Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция, семинар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
08.01.2020
Размер:
271.83 Кб
Скачать

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Тіл тазалыгы дегенді қалай түсінесіңдер, оның әдеби тілмен қандай байланысы бар?

  2. Қазақ тілінің әлемдегі бай тіл екендігіне ешбір шүбә келтіруге болмайды, солай бола тұрса да ұлттық тіліміздің әлі күнге дейін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріле алмай келе жатқанын қандай мысалдармен түсіндірер едіңдер?

Тіл мәселесінің ішкі саясатқа қатысы бар ма? (Мемлекеттік тіл әлі күнге дейін қағаз жүзінде).

  1. Тіл мәртебесін көтеріп, тіл тазалыгын сақтау үшін қандай жагдайлар керек? Оны неден бастауға болады, өмірден ңақты мысалдар келтіріп, дәлелдеп көріңдер.

  2. Көркем әдеби шыгармалардың өз ойымызды еркін жеткізіп, әдемі, әсерлі свйлеуімізге үлкен әсері бар. Сондықтан да бір әдеби шығарманың тіліне талдау жасап көріңдер, көркемдегіш сөздері бар сөйлемдерді іріктеп алып, ауызекі тілде қолдануга ( теңеу, эпитет, метафора, қанатты сөздер т.б.) үйреніңдер.

5. Табигат суреті берілген жерлерді (пейзаж), ой толгауларды (монолог) жатқа айтып дагдыланыңдар! Ауызекі тілде «варваризмдерді», тұрпайы сөздерді қолданудан сақ болыңдар.

1-тапсырма: Мәтіннің мазмұнын өз сөздеріңмен айтып беріңдер. Әр бөлімнің теңеулеріне мән беріңдер: Әкесінің өлгені - асқар тауының құлағаны, шешесінің өлгені - ағар бұлағының суалғаны, ағасының өлгені - оң қанатының қайырылғаны ... т. б. сөз оралымдарының мағынасын жеке-жеке ашыңдар. Қарашаштың қайтыс болғанын Жиренше қалай білді?

Қарашаш сұлудың қайтыс болғанын естірту

Қарашаш сұлу Жиренше үйде жоқта ауырып қаза болыпты.

Әз Жәнібек хан: «Жиреншеге біз естірте алмаспыз, өзіне-өзі естіртсін, ешқайсысың сездіріп қоймаңдар», - деп, уәзірлерімен сөз байласып қояды. Бір күні Жиренше шешен елге қайта оралып, ханның үйіне түсіп, сәлемдесіп отырады. Хан Жиреншеге:

  • Ау, шешенім, әкесі өлген қалай болады? - депті. Жиренше отырып:

  • Әкесі өлсе, асқар тауының құлағанымен бірдей болады, - депті.

  • Шешесі өлген қалай болады?

  • Ағар бұлағы суалғанымен бірдей болады.

  • Ағасы өлген қалай болады?

  • Оң қанаты қайрылғанымен бірдей болады.

  • Інісі өлген қалай болады?

  • Сол қанаты қайрылғанымен бірдей болады.

  • Апа-қарындасы өлген қандай болады?

  • Ұзын өрісі қысқарғанымен бірдей болады.

  • Қатыны өлген қандай болады?

  • Аһ!.. Менің Қарашашым өлген екен ғой? - депті Жиренше. Ол күйініп, қамшысын таянғанда, қамшының сабы ортасынан шарт сынып кетіпті.

2-тапсырма: Төмендегі сөйлемдерді өз стильдеріңмен түзетіп көріңдер!

Үлгі: Бұны, өздеріне жәрдем етіп отырған ауылдың (біріккен шаруашылық) бірер сақпан қойын уақытша жайылуға малшылар рұқсат етіп, көрші ауылға берген болатын.

а) Бұны, өздеріне жәрдем етіп отырған ауылдың бірер сақпан қойы уақытша жайылуға рұқсат етіп берген болатын.

б) Кейде нақ төбелерінен нажағай жарқ беріп, шарт еткенде дүрк беріп жарылып та кетеді.

в) Сол сәтте және де Дәрменнің түсінен бұның көзі өзгеше жайды аңғарып, сескеніп қалды.

г) Бұрын қалаға келіп ұзақ жатқан шағында, көбінесе, өзінің нақты орнықты пәтерінде уақыт өткізетін.

3-тапсырма: Төмендегі сөйлемдерді түзеп, әдеби тілмен қайта құрып жазыңыздар.

Лестницадан көтерілгенде, жүрегі аузына тығылады. Танзиметті алып тастауға совет береді. Ештеңеден қысылмаймыз, астымызда персональный машина. Өзіңіз қай округтансыз, тұрған жерлеріңіз грязь шығар, ә? Ну, как же это так, есікті ашып кетіпсің, что за безобразие. Ол туберкулез, онда заходить нельзя! Старик, понимаешь, в чем сначала ресторанда, потом жолдастарда. Кешегі алдымызда жүгіріп жүрген жігіт вдруг өзгеріп кетті.

Біздің келгенімізге много болды, демалу деген вообще болмады.

4-тапсырма: Төмендегі сөздердің әдеби баламасын тауып, мағынасына толық талдау жасаңдар. Әрбір сөздің әдеби тілдегі қолданысына стильдік мәні жоғары бір-бір сөйлем қүраңдар.

а) емдеухана - аурухана, айыр - шанышқы, қарыздыкер - қарыздар, зиратнама - бейіт, қабір; желдік - желдеткіш, ажым - әжім, балау - палау, қартамыш - қартамыс, ибат - инабат;

б) қаржымыс - қарымта, кәдуілгі - кәдімгі, айал - әйел, ақтас - түйме, жер там - жер үй, жұмыстау – жұмыс істеу, жұмыстану; зиярат - зират, кәмәләт - кәмелет, кәззеп - кәззап, кәзір - қазір; жаһұт - жақұт, зәлім - залым, жаһил - жаһіл ...