
- •«Тіл мәдениеті және іскерлік шешендік өнер» курсының зерттеу нысаны, мақсаты және міндеттері
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Ауызша сөйлеу мәдениеті мен дыбыс тілінің тікелей байланыстылығы
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Сырым мен молда
- •Сөз қолдану мәдениеті мен жазу мәдениетінің байланысы, оған қойылатын талаптар
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Тіл тазалығы
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Қарашаш сұлудың қайтыс болғанын естірту
- •Сөз жатықтығы (әдеби тіл нормасы)
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Сөз жатықтығы (әдеби тіл нормасы)
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Сөз байлығы
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Сөз әсерлігі
- •Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Ұлттық мәдениет және өнер
- •Тәжірибелік сабақтар
- •20 Ұпайдан төмен:
- •Құлыптағы шекара
- •Ым және қимыл тілінің тарихы.
- •Тәжірибелік тапсырмалар
- •Адам екі түрлі
- •Тұрақты сөз тіркестері
- •Техникалық жаттығулар
- •Мәнерлеп сөйлеудің эмоционалдығы
- •Сөйлеу мәдениеті
- •Сөйлеу мәдениетіндегі шешендік өнер
- •Сөзді тыңдай білмеу
- •Қаратпа сөз хақында
- •Пікірталас мәдениеті
- •Телефонмен сөйлесу этикеті
- •Пайдаланылған әдебиет тізімі:
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. «Сөздің дәлдігі, сөздің нақтылығы» деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер? Бұл туралы өз ойларың қандай, оны қандай мысалдармен дәлелдеп айтуға болады?
2. Тіліміздегі сөздерді мағынасына сай қолданбау, дәлдіктен көз жазып қалу қандай тілдік ерекшелікке байланысты, ол үшін әрбір сөйлеуші немесе сөз қолданушы қандай заңдылықтарды қатаң негізге алу қажет?
Кейбір авторлар «бір тілдің лексикасында мүлде бір мағынада айтылатын екі немесе бірнеше сөз жоқ, сондықтан бұл сөздердің ұқсастығын абсолюттік ұқсастық деуге болмайды» деген дәлелдер келтіреді. Осыны қандай мысалдармен тұжырымдап айтуға болады? Осындай ойдың сөз дәлдігіне қатысы бар ма?
Тілде толып жатқан өзара мәндес, мағыналас сөздер бар. Алайда мұндай сөздер бір-біріне қаншама жақын, мәндес болғанымен, олардың бойындағы рең, жұмсалу өрісіндегі айырма стильдік қолданысқа да тәуелді. Осындай ерекшелікті қалай түсінесіңдер, нақты мысалдар келтіріп, бір-бірімен салыстырып көріңдер.
5. Кейде жеке бір сөздің не сөз тіркестерінің бірнеше нұсқасы болады. Нұсқалы сөздер екен деп мұндайларды сөйлеу тілінде бірінің орнына бірін қолдана беруге бола ма, әлде болмай ма? Сөзді өз орнымен қолдана білуге бұның қандай зияндылығы бар? Дәлелдеп көріңдер.
1-тапсырма: Төмендегі бір-біріне мәндес болып келетін нақыл сөздерді өз орнымен қолданып, шағын мәтін құрастырып көріңдер. Бұл сөз тізбектерінің дәл мағынасында жұмсалып тұрғанына өз ойларыңмен талдау жасап, әр сөйлемнің стильдік реңктерін түсіндіріңдер.
а). Қазанға не түссе, қасыққа сол ілінеді - Не ексең, соны орасың;
б) Жалаң болмайын десе, теңіз де суалып қалады - Сұмырай келсе, су құриды;
в) Желсіз жапырақ та желбіремейді - Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды;
г) Ертеңгі тауықтан, бүгінгі жұмыртқа артық - Аспандағы тырнадан, қолдағы торғай артық;
д) Өлім қаупін туғызды - Ажал отын шаша бастады;
е) Үріп ауызға салғандай - Жүзіктің көзінен өткендей;
ж) Соқырға таяқ ұстатқандай - Тайға таңба басқандай;
з) Ит терісін басына қаптады - Жер-жебіріне жетті.
2-тапсырма: Ақын-жазушылардың, данышпандардың, ұлы адамдардың даналық сөздерінің жалғасын төмендегі тірек сөздерді негізге ала отырып, тиянақтап көріңдер.
а) Бәлеқор жаныңда болса, ... Ж.Баласағүни.
б) «Қорқақтық, ездік, аяңшақтық, көнбістік - ... Ғ.Мүсірепов.
в) «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - ... Б. Момышұлы.
г) Жарғанат жарықты сүймейді,... С.Сарай.
д) Ізденсе, талаптанса, қолдан жасалмайтын шарт жоқ. Құнттамаған, ізденбеген, соңына түспеген адамның... Ж.Аймауытов.
е) Өмір жолы қандай қызықты, қандай қиын, үңіле қараған адамға оның қызығы мен қиындығында емес пе? Өмір жолы үлкен қозғалыс: ол қозғалыс әрқаша да алға, алысқа құлаш сермейді,...» М.Ғабдуллин.
ж) Мен де қазақпын жаралған сүйек-еттен, Менде ар бар, менде ой бар жан тебіренткен,... Б.Момышұлы.
з) Балаға сіңірген ата еңбегін бала өмірі ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатыңа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ...» Ғ.Мұстафин.
й) «Шын махаббат, шынайы махаббат өтірікпен әсте сыйыспайды. Ондай махаббат қорлыққа да, зорлыққа да риза болып шыдайды,...» С.Мұқанов.
к) Адам дүниеге тек қана келіп, әншейін ғана аттана бермейді, ... Б.Бұлқышев.
Тірек сөздер: Ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады; сүйген жүрек, адал жүрек есептесуді білмейді; ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат; Халқымның қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткем; бәледен бас алмассың; құлдықтың ең жаман түрі; сатқындық; күншіл ғылымды сүймейді; жұмысы еш уақытта берекелі болмақ емес; талай өркешті толқындарды да кездестіреді.
З-тапсырма: «Ұяла білу де - әдептілік» тақырыбына арналған төмендегі мәтіндегі сөйлемдердің орны ауыстырылып берілген. Ой дәлдігіне байланысты сөйлемдерді өз орнына қойып, мәтінді тиянақта. Осы тақырыпқа байланысты ой толғап, сұхбаттасып көріңдер.
а) Ұят - адам қасиетін бағалайтын сезім. Ол сезім отбасында ересек адамдардың әңгімесін есту арқылы бала кезден адам бойына сіңеді. Бедел мен абыройға қарапайым еңбегің арқылы, байыпты сөзің арқылы, мейірімді мінезің арқылы, әдеп сақтауыңмен, жөнсіз әрекеттерден бойыңды аулақ ұстауыңмен, үлкенді тыңдау, сыйлау, құрметтеуіңмен жетесің. Ұят - ең нәзік сезім, ол адамның беделімен, абыройымен тығыз байланысты.
Тапқыр ойыңмен, қатар құрбыларыңның алды болуыңмен, достық-жолдастық қарым-қатынасыңмен, ибалылығыңмен, ынта-жігер, талабыңмен, тындырымдылығыңмен, жақсыны жаманнан айыра алуыңмен, оларға деген игі де ізгі ниетіңмен, жек көру, жақсы көру ләззатыңмен ие боласың» (М.Тілеужанов).
б) «Ұяты барлар, яғни, арлы, ожданды, парасатты жандар жаман әдеттерден бойын аулақ салады. Ал өтірік пен ұрлыққа үйір болу - нағыз ұяттың ұяты. Көрсе қызарлыққа салынбайды, ащы судан қашық жүреді, темекі-шемекі дегендер тентектердің ісі деп, олардан бойын аулақ ұстайды. Олардың зияндылығы адамды орға жығуы мүмкін» (М.Тілеужанов).
4-тапсырма: Төмендегі мақал-мәтелдерді тақырып ретінде алып, түрлі жанрда (әңгіме, мақала, мысал) шағын мәтіндер құрастырып көріңдер. Әрбір сөйлемдегі ойдың дәлдігіне, нақтылығына, ықшамдылығына көңіл бөліңдер.
Мысалы: Өлімнен ұят күшті. Ұлы сөзде ұят жоқ. Ұяң адам - ұялшақ, ұятсыз адам - сұраншақ. Білмегенді сұраудың ұяты жоқ. Өзі ұялмаған кісі бетін шиедей қылады. Ұялмаған бұйырмағаннан ішеді. Ұялу - мәдениеттілік. Қыздарымыз - ел намысы, ел ары, ел гүлі. Туған жер үшін күрес - ұлға тиген үлес, ар үшін күрес - қызға тиген үлес т.б.