менімен
2-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Сендердің мұғалімдерің бізге ұнап отыр. Біз оларды Сізде жиі көріп тұрамыз. Біздің қызымыз Сіздерде жоқ па? Олардан шықсың да, саған барсын. Сіздің аяқ киіміңіз маған ұнап тұр. Сен оны көрдің бе? Біз олардың атынан Сізге үлкен рақмет айтамыз.
Тапсырма. Құттықтауларды оқып, орыс тіліне аударыңыз. Жаттап алыңыз.
Туған күнің құтты болсын! Денсаулығын мықты болсын, жұмысын табысты болсын, дастарханың мол болсын!
Бүгінгі той құтты болсын! Екі жас бақытты болсын! Босағалары берік, шаңырақтары биік, керегелері кең болсын!
Мерейтойыңыз құтты болсын! Денсаулығыңыз зор, еңбегіңіз табысты, көңіліңіз көтеріңкі болсын! Жасыңыз ұзақ болсын!
Құрметі _______________________________________
Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Сізді қатардағы құқықтанушыдан Қазақ елінің белгілі де беделді заңгері, қоғам қайраткері деңгейіне көтерді. Мемлекеттік жоғары басқару органдарында жауапты қызметтер атқардыңыз, тәуелсіз Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты басшылығының құрамында еліміздің сот жүйесінің қалыптасып, нығаюына көп еңбек сіңірдіңіз. Сондай-ақ ............ мәртебелі қызметтерінде де күрделі істердің әділ шешілуі, соттардың беделі, судьялардың абыройы, тұрмыстық мұқтажы қат-қабат тіршілікте ұдайы назарыңызда болатынын күнделікті өмірде көріп жүрміз. Сіздің алдыңыз кең, жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл басшы, аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды, атыңызға затыңыз сай ұлағатты ұстаз, өнегесіз. Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.