
- •«Тіл мәдениеті және іскерлік шешендік өнер» курсының зерттеу нысаны, мақсаты және міндеттері
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Ауызша сөйлеу мәдениеті мен дыбыс тілінің тікелей байланыстылығы
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Сырым мен молда
- •Сөз қолдану мәдениеті мен жазу мәдениетінің байланысы, оған қойылатын талаптар
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Тіл тазалығы
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Қарашаш сұлудың қайтыс болғанын естірту
- •Сөз жатықтығы (әдеби тіл нормасы)
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Сөз жатықтығы (әдеби тіл нормасы)
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Сөз байлығы
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Сөз әсерлігі
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Ұлттық мәдениет және өнер
- •Тәжірибелік сабақтар
- •20 Ұпайдан төмен:
- •Құлыптағы шекара
- •Ым және қимыл тілінің тарихы.
- •Тәжірибелік тапсырмалар
- •Адам екі түрлі
- •Тұрақты сөз тіркестері
- •Техникалық жаттығулар
- •Мәнерлеп сөйлеудің эмоционалдығы
- •Сөйлеу мәдениеті
- •Сөйлеу мәдениетіндегі шешендік өнер
- •Сөзді тыңдай білмеу
- •Қаратпа сөз хақында
- •Пікірталас мәдениеті
- •Телефонмен сөйлесу этикеті
- •Пайдаланылған әдебиет тізімі:
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1-тапсырма. Әр сөйлемді бірнеше түрде жазыңдар.
1. Өзен жағасында жалғыз тал бөлек тұр. 2. Таң атты. 3. Бөлме іші ысып кетті. 4. Асқар қатты қуанды. 5. Алыстан малшылардың қой қайырған дауыстары естіледі.
Үлгі: Өзгеден оқшау тұрған жалғыз тал төңірегіне тәкаппарсып қарайтындай.
Өзен жағасында жалғыз тал бөлек тұр
Мұң басқан жалғыз тал топтасқан тұстағы у-шуға қызыға, қызғана қарайды.
Ылғалы мол, күн көзі өзіне ғана еркін жеткенімен, жалғыз тал өзеннен алысырақтағы, тоғай ішіндегі, көп ағаштың бірі болмағанына өкінеді.
2-тапсырма. Сөзді әсерлі жеткізуде кестеде көрсетілген әр бөліктің орны қалай екенін айтып беріңдер.
Сөздің әсерлі жетуі
|
||||
Дерек-дәлел |
Ойға қатысты түрлі беделді пікірлер |
|||
статистикалық |
өмірден
|
заң |
мақал-мәтел |
|
ғылыми |
әдебиеттен, тарихтан |
қанатты сөздер |
қалыптасқан әдет дәстүр, ережелері |
Үлгі: Әдептілік пен халықтық таным ортақ. Мысалы: адамды айналма, адамға қарап түкірме, есінеме деген тыйым сөздер әрі әдептілік, әрі таным. «Айналайын» сөзінде емірену, толғанумен бірге саған келген қиындықты мен көтеріп алайын деген түсінік берер, сол адамды айнала жүріп жамандықтан қорғар дәстүр де бар.
Ұлттық мәдениет және өнер
Біздер осы уақытқа дейін өзіміздің төл тарихымызға да, ежелгі мәдениетімізге де Еуропа жұртшылығының көзқарасымен қарап, батыстық тұрғыдан баға беріп келдік.
Оған кезінде белгілі орыс ғалымы Л.Н.Гумилевтің: "Әрбір этностың өзіндік ішкі құрылымы және өзіндік қайталанбас қасиет-білімі болады",- деп айтқаны куә.
Адамзат өркениеті мәдениеттердің әртүрлілігімен және әртектілігімен бай. Ендеше, осыған орай қазақтың да, одан арғысы ежелгі түріктердің де мәдениеті ерекше қалыптасқан және адамзат мәдениетінің белгілі бір қайталанбас дара бөлігі екендігі ақиқат. Сондықтан әуелі мәдениет дегеннің өзі не? Соған тоқталайық. Мәселен, Қазақ Кеңес Энциклопедиясында: "Мәдениет дегеніміз - адамдардың сан ғасырлар бойы жасап келе жатқан рухани және материалдық игіліктері болып табылады делінген. Бұл жалпылама, жалаң ғана пікір, сірә тоқырау жылдары кезеңінде ұлттық мәдениетке мән бермеуден туса керек. Ал шын мәнінде мәдениет ауқымы кең, алар орны ерекше. Бұл турасында қазақтың көрнекті ғалымдарының бірі Ә.Марғұлан: "Мәдениет дегеніміз - адамзат баласының акыл-ойы, маңдай тері, қажырлы еңбегі, мұның бәрі - зор қоғамдық сипат"- деген екен.
Сонымен мәдениет, халық мәдениеті - ұлттық тарих сахнасында қалыптастырып мәдениет мұрасы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, яғни мәдениет өз топырағында дамып, өркендеуі тиіс. Мәдениетті сонымен қатар қоғамдық болмысымыздың барлық саласымен тамырлас, астас жатқан қасиетті ұғым ретінде де қарағанымыз жөн.
"Адам мәдениетті дамытады, мәдениет адамды тәрбиелейді" деген ұлағатты ұғымға сүйене отырып мәдениет тарихының - рухани және материалдық болып екі салаға бөлінетінін білеміз.
Рухани мәдениетке - күллі басылымдар, радио, теледидар койылымдары, кино, оқу-ағарту істері т.б. жатады. Ал тарихи ескерткіштер, театр үйлері, клубтар, мұражайлар т.б. толып жаткан мәдени мекемелер, сонымен қатар қол өнер мұралары, зергерлік т.б. материалдық мәдениетке жатады. Жалпылай айтқанда мәдениеттің қатыспайтын саласы жок. Мысалы, олар экономикалық, экологиялық, халықаралық-дипломатиялық, саяси мәдениет т.б. болып жалғаса береді.
Рухани мәдениеттің өзі этикалық, эстетикалық болып түрлене түсер еді.
1. Этикалык мәдениетке - жүріс-тұрыс мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, жазу-сызу мәдениеті, тамақтану мәдениеті, көрермендік-оқырмандық мәдениет, діни мәдениет жатады. Осы айтылған пікіріміздің баспасөзде көрінісі қалай деген мәселеге келетін болсақ, онда еліміздің ұстанған бағыт-бағдарынан бастап, адам жан дүниесіне дейін газет беттерінде күнделікті жазылып жүр. Әсіресе казақ басылымдары оның ішінде "Қазақ елі", "Қазақ әдебиеті", "Ана тілі", "Егемен Қазақстан" т.б. газеттерде халықтың басына түскен ауыртпалықты, экономикалық қиындықты, рухани жұтап бара жатқанымыз жайлы мәселелер көтеріп, жарық көруде. Мысалы, "Ақ жол" газетінің 1994 жылғы 14 желтоқсан күнгі санында Қуаныш Иембердітегінің "Депутат және өмір" айдарымен берілген, "Мәдениетін өгейсіткен ел-қанаты қайырылған құс" атты материалы жарық көрді. Материалда сол кездегі халық депугаттары Шерхан Мұртаза мен Уәлихан Қалижан өздері сайланған облыс, ауылдарға барып мәдениет қызметкерлерімен кеңескен әңгімелерін сөз етеді. Мақалаға тақырыптық жағынан келсек: тақырып ашылған: Мысалы, құстын екі қанатының бірі - экономика болса, екіншісі - мәдениет болуы керектігі айтылады. Осы екеуі қатар жүрсе ғана іс оңалады. Өкінішке қарай, бізде қазір, бүкіл ниетіміз тек экономикаға ауып, құсымыз жер сабалап, сыңар жақтау күй кешудеміз...
Қазақстан қанша қиын кездерді басынан өткерсе де, рухани дүниемізде бізге кімдер келіп жетті десек, әл-Фараби, Абай, Жамбыл жетті. Міне, рухани мәдениеттің өмірлік азық екеніне тағы көз жеткізесің. Елдігімізді танытатын да осы мәдениет екенін естен шығармаған жөн. Бұл мақалада діни мәдениет туралы да жақсы пікірлер бар.
Міне, рухани мәдениет туралы ойымыздың қорытындысы ретінде мәдениеттің негізгі тірегі "Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін" деген ұғымға саяды. Қоғамды, мәдениетті дамыту үшін бар күшіңді жұмсау, көп сөз, боссөзділіктен арылу, ешкімге тәуелді болмау үшін жас ұрпақты үлкен қамқорлыққа алу.
Мысалы: Эстетикалық мәдениет жайында "Өркен" газетінің 1994 жылғы 26 ақпанында жарық керген Жүмабай Ахметовтің "Мәдениеттілік туралы сөз" атты мақаласын талдап көрелік.
Автор мақалада жүріс-тұрыс, сөйлеу, тамақтану, көпшілік орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне тоқталады.
Біз өзімізді қоғамдық көлікте, дүкенде, қонақта, туыстар арасында ұстауды білеміз бе? деген өз сұрағына былай деп жауап береді.
"Дөрекі сөз дұрыс қарым-қатынасқа кедергі жасап, адамның көңіл-күйін төмендетеді. А.П.Чехов өзінің інісіне жазған хатында мәдениетті адамға тән төмендегі негізгі талаптарды ашып корсетеді. Олардың кейбіреулері:
1) "Олар адамның тұлғасын сыйлайды, сондықтан сыпайы, биязы келеді".
2) "Олар адамдарды аяғыш".
3) "Олар ағынан жарылады; ешқашан өтірік айтпайды" дейді.
Сонымен қатар, басқышпен көтеріліп, төмен түскен жағдайда ер адам әйелдің соңында жүргені жөн.
Есікті бірінші болып ашады. Егер әйел адаммен тысқа бірге шығатын болсаңыз, киінуге көмектесіңіз көшеде әйел оң жағыңызда жүруге тиіс деген сияқты қарапайым болса да, үлкен мәні бар мәдениеттіліктің тармақтарына тоқталады. Жалпы автор мәдениеттілікті күнделікті өмір тіршілігімен байланыстыра оқырманға жеңіл де түсінікті етіп жеткізе білген.
Мәдениет - кең мағыналы ұғым. Оның салалары мен түрлері қандай көп болса, қоғамдық өмірден алар орны да әр алуан және маңызды. Мәдениеттің өзін ғылым, өнер, ағарту, тіл және әдебиет құрайды.
Енді сол мәдениеттің ең бір үлкен саласы өнерге тоқталайық: "Өнер - өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін қоғамдық сана мен адам іс-әрекеті, өзіне тән ерекшеліктерімен дараланатын формасы".
Ал қазақ өнерінің тарихын зерттеушілердің бастауы көзінде тұрған Ахмет Байтұрсынов әлемдік өнер түрлерін, оның атауларын көңіл көзінен өткізе келе өзінің "Әдебиет танытқыш" атты еңбегінің "Аңдату" деп аталатын кіріспе бөлімінде өнер тақырыбы туралы былайша сөз қозғайды.
"Біздің анық көріп, сезіп, біліп тұрған айналамыздағы нәрселердің бәрі не табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрсе, не адам ісінен шыққан жасалынды нәрсе. Орман, теңіз, тау, өзен, бұлақ - баулар табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрселер. Табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрселердің бәрі табиғат дүниесі болады, адам ісінен шыққан жасалынды нәрселердің істеліп шығуына адамның ақылы, әдіс-амалы, шеберлігі, өнер күші кіріскен.
Осы екі анықтамадан өнер ұғымына адамның технологиялық және эстетикалық жақтарынан аса шеберлікпен орындалған адам іс-әрекетінің, қызметінің барлық түрлері жатады деп ой түюге болады.
Демек, өнердің мақсаты - дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелеу де, ал міндеті - оқушысын қуаныш пен ләззатқа бөлейтін, рухани жағынан байытып, оның әсемдікке деген сезімдерін оятатын көркемдік заңдылықтар арқылы өнер туындыларын жасау.
Бүгінде қанша жерден қара күйе жаққанымызбен де Қазан төнкерісі қазақ даласына мәдениеті мен өнеріне үлкен өзгерістер мен табыстар әкелгендігін жоққа шығара алмаймыз. Қазақтар Кеңес өкіметі тұсында алуан салалы, көп жанрлы профессионалды өнерге ие болды. Республикамызда Құрманғазы мен басқа да халық композиторларының тамаша туындыларын халқымызға паш етіп отырған - Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі. (1934 ж.), Қызылордада шаңырақ көтерген тұңғыш қазақ драма театры (1928 ж.), сол жылы Советтік Шығыс республикаларының ішінде ең тұңғышы болып Абай атындағы опера және балет театры құрылды. Сондай-ақ 1944 жылы ашылған Алматы мемлекеттік Консерваториясы, 1958 жылы құрылған Көркем сурет училищесі, 1933 жылы Суретшілер Одағының құрылуы Қазақстан мәдениеті мен өнерін жаңа белеске көтергендігі анық. Күні бүгін қазақ жерінде өнердің қай түрі де кең қанат жайып, шырқау биікке көтеріліп, Қазақстан мен Қазақ мәдениетінің, өркениетінің қай дәрежеде екендігін танытып отыр.
Театр өнері туралы баспасөз беттерінде біршама жазылып жүр. Театр өнері халықтар үшін, олардың ерлік-жігерін, сезімдері мен ойларын бейнелеуге, олардың идеялық жағынан баюына және адамгершілік тәрбиесіне әсері болуы тиіс.
Театр өнерін дамытудағы басты бағыт - халықтық өнермен байланысын нығайту, өмір шындығын танымды әрі көркем бейнелеу, коғамның алға басуына бөгет жасаушыларды батыл әшкерелеу.
Қоғамымызда болып жатқан өзгерістер, жаңаша ойлау, жариялылықтың театр өнеріне де әсері болмай қойған жоқ. Бұрын атын атауға қорқып, тұншығып жатқан дүниелер қозғала бастады. Нәтижесінде белгілі қаламгеріміз III. Мұртаза дүниеге жаңа шығарма әкелді, өнер ұжымдары сахналап Ш. Мұртазаның заманының заңғар, мемлекет қайраткері, елім, жерім деп өткен азаматы алып тұлға Тұрар Рыскұловтың өмірін бейнелейтін "Сталинге хат" пьесасы, "Бесеудің хаты", драматург Қ. Мұхамеджановтың "Біз періште емеспіз" атты пьесалары осының айғағы. Сонымен қатар жариялылықтың лебі, осы уақытқа дейін бізге белгісіз болып келген қазақ халкының өнер мәдениетіндегі алғашқы карлығаштары, жарық жүлдыздарының шығармаларымен таныса бастадық. Шығармалары әдебиетімізден орын алып, театрымызда қойыла бастады. Мысалы: Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" спектаклі т.б.
Театр - ұжымдык өнер. Мұнда тек қана актер ойыны емес, режиссер, суретші, композитор, тіпті драматург те үлкен рөл ойнайды.
Өнер - жер бетінде тіршілік ететін халықтар мен этностардың, ұлттар мәдениетінің көрінісі. Адамзат баласының бүгінгі күнге дейін қол жеткізген табыстары мен жетістіктері, мәдениеті мен өркениеті өнер арқылы өрілгені анық. Егеменді елімізді өзгеге таныстыратын, әлем алдындағы абройымызды да насихаттайтын осы мәдениетіміз бен өнеріміз.
"Сымбатты өнер болмаған елде, мағыналы тіршілік жоқ",- деп М.Әуезов айтқандай, ешбір қоғам мәдениетсіз, өнерсіз алға баса алмайтынын тағы да көз жеткізгендейміз.
Өнер мәселерін жазуда қазақ басылымдары біршама еңбек етуде. Жарық көрген дүниелердің көбіне көп, мақтау, мадақтау, мүшелтой материалдары, шығармашылық кештер т.б. тұрғысындағы мақалалар. Ал проблемалық мақалалар, көбіне өнер адамдарының тұрмысына барып тіреліп, сол өнер проблемасын емес, өнер адамының проблемасы яғни тұрмысы төңірегінде жазылып жатады. (Иә, "үйі жоқтың күйі жоқ") тұрмыстың да өнерге қатысы бар, бірақ өнер өз уақытынан қалмау керек.
2 бөлім