
- •2 Семестр практикалық тақырыпқа арналған тапсырмалар.
- •2. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз
- •3.Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Көсемше
- •Тұмау – грипп
- •1. Мәтінмен танысыңыз. Сөз мәдениеті, тіл мәдениеті
- •Тілдік этикет
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •Кино Өнері
- •Қазақстанның музыка және балет өнері
- •1. Мәтіндегі халық композиторларының аты-жөнін дәптерлеріңізге көшіріп жазып, еңбектері туралы материалдар табыңыз.
- •2. Музыка және балет өнеріндегі қазіргі танымал тұлғалар туралы пікір алмасыңыз.
- •3. Абай атындағы опера және балет театрындағы «Біржан сал» қойылымын көріп, алған әсеріңізді айтып беріңіз.
- •Қазақ театр өнерінің дамуы
- •5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Мәтінді оқыңыз. Мұхтар Әуезов.
- •2. Мәтінді оқыңыз. Мұхтар Шаханов.
- •1. Қазақстанның танымал сазгерлері, әншілері. Септеуліктер.
- •2. Қазақстанның өнер қайраткерлері (театр, кино, балет). Үстеу, оның мағыналық түрлері.
- •3. Қазақстанның танымал суретшілері. Зат есмінің жалғаулары
- •Шәкен Айманов
- •Әбілхан қастеев (1904 – 1973)
- •1. Жатақханада. Көмекші есім
- •2.Студенттер қалашығында
- •3. Телефонмен сөйлесу.
- •Ұлттық мерекелер.
Әбілхан қастеев (1904 – 1973)
Қазақтың алғашқы кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеев Алматы облысы, Жаркент ауданында дүниеге келген. Ол – қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған ұлттық сурет өнерінің алғашқы шеберлерінің бірегей тұлғасы. Ә.Қастеев сурет өнері бойынша алғашқы білімді Алматыда Н.Хлудовтан алады. Кейін Мәскеуде И.И.Бродскийдің көркемсурет студиясында тәлім алған талантты қылқалам шебері өзінің тума қабілетін өзіндік ізденіспен жетілдіріп, өнердегі айтулы тұлғалардың біріне айналды. 1954-1956 жылдары Қазақстан Суретшілер Одағын басқарады. Екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Депутаты болып сайланды. КСРО-ның жоғарғы Мемлекеттік Орден, медальдарымен марапатталды. Оның алғашқы «Тігін үстінде», «Мектепке», «Көгілдір көйлекті қыз» еңбектерінен бастап, «Түрксиб», «Амангелді сарбаздары», «Колхоз тойы», «Қалыңдық» т.б. туындылары халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Ол «Киіз үйдің ішкі көрінісі», «Қыз Жібек», «Қыз ұзату», «Қос құрбы», «Келін түсіру» тәрізді ұлттық салт-дәстүрге арналған көптеген шығармалар салды. «Афтопортрет», «Қарындасымның портреті» деп портрет салуға ұмтылған атақты суретші кейіннен «А.Құнанбаев», «Ж.Жабаев», «Ш.Уәлиханов», «А.Иманов», «Ғ.Мұратбаев», «Жас Абай» «К.Әзірбаев» портреттерін бейнелеу арқылы әйгілі адамдарымыздың өшпес тұлғасын кескіндеді. Ол Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. Шымкенттегі өнер училищесі мен ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы атақты суретшінің атында.
14-апта
1. Жатақханада. Көмекші есім
а).Мәтінді оқып, сұрақтар құрастырыңыз.
б). Мәтінді пайдаланып, мына жағдаят бойынша сұхбат құрастырыңыз: Курстасыңыздың тұратын жатақханасы туралы сұхбаттасыңыз.
Ожас-университетте студент. Жасы жиырмада. Ол екінші курста оқиды. Үйі Өскеменде емес, Семейде.
Олжас студенттер қалашығында жатақханада тұрады. Студенттер қалашығында бес қабатты екі жатақхана бар. Олар бір-біріне қарама-қарсы орналасқан.
Мынау-жатақхана. Жатақхана-бес қабатты үй. Студенттер бөлмелерінде. Олжас та бөлмесінде. Бөлмесі бірінші қабатта. Ол өте жарық және таза, бірақ онша үлкен емес. Бөлмесінде көп заттар бар: екі кереует, шкаф, ортада бір үстел және төрт орындық. Қабырғаларда суреттер, айна, сағат және кітап сөресі ілулі тұр. Сөреде кітаптар, оқулықтар, қағаздар, дәптерлер жатыр. Бөлмеде екі терезе, бір есік бар. Еденде әдемі кілем жатыр. Олжас орындықта отыр. Ертең оның емтиханы бар. Досы Оспан бөлмеде жоқ, далада серуендеп жүр. Жатақхана –студеттер үшін екінші үй.
ә). Берілген сөйлемдерден көмекші есімдерді табыңыздар.
Қаланың шетінде үлкен саябақ бар. Саябақтың ішінде кішкентай көл бар. Көлдің астында құм жатыр. Демалыс күні көлдің қасында көп адам жүреді. Көлдің айналасында орындықтар бар. Орындықтардың маңында гүл бар. Гүлдердің ішінде астра, қызғалдақ гүлдері бар. Саябақтың ортасында кинотеатр тұр. Кинотеатрдың алдында билет сататын касса, ал қасында жарнамалар тұр. Кинотеатрдың ішінде екі зал бар. Сыртында ағаштар өсіп тұр.Қарсысында екі дүкен орналасқан 120 б, 261 б
2.Студенттер қалашығында
а)Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздар.
1.Сіз қайда оқисыз?
2.Сіз оқитын жоғары оқу орыны қалай деп аталады?
3.Қай факультетте оқисың?
4. Сіздің факультетіңіз қай ғимаратта орналасқан?
5.Бас ғимарат қай көшеде?
6.Өскемен қаласында қандай жоғары және арнаулы оқу орындары бар?
7. Студенттер қалашығы қаланың қай ауданында орналасқан?
8. Студенттер қалашығында қандай жоғары оқу орындары бар?
9.Студенттер қалашығына қалай баруға болады?
10. Сіздің досыңыз қайда оқиды?
ә). Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыз.
Студенттер қалашығы, білім алады, оқу залы, жатақхана, оқимын, орналасқан, бас ғимарат, университеттің қасы (жаны), университеттің студенті, кітапхана,
б)Есімдіктерді септеңіз. Мағыналық түрлерін ажыратыңыз.
Мен, өзім, бұл, осы, біреу, бәрі, қайсы, ешкім, барша.