Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция, семинар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
271.83 Кб
Скачать

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Сөз қолдану мәдениеті мен жазу мәдениетінің бір бірімен байланысы, туыстық қарым-қатынасы қандай, оны қандай мысалдармен дәлелдеп айтуга болады?

  2. «Ақылдың көзі - аталы сөз» деп халқымыз бекерге айтпаган. Сонда әдеби тілді еркін меңгеру үшін, сөз қадірін терең түсініп тілдік оралымга байланысты тиімді қолдана білу үшін қандай жағдайлар қажет деп ойлайсыңдар?

  3. «Тіл - ақылдың өлшемі» дейді. Осыған байланысты көркем әдеби шығармалардан адамгершілікке, имандылықка байланысты үзінділерді таңдап алып, жатқа айтып көріңдер. Сол үзінді туралы өз пікірлеріңді ортага салып сұхбаттасыңдар.

  1. Көркем-әдеби туындыларды аз оқитын адамдардың сөздік қоры аз болады, соған орай, олардың дүниетанымы да, сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады. Сондықтан бүгінгі күн мәселесіне арналган әдеби шығармаларды оқып, пікір таластырып көріңдер. Ондагы басты мәселелерді өмірмен байланыстырып өз ойларыңды еркін айта білуге тырысыңдар.

  2. «Жақсы сөз - жарым ырыс», «Сөз тапқанга қолқа жоқ», «Сөзіне қарап кісіні ал», «Сөз өнері - дертпен тең» деген қанатты сөздерді тақырып етіп алып, шағын мақала, шығарма жазыңдар. Алдымен қажетті тірек сөздеріңді ой елегінен өткізіп, жоспарлап, дайындап алыңдар.

1-тапсырма: Төмендегі тұрақты сөз тіркестерін пайдаланып, шағын мәтін құрастырыңдар. Әрбір сөйлемнің арасындағы грамматикалық байланысқа көңіл бөліңдер.

Сіркесі су көтермеу, қара қылды қақ жару, жүрегі жарылып кете жаздау, жүзі шыдамау, беті бүлк етпеу, қырық пышақ болу, көзіне көк шыбын үймелету, асты-үстіне түсу, қол аяғын бауырына алу, аузына қақпақ болу, ат тонын ала қашу, сай-сүйегі сырқырау, ішіне пышақ айналмау, жерден алып, жерге салу, т.б.

2-тапсырма: Төмендегі сөздердің мағынасын мақал-мәтелдермен жеткізіп, алмастырып көріңдер. Сөз мағынасын бірнеше нұсқада жеткізуге дағдыланыңдар.

Үлгі: Жоқшылық, кедейлік - «Қысқа жіп күрмеуге келмейді», «Жоқшылық жомарт ердің қолын байлайды», «Бөрі арығын білдірмес, сыртқа жүнін қампайтып».

Қадыр, бедел, ниет, қанағат, мылжың, өштік, кекесін сөз, менсінбеушілік, адалдық, ақ көңілділік, әпербақан, күш көрсету, жуас, көкіректік, қайырымдылық, ізденіс, ашушаңдылық, ойын, жалғыздық, байлық, мырзалық, қонақжайлық, бекершілік, үй болу т.б.

Тіл тазалығы

Қазақ тілі – аса бай тіл, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады-ау! Бұл тілден май тамады десе сияр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, небір алуа, шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады...

Нұртас Оңдасынов

Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі – тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегеніміз – айтайын деген ойымызды еркін жеткізу, сөйлегенде бөгде тілдік элементтерді – диалектілерді, варваризмдерді араластырмай сөйлеу халқымыздың асыл сөз қазыналарын тиімді пайдаланып, жатық, анық сөйлеу, әдеби тілде сөйлеу. Абай атамыз: «Сөзінің бірі жамау, бірі құрау» деп өзіне дейінгі кейбір ақындарды сынайды. «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы» деп, әрбір сөздің түсінікті, жеңіл, мағыналы болуын өз ортасынан қатаң талап етеді. Ұлы ақынның бір ғасырдан астам уақыт бұрын тіл тазалығына ерекше мән бергендігін көреміз. Әрине, бөтен тілден сөз алмай таза ана тілінде сөйлейтін бірде-бір халық болмайды. Тек ол сөздер жергілікті халықтың тілдік заңдылықтарына бағынып, фонетикалық өзгерістермен барша қауымға түсінікті жалпы халықтың тілге айналуы керек.

Шынайы бейне жасауда, сом тұлға жасауда, әдеби қаһармандардың ішкі-сыртқы бейнесін суреттеуде әрбір жазушы халық тілінің мол байлығын, әдеби тілге, әдеби нормаға ене бермейтін басқа тілден енген сөздерді де қолдануы мүмкін. Бірақ жергілікті тілдік ерекшеліктер (диалектер, жаргон сөздер) әдеби нормаға жатпайды. Себебі мұндай сөздер жалпы оқырман қауымға түсінікті емес.

Қазақ тілінде өзге тілден енген сөздер өте мол, тіпті сөз тудырушы қосымшалар бар екені де мәлім. Мысалы: Тілімізде «байсал табу», «байсалды» деген сөздер бар. «Байсал» сөзі қазіргі әдеби тілімізде жеке тұрып көп қолданылмайды. Тап осы күйінде қолдану – тіл тазалығына нұқсан келтіргендік болар еді. Бұл сөз не «байсалды» деген туынды сөз түрінде, не «байсал табу», «бойы байсал тарту» деген тіркес түрінде келеді. «Байсалды» сөзі – сабырлы, ұстамды, байыпты деген сын есім мағынасында көбінесе адамға байланысты айтылады. Ал бұл сөздің қазақ тіліндегі ертеректегі мағынасы адамға қатысты «сабыр» дегеннен гөрі, жалпы мәндегі «тыныш, тыныштық» деген мағынада қолданылатындығы байқалады. «Байсал табу» деген тіркестің «тынышталу», «тыныш табу» деген мағынасы осыған саяды.

«Даудың байсал тапқаны – төрешіге барғаны» (С.Сейфуллин) деген ескі нақыл сөздерде «байсал табу» фразасы «тыныш табу» дегенді аңғартады. Бұқар жыраудың «Байсалды үйге түсіңіз» дегендегі «байсал» сөзі де – «тыныш, ұрыс-керіссіз» деген мәнде. Яғни, бұрынғы мағынасы қазіргіден өзгешелеу мәнде де жұмсалған. Тек бұл сөздерді қай жерде қандай мағынамен қолдана білу керек екендігін түсіне білген жөн. Тіліміздің мәдени лексика деп аталатын тобына жататын «дәптер» сөзі әуелде грек (дифтера), одан иран тілдері арқылы (дафтара) түркілер мен монғол (дэвтэр) тілдеріне тараған.

Мұндай мәдени лексика тіл-тілдің барлығында да кездеседі деуге болады. Бұл сөздер әдеби тілге еш нұқсан келтірмейді, қайта тілімізге кіріп, төл тіліміздей болып кеткен сөздер.

Өзге тілден еніп, заңды түрде орныққан осы тәрізді сөздерден кейбіреуілердің дағдысына енген мүкістіктер: «остановкаға барамын», «екі морожный ала келерсің», «ужас», «звонит ету керек», «лестницадан көтерілгенде», «диспансерлік неблюденье болады», «қой, завтрак жасайық» т.б. мүлде басқа.

Дағдының да дағдысы бар. Жұртшылық қабылдаған, тілде орныққан, дағдыға енген шетелдік сөздің орны бөлек. Ал ондаймен санаспай, бөгде «элементтерді» оңды-солды жұмсау сөйлеушінің сөзге ұқыпсыздығын көрсетеді. Бұл – мәдениеттілік емес, қайта ана тілімізді шұбарлау, туған тілімізге қинаят жасау деген сөз. Мұндай тілде сөйлегендерді «мәңгүрт» десе де болады. Ана тілге деген сүйіспеншілік, ыстық сезімнің лебі таза сөйлеуден де байқалып тұрады. «Ана тілі – қайнаған қанның, қиналған жанның, толғанатқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек» (С.Торайғыров). «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту», - дейді Б.Момышұлы.

Осындай ұлағатты сөздерге мән бермегендіктен өз тіліне өздері тосырқап қарайтын, бөгде тілдік элементтерді араластырып сөйлеуді мәдениет деп санайтындар т.с.с. өзге де тұрпайы ерсіліктер (жоғарыда айтылған сияқты) кездесіп қалып отырады.

Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болса да, өз ортамыздан әлі күнге дейін тұрпайы сөйлейтін жастарды кездестіріп қаламыз. Тіліміздің лексикалық, фонетикалық, грамматикалық нормалары мен заңдылықтарын ескермейді, қазақ тілінен алған теориялық білімдерін пайдалана алмайды, сөйлегенде тыңдаушы өзінің ойын ұғып, сезіп тұрма, жоқ па, онымен санаспайды. Басқа тілдің сөзін араластырып, өз тілінің құтын қашырып сөйлеу мәдениетсіздік екенін аңғармайды. Белгілі жазушы Т.Ахтанов өз шығармаларында кейбіреулердің әңгімелесу кезінде бөгде сөздерді нормадан тыс араластырып сөйлейтін ерсіліктерін өткір сынаған.

Мысалы: «Сәуле» атты драмалық повестегі кейіпкерлерінің әңгімесінде мынадай сөздер кездеседі.

Алдаберген: Жазушы деген жақсы ойлайды деуші еді... Қап, сен қауғада жүргенде, Бөпежан «без двух» отыр еді. Сен бардың да...

Бөпежан: Ылғи жұпыны киінуші еді. Теперь настоящий шик. Мама, осы жарасады.

Жазушы Д.Исабековтің де «Әпке» драмасынан қазіргі жастардың ана тілімізге немқұрайлы қарайтын кемістерін сынаған мынадай жолдарын кездестіреміз

Мысалы: Нәзила: «Білмеймін. Мен дұрыс жасамаған да шығармын. Бірақ әлгі қыздың тым еркінсіп, ар-ұятты естен шығарып бара жатқаны жаныма тиді», «Я так хочу» деп, Тимурды құшақтап апты. «Котенок мой» деп, бұл да өліп бара жатыр...»

(Жастардың өз сүйгендеріне айтатын «жұлдызым, айым, күнім» деген теңеулері бола тұрса да) сонымен қатар, кейбір сөздерге тиісті қосымшалардың нормаға айналған түрлерін жалғамай, басқа түрлерін орынсыз жалғау да тіл тазалығына кесірін тигізеді.

Мысалы:

  1. Жазда бұл жерде ыссы болады (ыссы емес - ыстық).

  2. Шешесі ауызғы бөлмеге шықты да, төсектегі жатқан жиенінің жанына келді. (ауызғы емес – ауыз бөлмеге, төсектегі емес – төсекте).

  3. Рабиға баласының бетін сүйді (бетін емес - бетінен).

  4. Абай жасында молдаға оқыды (молдаға емес - молдадан).

Сонымен қатар сөздерді дұрыс байланыстырмай, орынсыз тіркес құрау, сөйтіп, сөйлем құрылысы мен мағынасын бұзатын кемшіліктерге көркем әдебиеттегі, газет-журналдағы әңгімелерден көптеген мысалдар келтіруге болады.

Мысалы:

  1. Ертелетіп екпіндетіп келген Шегебай енді уайым жейтіні жоқ кісіше асықпай аяндап барады.

  2. Тақ алдында есіктің көзінен сарт етіп дәрігер машинасы тоқтай қалды.

  3. Әлде жат жұрттыққа жаралған ежелгі қыз қылығына бағып, неғайбыл болашақтағы тағдырына өзін-өзі дайындап бой ұсына бастағаны ма?

Кейбіреулер айтатын деген сөйлемді жарыққа шығармай, сөйлемнің соңын жұтып сөйлейді. Мұндай стильдік ерекшілік тіл тазалығына, тіл мәдениетіне үлкен зиянын тигізеді.

Мысалы: «...Мен... енді былай... Сәкең айтқасын... кетіп жатқаным ғой, Құрал-сайман, жұмысшы күші тапшы дегендей ... Сіздер ғафу етіңіздер, мен кішкене былай...»

Кейіпкер тілінде кездесетін мұндай кедір-бұдырлықтар күнделікті өмірде жиі кездеседі. Мұндай мысалдарды әрбір жазушы өмірден алып жазады. Әдеби қаһарманның тілі, іс-әрекеті, мінез-құлқы арқылы тілімізді бұзып сөйлейтін адамдардың бейнесін жасайды. Дәл осылай сөйлейтін кісілердің арамызда жүргенін еске салады, тіл тазалығын сақтап сөйлеуге жетелейді.

Ауызекі тілде немесе жазуда болсын әр сөз айтылар ойға, мазмұнға қатысты болып, мағыналық жағынан жақын тұруға тиіс. Бірақ, кейбір адамдардың сөйлеу дағдысына сөз тазалығына нұқсан келтіретін, сөзді әсерлігінен айыратын «қызметсіз» қыстырылып жүретін «жаңағы, нетіп, әлгі, не қылғанды, ал енді, сонымен, солай етіп жүргенде,нетіп кеткеннен кейін» т.б. осындай сөздер өзінің тыңдаушыларын мезі етеді. Осындай сөздің керегінен керексізі көп болып жатады. Әсіресе, сөйлеушінің айтар ойы айқын болмай, өзі сөз етіп отырған жайдан түсінігі бұлдыр болған кезде, сүлеңсіз сөздер киліккіш келеді.

Сөз тазалығын сақтауға талаптанған адам белгілі бір мәселе жөнінде әңгіме қозғамас бұрын сөйлейтінін кесіп-пішіп, ой елегінен өткізіп алып, жұрт алдына шығады. Сондай ортаның бірі – ұстаздар қауымы. Елімізде мыңдаған ұстаз, миллиондаған шәкірт бар. Тәжірибелі ұстаз шәкірттеріне айтар ойын сірескен жансыз тілмен емес, икемді, орамды тілмен жеткізеді. Ал ондай кітап тілінен гөрі сөйлеу тілінің амал-тәсілдеріне де арқа сүйейді. Алайда ұстаз алдында бастан-аяқ бір сарынмен сөйлейтін оқушылар да кездеседі. Оның сөйлеу тілін дұрыс арнаға салып, шұбырынды сөз, сіреспе тіркес, түрлі қыстырма сөздерін тазартып отыру – ана тілін ардақтай білетін әрбір ұстаздың қасиетті борышы.