Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
YMKd_po_sociologii_kaz_yaz_-novyy_variant.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
2.76 Mб
Скачать

Әдістемелік ұсыныстар

Жалпы қоғам ұғымынан оның әлеуметтік құрылымын қарастыруға көшелік. Осыған байланысты қоғамның құрылымы туралы концепцияларға тоқталғанымыз жөн. Бұл жерде ескеретін жай ол екінші тақырыпта қарастырған басты социологиялық теорияларды енді нақты бір мәселеге байланысты қолдану қажет. Әр мәселені қарастырғанда жалпы бүкіл социология пәні ауқымында орын алған социологиялық теорияларға сүйенеміз. Қоғам дегенді біз енді статус, рөл деген ұғымдар, категориялар арқылы қарастыруамыз қажет. Жынында да, қоғам дегеніміз әлеуметтік статусқа ие соған байланысты жүздеген рөль атқаратын адамдар арақатынасы. Міне осы тұрғыдан қоғамның дамуына тарихи қарастырып ондаға әлеуметтік статустардың, әлеуметтік рөльдердің өзгеру процесін көрсету қажет. МЫсалы, жеке адамның статусы, оның атқаратын рөлдері ежелгі дәүірде, Орта ғасырларда, капитализм, социализм, қазіргі қоғамдағы қандай өзгерістерге ұжырады. өзіңнің отбасыңның статусы, өзіңнің статусыңды, атқаратын рөлдеріңді эссе түрінде жазып, дискуссияға қатысу. Қаншалықты қазіргі статус, рөлдер сені қанағаттандырады, қалай оларды өзгертпексің, қандай жолдармен, әдістермен, құралдар арқылы. Қазақстан қоғамының әлеуметтік статустар, рөлдер жүйесі қаншалықты қазіргі заман талабына сай. Мысалы, ұстаздар мен шәкірттер статусы мен рөлдерін талдауға саясақ. Әлеуметтік статус пен рольдердің тұрақтылығы мен өзгергіштігі. Спектакльдер қою. Сауалнамала жүргізу, университеттің телевидениесінен көрсету.

6 Тақырып

Тұлғаның әлеуметтенүі

Семинардың мақсаты – тұлғаға социологиялық көзқарасты анықтау, тұлғаның кұрылымын ұғыну, әлеуметтенүдің түрлі концепцияларымен танысу, әлеуметтенүдің кезеңдері мен агенттерін қарастыру.

Семинар жоспары

  1. Тұлға ұғымы, оның негізгі көрсеткіштері

  2. Тұлға туралы концепцияларды талдау

  3. Тұлғаның әлеуметтенүі. Алғашқы әлеуметтенү, екіншілей әлеуметтенү. Десоциализация, ресоциализация

  4. Қазақстан қоғамындағы қазіргі кездегі әлеуметтенү мәселелері

Әдістемелік ұсыныстар

Адам, индивид, тұлға ұғымдарын ажырату және осыған байланысты өзін анықтау. Тұлға туралы концепцияларды талдау, оларға баға беру. Тұлғаның өзіндік және әлеуметтік идентификациясын ажырату және осы тұрғыдан мысалдар келтіру. Тұлғаның әлеуметтенуі, олардың түрлері. Тұлғаның әлеуметтенуі туралы концепциялары, оларға талдау жасау, өзінің таңдаған концепциясына баға берін, дәлелдеу. Өзінің әлеуметтену процесін эссе түрінде жазу, дискуссия, Дөңгелек стөл өткізуге қатысу. Отбасындағы, мектептегі, университеттегі әлеуметтену процесін талдаудан өткізу: кемшіліктері, жетістіктері, тәжірибе, ұсыныстар. Алғашқы әлеуметтену, екіншілей әлеуметтену. Десоциализация. Бұл процестің біздің өміріміздегі көрінісі. Сухбаттар, құжаттар яғни прессаға талдау жасау арқылы десоциализацияға ұшыраған адамдардың тағдырып қарастыру, ұсыныстар жасау. Ауылдан қалаға келген жастар, қария осы десоциализация процесіне ұрына ма? Пікіріңіз, дәлел, ұсыныс. Екінші лей социализацияның өтүі. Мысал арқылы қарастыру. Алғашқы әлеуметтенумен екіншілей әлеуметтену арақатынасы қандай? Қазақтардың өміріндегі осы екі процесті талдау. Ресоциализация және оның нақты факт арқылы қарастыру. Ол әдеби шығарма, прессадағы материал, өз өмір тәжірибен.

Қазіргі жастардың әлеуметтенуі, әсіресе қазақ студент жастарының әлеуметтенуі мәселелері, жағымсыз жақтары, олардың шешу жолдары, өкімет деңгейінен, өз мүмкіндіктерін іске қосу арқылы.

Өз ауылдарында, қалаларынуа, қалашықтардағы әлеуметтену мәселелерін қарастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]