Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция, семинар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
08.01.2020
Размер:
271.83 Кб
Скачать

Тұрақты сөз тіркестері

1. Үріп ауызға салғандай, жүзіктің көзінен өткендей, хор қызындай - әдемі, сұлу

2. Тіліңді жұтарсың, аузынан дәмі кетпейді, саусағыңды жалайсың – дәмді, тәтті.

3. Елең-алаңнан, таң сәріден, ала көлеңкеде – ерте.

4. Ит арқасы қиянда, ит өлген жерде – алыс.

5. Жыланның аяғын санаған – қу, тақыс.

6. Қой аузынан шөп алмас – момын.

7. Оқтау жұтқан, түйе үстінен сирақ ұйыту - ебедейсіз.

8. Өкпесін қолға алып жүгіру, аяқ-қолы жерге тимеу, жан ұшыру – қатты, тез жүгіру.

9. Жерден алып, жерге салу – қатты ұрысу.

10. Жерге кіріп кете жаздау, бетінен оты шығу – қатты ұялу.

11. Кеңірдегі жыртылғанша, даусы қарлыққанша, бар даусымен – қатты айқайлау.

12. Көзге түртсе көргісіз – қараңғы.

13. Төбесі көкке жеткендей, жоғалғаны табылғандай, өлгені тірілгендей - қатты қуану.

14. Өлген адамды күлдіреді – қу тіл, күлдіргі.

15. Зәресі зәр түбіне кету, көзі шарасынан шығу, зәре-құты қалмау – қатты қорқу.

16. Жаны мұрнының ұшына келу, жай таппау – қатты сасу.

17. Екі аяғын бір етікке тығу – асығу.

18. Терісіне сыймау, жын қаққандай аласұру – қатты ашулану.

19. Аузы-аузына жұқпау – тез сөйлеу.

20. Қолы-қолына жұқпау – тез істеу.

21. Өгіз аяңмен – жай, ақырын.

22. Мұрнынан шаншылып жүру, сүрініп жығылу – қатты шаршау.

23. Өрт жалағандай – тақыр.

24. Ит байласа тұрғысыз – көңілсіз.

25. Ұшарға қанаты жоқ – тез жетуге асығу.

26.Түйенің құйрығы жерге, ешкінің құйрығы көкке жеткенде – ешқашан орындалмайтын іс, ой.

27.Опық жеу, бармағын тістеу – қатты өкіну.

28. Салт атты, сабау қамшылы – отбасынсыз, жалғыз басты адам.

29.Сақтықта қорлық жоқ, жаман айтпай жақсы жоқ – қауіп-қатерден ойлап сақтандыру.

30. Шаш етектен бату – молшылыққа кездесіп, мол олжаға ие болу.

Техникалық жаттығулар

Тыныс алуға арналған жаттығу:

Демді ішке тартып, ауыз саңылауынан шығарамыз.

Дыбыстау мүшелеріне арналған жаттығу:

Тілді жалпақ, жіңішке етіп шығару.

Кеңсірікке арналған жаттығу:

Мұрынның екі жағын кезек-кезек жауып тыныс алу.

Өкпеге арналған жаттығу:

Бір дегенім – білеу

Екі дегенім – егеу.

Үш дегенім – үскі,

Төрт дегенім – төсек.

Бес дегенім – бесік,

Алты дегенім – асық.

Жеті дегенім – желке,

Сегіз дегенім – серке.

Тоғыз дегенім – торқа,

Он дегенім – оймақ,

Он бір – қара жұмбақ.

Сөйлеу барысында ауаны жеткілікті дәрежеде ұстау үшін жаттығу:

Қырға барып, анама қызғалдақ тердім. Санап едім:

Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз ......... жалғастыру.

Жаңылтпаштың айтылу жылдамдығы – 2, 4, 6, 8.

Ерінге арналған жаңылтпаш:

Ол алқапты олар орар,

Бұл алқапты бұлар орар.

Орал ормаса, Омар орар.

Торта қойдым,

Орта қойдым,

Орта қойдым,

Жорта қойдым.

Күз, Кез, Күз, Күш,

Кеш, Көш, Кір, Кер,

Көр, Күл, Кел, Көл,

Кілең қысқа сөз,

Кім оқиды тез?

Езуге арналған жаңылтпаш:

Есет атам ет асатар,

Ет асатса, бес асатар.

Елеусіздің елеуіші елегіш емес,

Елеместің елеуіші елегіш.

Ескермес те,

Естемес те,

Есіл сөздерді ескермес пе?

Жақтың кең ашылуына арналған жаңылтпаш:

Алғыр аттар, арғымақтар.

Арғымақты әркім мақтар.

Тайғанақта қай тай тайды,

Тағалатпаған тай тайды.

Тақпақ жатта,

Жатқа жатта,

Жаттамай жатта.