Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-сем практ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
210.43 Кб
Скачать

2 Семестр практикалық тақырыпқа арналған тапсырмалар.

8-апта

Лексикалық тақырып:

1. Қазақстан спорт әлемінде. Етіс категориясы.

2. Шығысқазақстандық спорт шеберлері. Есімше.

3. Қазақтың ұлттық ойындары. Есімше.

І. Мәтінмен жұмыс

Тәуелсіз Қазақстан 1994 жылы Дүниежүлік Олимпиада комитетінің мүшесі болды.

Осы уақыттан бастап,қазақстандық спортшылар әр түрлі халықаралық жарыстарда өте жақсы көрсеткіштерге жетті.

Біздің команда қысқы Наганода өткен олипиадалық ойында 100 команда арасынан 11-орынды жеңіп алды.Атлантада біз (150команда арасынан) 26-шы орынды иелендік.Мұның бәрі біздің қиыншылықтарға қарамастан жеткен жетістіктеріміз. Әсіресе, Атлантада Кубалықтардан кейін 2-ші орынды жеңіп алған боксшыларымызды ерекше атап кеткен жөн.

Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен 1998 жылы тамыз айында тұңғыш рет бүкіл Қазақстандық ұлттық спорт ойындарының түрлері өтті.

7 Азиада ойындары Қазақстанның Астана мен Алматы қалаларында қаңтардың 30-ы мен ақпанның 7-і аралығында өтті. Жарысқа 27 елдің спортшылары қатысты.

Қысқы Азиада ойындары алғаш рет 1986 жылы Жапонияның Саппоро қаласында өтті.7 елдің спортшылары қатысты.Содан бері Жапония, Қытай, Корея секілді үш елде кезек-кезек 6 рет өтті. Азиадаға қатысатын мемлекеттердің саны жыл санап өсуде.

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз

2. Мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрастырыңыз.

3. Өзіңіз білетін қазақстандық спортшылар жайлы әңгімелеп беріңіз.

4. БАҚ материалдарын пайдаланып, мәтінді толықтырыңыз.

Берілген мәтінді мәнерлеп оқып, аударыңыз.Өз ойыңызды жазыңыз

Мен спортпен шұғылдануды өте жақсы көремін.Таңертең гимнастика жасаймын.Жұмыстан кейін бос уақытымда волейбол секциясына қатысамын.Мен волейбол ойынын ұнатамын. Волейбол ойыны спорт залында өтеді. Ойыншылар екі топқа бөлініп ойнайды. Волейбол ойыны ептілікті, жылдамдықты қажет етеді.

Дене шынықтырумен айналысу-өте пайдалы. Қазіргі заманда біз көп уақытымызды компьютердің алдында, көлікте өткіземіз.Жұмыстан кейін теледидар көріп диванда жатқанды ұнатамыз. Белсенді жұмыс түрлерімен сирек айналысамыз. Осыдан ауру да көбейеді. Адам ерте қартаяды, толады. Адамның жасы қысқарады. Не істеу керек? Жауап беріңіздерші.

Сөздік

дене шынықтыру- физкультура

пайдалы- полезно

алдында-перед

көлікте- в транспорте

өткіземіз- проводим

ұнатамыз- нравится

белсенді- активно

түрлерімен- видами

сирек- редко

осыдан- отсюда

көбейеді- увеличиваются

қай түрімен- каким видом

жұмыстан кейін- после работы

бос уақытымда- в свободное время

ұлттық спорт ойындары- национальные виды спорта

Дұрыс аудармасын табыңыз

спортпен шұғылдану борьба

күрес заниматься спортом

еркін күрес болельщик

спортшы ловкость

жүгіру вольная борьба

жанкүйер игра

ойын спортсмен

ептілік бегать

ІІ. Мәтінмен жұмыс

Дәулет Тұрлыханов (грек-римдік күрес)

Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-ның жеті дүркін, 1987 жылғы Еуропа, 1989 жылғы және 1987 жылғы әлем кубоктарының жеңімпазы, 1988 жылғы XXIV Олимпиаданың күміс жүлдегері, 1992 жылғы XXV Олимпиаданың қола жүлдегері.

Дәулет Тұрлыхановтың грек-римдік күресте зор табыстарға жетуіне әрі бапкер, әрі тәрбиешісі болған әкесі Болат Тұрлыхановтың ықпалы зор. Өзінің спортпен айналысқан ғұмырында Дәулет әлем жеңімпаздарымен сайысқа түсіп, көптеген жеңістерге ие болған. Үш Олимпиадаға қатысты. Сеулдегі Олимпиада Дәулет үшін біріншісі. Ол онда күміс жүлдегер атанды. Атлантадағы Олимпиадада Дәулет Тұрлыханов жарысқа да қатысты, бапкер де болды. Өз командасына және сол Олимпиаданың жүлдегері болған шәкіртті Юрий Мельниченкоға демеу бере білді.

Мәтінді оқып, аударыңыз.

Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыз: спорт шебері, жеңімпаз, күміс жүлдегер, жеңіс, қола жүлдегер, бапкер, жарыс.

Мәтін бойынша жазбаша сұрақтар құрастырыңыз.

Мәтіннің мазмұнын айтыңыз

ІІІ. Мәтінмен жұмыс

Аударыспақ –ашық алаңда көгалды жерде ойналатын өте қызықты ойын. Ойынға екі атқа мінген жігіт қатысады. Шабандоздарға белгілі бір уақыт беріледі. Осы уақыттың ішінде екеуі бірін – бірі аттың үстінен

аударып түсіруі керек.

Бәйге –қазіргі кезде өте жақсы дамыған, әлемге әйгілі

ойынның бірі. Ойынды жүргізу үшін ара қашықтық белгіленеді. Бәйгешілер бір сызықтың бойына қатарға тұрады. Берілген белгіден кейін, олар келесі көмбеге қарай шаба жөнеледі. Көмбеге алғаш шауып келген шабандоз жеңім-

паз атанып, ол адамға сыйлық беріледі.

1. Мәтінді оқыңыз