Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
YMKd_po_sociologii_kaz_yaz_-novyy_variant.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
2.76 Mб
Скачать

1 Тақырып Социологияның пәні.

Лекцияның мақсаты – социологияның мәні мен мазмұнын анықтау. Ол үшін оның қолданатын ұғымдарын, парадигмаларын, құрылымын, басқа гуманитарлық ғылымдардан ерекшіліктерін айыру.

Негізгі ұғымдар - әлеуметтік, әлеуметтік іс-әрекет, әлеуметтік факт, социология, ғылыми тәсіл, әлеуметтік мәселе, макросоциология, микросоциология, құрылымдық көзқарас, іс-әрекеттік теория, функционалдық бағыт, дау- жанжалдық бағыт.

Лекцияның жоспары

  1. Социологияның пәні. Социология ғылымының өзектілігі және маңыздылығы.

  2. Социологиялық ұғымдар, парадигмалар.

  3. Социологияның құрылымы, атқаратын функциялары.

  4. Социологияның басқа ғылымдарменен арақатынасы.

«Социология терминінің» этимологиясына үңілсек, ол латынның «societas» сөзінен шыққандығын және «қоғам» деген мағына беретінін, «logos» грекше « білім,ілім», яғни «қоғам туралы ілім» дегенді білдіретініне көз жеткіземіз. Адамзат қоғамы – бұл ерекше құбылыс. Ол тікелей немесе жанама түрде көптеген ғылымдардың обьектісі болып саналады ( тарих, философия, экономика, психология, құқықтану,саясаттану және т.б.), олардың әрқайсысы қоғамды түрлі қырынан қарастырады, зерттейді. Социологияның объектісі-қоғам, ал пәні- қоғамның әлеуметтік өмірі, яғни адамдардың өз- ара қарым-қатынасы.

Кез келген ғылым секілді социология өз бастауын сонау ежелден алады.Тарихтағы тұңғыш қоғам туралы еуропалық теориялар антикалық философияның негізінде пайда болған. Олардың ішіндегі ең маңыздылары ежелгі грек философтары – Платон мен Аристотельге тиесілі. Платонның жарқын қоғамдық көзқарасы «Мемлекет» диалогында толығымен суреттелген. Оның басты идеясы адамзат қоғамы саналы түрде құрылған және мақсаттылық пен саналылық қағидаларына сәйкес интелектуалды элитамен басқарылатын идеада қоғамдық жүйені іске асыруы тиіс дегенге келіп саяды.Қоғамда тәртіпсіздік, әлеуметтік шиеленістен онда қашан қатаң тәртіп орнағанша шыға алмайды, мұнда әрбір азамат өз ісімен айналысып (еңбек бөлінісі) басқа азаматтардың, таптардың, жұмыстарына араласпауы тиіс (әлеуметтік бөлініс). Тұрақты деп ол негізінен үш тапқа бөлінген қоғамды айтады: ақсақалдылардан, мемлекет басшыларынан тұратын жоғарғы тап; тәртіпсіздіктен қорғайтын жауынгерлерден тұратын ортаңғы тап; шаруалар мен құлдардан тұратын төменгі тап. Платонның есептеуінше интелектуалды элита тумыстан пайда болады. Платон адамдар табиғатынан тең емес және оларды басқару адамға тумыстарынан берілетін қасиеттер.

Аристотель тәртіптің негізі деп – ортаңғы тапты есептейді. Одан басқа екі тап бар: бай плутократия және бар мүлкінен айырылған кедейлер. Мемлекет барынан айырылған кедейлер басқарудан алшақтатылмағанда ғана жақсы басқарылады, бай плутократияның эгоистік қызығушылықтары шектеледі; ал ортаңғы тап алдыңғы екеуіне қарағанда көп және күштірек болуы тиісті.Аристотельдің айтуынша қоғамның кемшіліктері өзара теңестірілуімен емес, адамдардың моралдық тұрғыдан жақсаруынан түзеледі.Заңдастырушы барлығының теңдігіне емес, өмірлік қабілеттердің теңдігіне ұмтылуы тиіс. Жекеменшік, таза эгоистік қызығушылықтарды арттырады. Олар бар кезде адамдар бір-біріне мән бермейді. Жеке меншікте байлық пайда болады және теңсіздік туындайды, алайда тек соған тек сол ғана оларға жомарттық көрсетуіне мүмкіндік береді.

Алайда шектен тыс меншіктегі теңсіздік мемлекет үшін қауіпті. Аристотель қарапайым ортаңғы тап өкілдері басым қоғамды дәрптейді.

Тағы бір адамзат қоғамының көрнекті зерттеушісі Николла Макиавелли болды.Ол қоғам мен мемлекет туралы ерекше теорияны жасаған заман ойшылы. Оның басты «Патша» еңбегінде халықтың азаматтық тұрғыдан қалыптаспай, бірақ баса көңілді қоғам құрылысына емес, керісінше оның саяси лидеріне байланысты дейді. Күшті мемлекет құру мәселесі осымен талқыланады деген пікірде, Макиавелли сәттіліке қол жеткізгісі келген басшының әрекеттеу заңдылықтарын жүйелеген.

Осы ғасырдың ортасында Томас Гоббс азаматтық қоғамның негізгі түсінігіне айналған қоғамдық келісімнің теориясын жасап шығарды. Гоббс: «Қоғам қайткенде болмақ?» деген сұрақ қойып оған былай жауап береді: адамдар қоғамдық өмірге дүниеге икемсіз келеді де оған деген бейімділікті тәрбиенің нәтижесінде қалыптастырады.Екіншіден, азаматтық қоғамда бірін-біріне деген қорқыныш сезім бар. Гоббстың ойынша - адамдардың табиғи жағдайы « ол бәрінің барлығына қарай соғысы»; тіршілік ету үшін индивидтердің абсалютті бәсекелестігі. Бұл қоғамның табиғи жағдайы адамдардың бір-біріне деген қорқыныш сезімін туындатады. Осындай қорқыныш сезімі азаматтық қоғам құруға итермелейді, яғни бұл келісім қоғамның әрбір мүшесін басқалардың өштестілігінен қорғаншылық қызметін тудырады. Қорқыныш бөлмейді, керісінше біріктіріп барлығының қауіпсіздігін ойлатады.Мемлекет- мұндай қажеттіліктің ең жақсы өтелуі.Азаматтық қоғам- дамудың жоғарғы сатысы; Ол барлығы мойындаған заң нормаларына сай болады;Азаматтық қоғамда үш түрлі билік формасы бар:

1.Демократия.

2. Аристократия.

3.Монархия.

Қоғамдық келісімнің нәтижесінде бәрінің жалпыға соғысы аяқталды: тұрғындар өз еркімен бостандықтарынан бас тартып, орнына сенімді қорғаныс алады.

Өзіндік көлемді үлестерімен социологияға Джамбаттисто Вико (1668-1744) қосқан.Ол ағарту эпохасында тарихи тәсілдердің қағидаларын сонымен қатар «азаматтық әлемді» тану шарттарын ұсынған. Щарль Луи Монтескье болса, социология ғылымының теорилық-идея негізінің қалауына улкен үлес қосақан.Оның «Заңдар рұхы туралы» деп аталатын еңбегі баршаға мәлім. Оның есімімен географиялық детерменизм теориясының пайда болуы байланысты.Жан Жак Руссо ‘Ordre natural’(«Табиғи реттілік») концепциясын жасап шығарған. Руссо Гоббсқа қарағанда «адамдар табиғатынан бір-біріне жау дегенге келіспейді».Оның түсінігінде адам табиғатынан мейірімді,азат және жан-жақты.Руссоның саяси теориясының негізі болып – халықтың егемендікті жалпы еріктің іске асуын де қабылдауында жатыр.Ол кезегінде заңдардың бастауы әділеттіліктің өлшемі мен басқарудың басты қағидасы болып табылады деп түсінеді.

Социологияның ғылым ретінде дамуы.Жоғарыда аты аталған идеялар мен еңбектер келесі бір маңызды еңбектің тууының алғышарттарына негіз болды.Ол социологияның негізін қалаушы болып саналатын «ол социология терминін ғылымға енгізген) Огюст Конттың (1798-1857).»Позитивті философия курсы» еңбегі.Ол өзінің басты шығармасында тарихтың дамуы мен адамзат танымының біркелкі заңын негіздейді. Джамбаттист Виконың ұсынған адамзат тарихының үш кезеңін адамзат рұхы өтуі тиіс: -теологиялық немесе жалған; метафизикалық немесе абстрактілі; - ғылыми немесе позитивті кезеңдер. Бірінші теологиялық кезеңінде адамзат ақылы әлемді немесе жан-жақта болып жатқан құбылыстарды тура немесе үнемі тылсым күштердің әрекетімен түсіндіреді. (Бұл кезең үш сатыға бөлінеді:фетишизм жоғарғы формасы – аспан денелеріне табыну;политеизм «қиялдың гүлденуі- антикалық Греция» Монотеизм бұл кезде біркелкі рұхани қағиданы мойындау- түрлі рұхани өмірлердің бірлігіне әкелеуі, бірақ қиялды өшіреді.Екінші метафизикалық кезеңінде антропоморфты кереметтер назар аудартарлық күштермен алмастрылады.Олар әлемнің түрлі жаратылыстарына негізделеген сан алуан абстракциялар болуы мүмкін.Үшінші позитивті кезеңіне келетін болсақ Конт оны былайша сипаттайды: «адамзат ақылы- абсалютті білімді ала алмайтынын мойындап, құбылыстардың пайда болуының ішкі сұрақтарына жауап іздеуден бас тартады.Енді ол тек «пайымдаулардың бірлігімен және бұл құбылыстардың шынайы бақылауларының, басқалай айтқанда реттілістіктің өзгермес қарым-қатынасымен өзара ұқсастықтарының көмегімен ғана жаңалық ашумен айналысады».Ғылым (мұнда да Конт француз ағартуының мұрагері ретінде көрінеді) өзіндік мақсат емес, ол адамзат дамуына септігін тигізеді. Социология позитивті ғылым ретінде келешекте « позитивті қалып» бағытында мемлекеттің дамуына септігін тигізетін саяси іс-әрекеттерді жеңілдететін таныммен қамтамасыз етуі тиіс.Осылайша Конттың «Позитивтілігі» біржағынан танымға, екінші социологиялық құрылымға қатысты.Позитивті қалып тек құрал ғана емес, сонымен қатар рұхани дамудың мұраты «табиғи заңдардың» көмегімен қоғамдық қатынастардың ауызбіршілігіне әкелетін жетістік те болып табылады.О. Конттың негізгі теориясының графикалық үлгісі келесі кестеде беріледі:

ҒЫЛЫМ

Тәсіл

Абстракті (математика)

Логика

Нақты (геометрия, механика)

Бақылау

Астрономия

Бақылау

Физика

Бақылау+тәжірибе

Химия

Бақылау+тәжірибе+жіктеу

Биология

Бақылау+тәжірибе+жіктеу+салыстыру

Социология

Бақылау+тәжірибе+жіктеу+салыстыру+тарихи тәсіл

Француз ғалымы Огюст Конт социологияны жеке дербес қоғам туралы ғылым ретінде негіздеуші – қоғамды тұтас бір әлеуметтік болмыс ретінде қарастырды.

▪Қоғам дамуды айқындайды және оны құрастырушы субъектілерінің

іс-әрекетін анықтайды.Адам қоғамда автономды дамитын тұлға ретінде ғана емес, әлеуметтік субъект ретінде рөл атқарады.

▪О. Конт тарихқа позитивизмнің негізін қалаушы ретінде енді.Позитивті философия қиял мен болжамдарға емес, ғылымның өзіне негізделеді. Конттың ойына сәйкес қоғамның дамуына адам санасының интелектуалды эмоциясы әсер етеді.Ғылым интелектуалды эволоюцияның жоғарғы көрінісі

Конттың енгізген ұғымдары. Социологиялық динамика қоғам дамуы мен қолданылуының механизмін айқындайды. Социологиялық статика – қоғам жүйесін түсіндірумен социоинституттардың өзара қатынасы.

Социологиялық талдау дәрежелері:

Кәзіргі таңда социологиялық талдаудың екі түрі қалыптасқан:

  • Макросоциология – қоғам дамуындағы үлкен заңдылықтарды қарастыратын теориялар жиынтығы; Қоғамдық жүйенің басты байланыстары, топ аралық қарым-қатынас және фундаменталді процестер.

  • Микросоциология – кіші топтар арасындағы немесе тұлға аралық қарым-қатынастар туралы теориялар.

Бұл екі топтың арасын ашып алу үшін мына сөздерді салыстырып қарауға болады: қоғам-топ, норма-стереотип, революция-девиация.

Макросоциология мен микросоциология қоғам өмірі, оның тіршілік көзі, ондағы жаңалықтар мен өзгешеліктерді, оның социологияға тигізер әсерін зерттейді.

Басқа ғылымдар секілді социологияның да өзіне тән ұғымдары, категориялары, парадигмалары бар. Оларсыз ғылым өз дербестігіне ие бола алмайды. Социология ғана нақты, яғни реалды қоғамды жан-жақты және біртұтас тұрғыдан қарастырып,зерттейді. Ол адамдардың іс-әрекеттерінің барлық түрлерін әлеуметтік тұрғыдан қарастырып, зерттеп, түсіндіруге тырысады.

Социологиялық ұғымдар басқа ғылымдардағы ұғымдар секілді қарастрылған құбылысттар мен үдерістердің негізгі мәнінін анықтайды. Социологияда статистикалық, операционалды, аналитикалық ұғымдар бар. Статистикалық ұғымдар статистика гылымында қолданылатын ұғымдарды социологияға бйеімдеп, нақтылай айтсақ тіптен басқа сапаға көтеріп, мәні өзгертілген ұғымдар. Мысалы, статистика ұғымдарыының мәні сандық өлшеммен беріледі, ал социологияда сапалық және адамдардың қатынастарының ерекшіліктерін ашуға бағыттайды. Егерде статистикада қарстырған үдерістің қайсысының пайыздық басымдығы жоғары болса, сөзсіз мәселе соның пайдасына шешіледі, ал социологияда бұл қағида міндетті емес. Көп жағдайда мәселенің шешілуі аздық көрсеткіштері бар жақтың пайдасына шешілуі мүмкін.

Операционалды ұғымдар көмекші, құралдық функцияларды атқарады. Мысалы, «діншілдік» терминін алсақ, ол жоғары құдіретке сену деген мағнаны білдіреді. Ал оған эмпирикалық,операционалдық іс-әрекет арқылы мағна берсек, онда ол адамның мешітке қаншалықты жиі баратынын, оның діннің мазмұнын білу деңгейін анықтау болар еді.

Ал социологиядағы аналитикалық ұғымдар болса, олар өздерінің мазмұндары мен мәндерінің жалпылығыменен ерекшеленеді, сондықтан да олар қандай болмасын қоғамның тарихи ерекшеліктеріне қарамастан қолдныла береді. Мысалы, нормалар, санкциялар, рольдер сияқты ұғымдар.

Сонымен қатар социологияның салалық бөлінуіне байланысты арнайы сол салаға тән ұғымдар қолданылады. Мысалы, еңбек социологиясы, жастар социологиясы, қала социологиясы.

Социологиялық ұғымдар социологияның макро- және микросоциология болып бөлінуіне байланысты да реттеледі.

Қорыта келсек, социология ғылымы қазіргі кезде қарқынды даму үстінде, сондықтан да оның ұғымдары да даму үдерісі үстінде.

Парадигма деп ғылымда зерттейтін құбылысқа жалпы көзқарасты айтады. Социология ғылымының қалыптасуына байланысты өмірге келген социологиялық мектептер мен бағыттарға байланысты туындаған парадигмалар бар. Мысалы, әлеуметтік фактілер парадигмасы Э.Дюркгеймнің есімімен және де функционализм мектебімен байланысты. Ал түсінісу парадигмасы М.Вебер мен В.Паретолардың есімдерімен байланысты. Әлеуметтік-тарихи детерменизм парадигмасы К.Маркстың есімімен байланысты.

Социологияның тоериялық бағыттары:

Социология тарихындағы теоретиктер мен қолданбалы, қоғамтанушылар мен гуманисттер, макроаналитиктер мен микроаналитиктер, жанжалшылдар мен эволюсионисттер арасындағы дау – дамай әлі де жалғасып келе жатыр.

Мысалы социология пәнінің бастаушысы О. Конт эволюционист болған, ал Э. Дюркгейм функционалист болған. Осындай ғалымдардың ұстанымындағы қарама-қайшылықтар жиі кездесіп тұрады. К. Маркс, Э.Райт және кәзіргі заман классигі Р.Дарендорф атақты жанжаншылдар болып табылады. Олар қоғам дамуаның басты себептерінің бірі жанжал деп таныды және оны қоғам дамуның дмнамикалық күші деген тұжырымдар айтты.

Сайып келгенде, жанжаншылар эволюционисттер сияқты қоғам болмысында фунционалды бірлікті емес карсылықтарды көрді десе болады.

Жанжаншылар адамдар арасындағы қарама-қарсылықтар, дау-дамайлар, бәсәкелестіктің қоғам дамуындағы маңызы деп қарастырады.

Эволюционистер болса адамдар арасындағы бірлікті, түсіністікті, бірігіп әрекет етудің қоғам дамуындағы орнын қарастырады.

Біз олардың қатарына көрнекті ғалымдар Питирим Сорокин, Толкот Парсонс, Роберт Мертондарды жатқыза аламыз. Пьер Бурдье және Николас Луманды социологияның синтетиктері деп атасақ артық болмас, өйткені бұлар социологиялық өмірдің теориялық моделін жасаған адамдар. Социологияның кәзіргі зерттеушілерінің бәріне таныс деуге болатын тағы бір топ ғалымдарымыз олар: Энтони Гидденс пен Натан Смелзер. Олар кәзіргі замандағы социо зерттеулер туралы кітап жазған ғалымдар. Екеуі де эволюционист болып табылады. Жоғарыда айтылған ғалымдардың барлығы бізге қоғам дамуындағы пайда болған үдерістерді түсініп, оларды зерттеуге көмектеспек.

Социология пәнінің қажеттілігі.

ХХ ғасырдағы ғылыми техникалық революция, қоғамды ақпараттандыру ғылымдағы үлкен серпіліс болып табылады. ХХ ғасырдың аяғы экономикалық қарам-қатынас, сауда-саттықтың дамуымен көзге түсті. Бірақ мұнымен қоса дүниеде болып жатқан табиғаттың нашарлауы, адамзаттың азғындауы, адамзаттың қаруланудағы жарысы сияқты келеңсіз оқиғаларға көз жұмып қарауға болмайды.

Сонымен, адамзат 2 мыңыншы жылдың аяғына қарай экономикалық емес социомәдениеттік факторларға басты назар аударды. Соған орай, адамдардың арасындағы байланыс арта түсті, ғаламға жаңа бір бәріне түснікті тіл керектігі туындады. Ғаламның қай нүктесінде болмасын адамдардың бір-біріне тигізетін әсері анық көріне бастады. Ұлтаралық қатынас арта түсті. Қоғам дамуының маңызды көзі адам мен табиғат байланысының дұрыстығында деп түсінілді.

Кеңес одағының алдына алғаш қойған мақсаттарының бірі - теориялық және қолданбалы социологияны зерттеп оның даму көздерін ашу болды. Осыған орай көптеген социологиялық зерттеулер қолға алынды. Петроградта және Ярославдағы университеттерде соцологиялық кафедралар ашылды. Ресейдегі ең алғашқы болып 1920 жылы Петроград унтверситетінде социология факультететі ашылды. Оны алғаш басқарған П.А. Сорокин. 30 жылдарадағы қалыптасқан тоталитарлық жүйеде социология пәні қудалана бастады, бұл жүйе бойынша социология өкімет алдында қауіпті болды. Ол адамдардың санасын оятатады, ал санасы оянған адам жоғары талпынбақ яғни өкімет басына, сол замандағы өкімет басындағыларға бұл ұнамаса керек. Тіпті бұл пәнді оқытуға тиым салынды. Соның салдарынан біздің бұл саладағы біліміміз әлі қанағаттанарлық емес, біз өз қоғамымызды әлі де толық меңгере алмай жүрміз.

ХХ ғасырдың 60 жылдары социология қайта жаңғыра бастады. 1958 жылы Кеңестік социологиялық ассоцияция ашылды. 1968 жылы социологиялық зерттеу институты ашылды. Бұған қарамастан социология бұл заманда да жақсы дами алмады. Социология өз шарықтау шегіне 80 жылдарда жетті десек болады, адамдар пайдасын анық аңғарып оны барлық жерде оқыта бастады. Ал Америкада бұл пән 1892 жылы Чикаго университетінде әлемде ең алғашқы социология факультеті ашылғаннан бастап тек жоғарғы оқу орындарында емес орта мектептерде де оқытылып жүр.

Осындай қиыншылықтардан өткен социология Қазақстанда екінші рет туғандай болады.Бұл сала кәзір телеарналарда, газеттерде көп қолданылып жүр. Бірақ әлі де үлкен зерттеулерге қол жеткізе алған жоқпыз. Оның себебі мемлектіміздің де, қоғамымыздың да қазіргі саяси, экономикалық, технологиялық, рухани жағдайымен байланысты. Бұл өтпелі кезең, Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптасқан кезде социологиялық зерттеулерсіз басқару жүйесін ғылыми негізге қою мүмкін емес екені белгілі. Социологияны өмір кітабы десек те болады. Бұл пән реалды өмірді, мұндағы қоғамды, оның даму кезеңдерін, және қоғамдағы өз орнымызды табуға, қоғамға деген өз үлесімізді косуға мүмкіндік туғызатын ғылым саласы.

Зерттеулік этика:

Социиологиялық зерттеу жасаған адам алынған мәліметтерді өз қалауынша өзгертіп өз мақсаттарында немесе басқа да мақсаттарда қолдана алмайды. Адамдар арасындағы келеңсіздіктер мен түсініспеушіліктерге жол ашпау үшін Американың социологиялық ассоциясы (1980) мынандай заңдылықтар ойлап шығарды:

  • Зерттеу жасаған адам өз құзыретін артық қолдануына болмайды;

  • Обьекті туралы мәліметтерді құпия ретінде сақтау керек;

  • Зерттеуші объектке зерттеу барысында ешқандай зиян келтірмеу керек;

  • Егер де обьектке бір зиян келуі мүмкін болған жағдайда объектке ол білдіріліп келісімін алуы қажет;

  • Зерттеуші экономикалық, заңдық жақтарының бәрін қарастыра отырып керекті шаралардың бәрін қолдануы керек.

Бақылау сұрақтары.

1.Социология ғылымы нені зерттейді? Оның басқа қоғамдық ғылымдардың нақты ерекшіліктерін көрсетіңіз.

2.Қазіргі заманда социология қаншалықты қажетті және оның атқаратын функциялары қандай екенін дәлелдеңіз.

3.Өз мамандығыңмен социология ғылымының арақатынасын анықтаңыз.

4.Социологияның негізгі парадигмаларын сипаттаңыз.

5.Қазақстан қоғамын және жеке адамның өзін анықтауда социология ғылымының нақты рөлін көрсетіңіз.

6.Келесі ғылымдардың социологияға берген анықтамасын жазып, олардың ерекшеліктерін көрсетіңіз: Э.Дюркгейм, П.Сорокин, В.Ядов, Э.Гидденс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]