Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция, семинар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
08.01.2020
Размер:
271.83 Кб
Скачать

20 Ұпайдан төмен:

Сіздікі әрдайым дұрыс болғанмен, қоршаған ортаны сіз сендіре алмайтын жағдайлар болады. Сіз өзіңіздің өміріңіз және қоршаған ортаның өмірі қатаң тәртіпте, сау ойда және жақсы қылықтармен шектелуі қажет деп ойлайсыз. Сіз жиі ұстамды боласыз, сондықтан өзіңіздің мақсатыңызға жете алмайсыз және басқалары сізді дұрыс түсінбейді.

Тарих туралы әңгіме

Оқушы тарих пәнінен бағасын түзеткісі келіп, мұғалімнің сабақ сұрағанын қалайды. Мектепке бара жатып, мұғалімді қуып жетеді:

- Қайырлы таң, Гүлзәйда-апай! Бүгін ауа райы тамаша ғой? Иә?!

- Сәлеметсіңбпе, Сапарбек, ауа райы расында жақсы!

- Демалыс жақындап барады ғой, сіз ақыры бізден демаласыз.

- Иә, бәріміз шаршадық - біз де, сендер де. Сірә, демалысты аңсайтын шығарсыздар?

- Әрине. Демалысқа жақсы бағамен шығу көңілдірек қой. Рас қой?

- Тоқсанды қалай бітіріп жатырсың?

- Егер сіздің пәніңізден түзетсем, мүмкін үш болмас еді,.

- Неге дұрыс оқымадың?

- Мен оқыдым. Бірақ, сіз сезгендей нашар дайындалып келгенде, сұрайсыз.

- Иә. Жиырма жыл оқытқаннан кейін, оқушыларды бірден біліп тұрасың.

- Ал қазір мен дұрыс жаттадым.

- Жарайды, онда бүгін тексереміз.

- Неліктен бала өз алдына қойған мақсатына жете алды?

Жас дипломат тәжірибеде Сократ ережесін қолданды. Ол мұғалімнен бірнеше бекітілген, нақты жауаптарды алды.

Ол мұғалімнің алдында басқа пәндерден жақсы оқитындығын айтып, өз имиджін көтереді. Өзінің жақсы сөздерімен мұғалімді өзіне қаратып, жағымды әңгімелесуші болады. Осының нәтижесінде иландырудың мақсатына жетеді.

1-карточка. Мектепте темекі шегу.

Карточкаға түсініктеме.

- Неге мұғалімдерді көндіре алмайсын?

Мұғалімдерге қарсы бірнеше ереже «жұмыс істеді». Мұғалімдердің аргументтері кішкентай балаларды сендіре алмайды. Балалар темекі шеккен кезде, болашақта не боларын ойлап көрмейді. Денсаулыққа зияндылығы «үлкендердің» түсінігімен баяндалады (аурулар, өмір ұзақтылығы), сондықтан балалар үшін олар әлсіз аргумент, балалар ой-өріс қабылдай алмайды.

Басқа жағынан қарағанда, бұл балалардың темекі шегу әрекеті үлкен жолдастарына еліктеуден туындайды. Үлкен жолдастарының мысалдары, мұғалімдердің сөздерінен әлдеқайда сенімдірек. Сондықтан бастауыш мектептерде осындай жағдайларға тап боламыз.

Бірге шешейік.

Құлыптағы шекара

Мектепте би кеші өткізілді. Кешіккендерді кіргізбеді. Кешіккендердің саны жиырма болды, мен де солардың қатарында болдым. Күзетші ірі адам ешкімді жібермеді. Кешікккендер артқа шегінген кезде, мен күзетшінің қасына бардым:

- Қайырлы кеш! Өтінемін, сіздің қасыңызда жылынып отыруға бола ма, өйткені, мен би кешінің аяғына дейін тосуым керек, ал дала болса суық.

- Неге тосу керек?

- Қызыма би кешінен кейін, шығарып салам деп уәде берген едім. Ал өзім сабақта болып кешігіп қалдым. Ол қауіпсіз ауданда тұрады.

- Сен де мында оқисың ба?

- Дайындық курсына барып жүрмін.

- Оқуға түсуге дайындалып жүрсін бе?

- Иә, бірақ бүгін төбелесем деп ойлаймын.

- Неге?

- Менің қызыммен билеп жүрген жігітке, оны шығарып салуға жол бермеймін. Ол үшін күтіп тұрған жоқпын.

- Онда өзің барып биле.

- Сіз мені жібермейсіз ғой!

- Олай болса өте бер, бірақ төбелес болмасын.

- Рахмет!

- Жарайды...

- Бұл жас жігіттің жетістігін талдаңыздар.

Бұл жігіт басынан бастап, өзінің өтінішіне «иә» деген жауап алды, яғни Сократ ережесі бойынша әрекет жасады. Екінші «иә» деген жауаптың қажеті болмады, өйткені ол өзің «нағыз жігіт» екенін көрсете біліп, имиджін көтерді. Ал соңғы төбелес туралы аргумент күзетші үшін шешуші болды, өйткені күзетші төбелесті болдырмас еді.

2-Карточка. Жаңа шаш үлгісі

К а р т о ч к а ғ а т ү с і н і к т е м е.

- Неге әкесі сендіре алмады?

Әкесінің тапсырмасы басынан қиын болды, өйткені ұлы үшін сыртқы келбетіне байланысты жолдастарының пікірлері бірінші орында болды (бұл сұрақта олардың пікірлері жоғары).

Бұл жағдайды әкесі ұрыстан бастап, қарым-қатынастың араларын ажыратып жіберді.

Басқаша айтқанда, 8-11 ережелерін бұзды. Баласын мазақтағаннан кейін, жағымсыз әңгімелесуші болуға бір қадам жасады.

Нәтижесінде, әкесі ұлымен ешқандай шешімге келмей, ұрысты. Сонымен қатар, басқа да сұрақтар бойынша әсер ету мүмкіндігін төмендетті.

Қорытынды:Иландырудың сәтсіздікке ұшыруы 14 ережені бұзумен байланысты болады.

Керісінше: осы ережелерді дұрыс қолданған кезде, мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.

9-тақырып: Ымдау және қимыл қарым-қатынастың вербальды емес құралы.

Жан дүниенің әрбір қимылы дауысында,

ымында және қимылында табиғи ретінде көрініс береді.

Цицерон

Сабақтың басында кішігірім көріністі өткізу керек.

Студент көйлегін шкафтан алады, айна алдында оны киіп көреді, үстелдің үстіне қояды, үтікті қосады, үтіктейді, ойламаған жерден саусағын күйдіріп алады, үтікті көйлектің үстіне лақтырады, саусағын үрлейді, көйлек күйіп қалады. Қыз бала үтікті алады, басқа жерге қояды, көйлегін алып, жылап жібереді.

- Бұл көріністен сендер не түсіндіңдер? Сендер бұл қыздың не істегенін қалай білдіңдер? Қыз бір сөз де айтқан жоқ қой? Ым мен қимыл арқылы көптеген әрекетті көрсетуге болады екен.

Сабақтың тақырыбын барлау.

- Тақырыптың қандай сөзі тақырыпта сізге түсініксіз?

- Ым және қимыл, мимика дегеніміз не?

Ым - ішкі жан дүниені көрсететін бет бұлшық еттерінің қимылдары.

Қимыл – қолдың немесе басқа дене мүшесінің қимылы.

Сонымен, ым және қимыл сөзбен тығыз байланысты. Қимыл және ым жалпы сөзді ауыстырады. Цицерон айтқандай, біздің ішкі дүниеміздің қимылын білдіреді. Сондықтан, біздің сабағымыздың мақсаты осындай:

  1. Біздің өміріміздегі вербальды емес құралдарға түсінік беру.

  2. Әртүрлі жағдайлардың көмегімен вербальды емес құралдарды көрсету.