Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
YMKd_po_sociologii_kaz_yaz_-novyy_variant.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
2.76 Mб
Скачать

5 Тақырып

Қоғамның құрылымы

Лекцияның мақсаты – әлеуметтік құрылым ұғымы, концепциялары, әлеуметтік роль, статустардың жеке адамның, топтың қоғамдағы өміріне алатын орнын, атқаратын функцияларын қарастыру.

Негізгі ұғымдар: әлеуметтік құрылым, әлеуметтік статус, жеке адамның статусы, тұғаннан берілетін статус, өзі жететін статус, негізгі статустар, әлеуметтік роль, ролдік идентификация.

Лекцияның жоспары:

  1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы

  2. Әлеуметтік құрылым концепциялары

  3. Әлеуметтік статус

  4. Әлеуметтік ролдер

Қоғамның әлеуметтік құрылымы оның анатомиялық скелеті. Құрылым деп қоғамның ішкі құрылысын құрайтын функционалды бір-бірімен арақатынастағы элементтердің жиынтығын айтамыз. Әлеуметтік құрылымның элементтері болып әлеуметтік статустар мен ролдер саналады. Олардың сандары, реттері, бір біріне тәуелділігі нақты қоғамның нақты құрылымына байланысты. Ежелгі қоғам мен қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымдары бір бірінен ерекше болады. Құрылым қоғамның тұрақты, қозғалмайтын құрылысын білдірседе ол тарихи өзгеріп отырады. Оның өзгеруі индивидтердің арақатынасы процесіндегі әлеуметтік ролдер. Әлеуметтік статус деп міндет пен құқық жүйесі арқылы басқа позицияларменен байланысты қоғамдағы немесе әлеуметтік топтағы нақты позицияны айтамыз. Мысалы «ұстаз» статусының мәні тек қана «шәкірт» статусы арқылы мағналы, ал саудагерге немесе инженерге байланысты мүлдем мағнасыз. Ұстаз өз білімін шәкіртіне үйретүге, оның білімін, тәртібін тексеріп, қадағалауға міндетті. Ол шәкіртінің білім деңгейі қанағатырмайтын жағдайда оны аттестаттамай қоюға құқы бар. Ал ол дегеніміз шәкірттің тағыдырына өз тиісті әсер ететіні сөзсіз. Шәкірт болса сабаққа қалмай үнемі қатынасып, берілген тапсырмаларды орындап, қойған сұрақтарға жауап беруге тиісті. Яғни ұстаз пен шәкірт екі үлкен әлеуметтік топ өкілі, екі әлеуметтік статус иелері ретінді бір бірлеріменен әлеуметтік қатынасқа түседі. Жеке адам көптеген статустың иесі болады өйткені ол көптеген топтар мен ұйымдарға қатынысады. Ол ер адам, әке, күйеүі, ұлы, ұстаз профессор, орта жастағы адам және т.б. Бір адам бір біріне қарамақарсы статустарға ие болады, бірақта бір адамға емес бөлек адамдарға: өз балаларына ол әке, ал өз анасына ол бала. Бүкіл статустар жиынтағын статустық набор дейді. Осы наборға байланысты негізгі статус анықталады. Әлеуметтік және жекелей статустар болады. Әлеуметтік статус деп адамның бір үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде қоғамда алатын орнын айтамыз. Жекелей статус деп оның кішітірім топта алатын орнын, сол топтың адамдарының оны қабылдауы және бағалауын айтамыз. Тұғаннан берілетін статус адамның өзінің іс-әрекетіне байланысты емес. Ол тек қоғам немесе топ соны мойындап қана қояды. Оған ұлты, нәсілі, жынысы жатады. Өзі жететін статус деп адамның өзі күш жігері, еңбек арқылы жеткен статусы. Адам статуссыз өмір сүре алмайды. Бір статустан кеткен адам міндетті түрде басқа статусқа өтеді. Әр статустың артында үлкен әлеуметтік топ немесе әлеуметтік категория тұрады. Статустар келіспеуі де мүмкін. Мысалы индивид бір әлеуметтік топта жоғарғы статуста тұрып екінші топта төмегі де болуы.

әлеуметтік, саяси, діни, демографиялық, қандықтуыстық, экономикалық, кәсіби статустар адамдардың әлеуметтік қатынастарының ұзақтығын, интенсивтігін, бағыты мен мазмұнын анықтайды. әлеуметтік роль нақты статусқа бағытталған іс-әрекет. Ролдерді статустың динамикалық жағы дейді. Әр адамнан оның статусына байланысты іс-әрекетт күтіледі. Банкирден банкирге тән, ұстаздан ұстаздық және с.с. Сондықтан әлеуметтік роль онымен функциональды байланысты топтардың мүшелерінің сол ролді орындалуын күтуі болмаса және әлеуметтік нормалар, сол ролге нақты талаптарды бекітпесе орындалмас еді. Ролдік набор әлеуметтік қатынастарды қалыптастырады, әлеуметтік статустерді және соған тәп ролдерді орындау түрлі болады. Ролдерменен өте жақын бірігу ролдік идентификациялану дейді.

Әлеуметтік құрылым туралы түрлі концепциялар бар. Негізінен оларды екіге бөлуге болады. Біріншісі, Э.Дюркгеймнен бастау алатын әлеуметтік факт яғни бездін тыс, тәуелсіз болмыс. Сондықтан, әлеуметтік құрылым біздің іс-әрекетімізді шектеп, олардың белгілі бағытта жүруіне мәжбүрейді. Қарымқатынастар теориясы бойынша қоғам мен әлеуметтік қатынастарда ешқандай тұрақтылық жоқ. Ол индивидтардың қарым-қатынасы негізінде минут сайын туыптұратын динамикалық процесс. Оның сыртында, онан басқа ешқандай құрылым жоқ. Осы екі бір-біріне қарсы концепцияларды ағылшын социологы Э.Гидденс біріктіріп қарастырды. Оның тұжырымынша іс-әрекет құрылымсыз болуы мүмкін емес. Құрылымдар адамдардың іс-әрекеттері арқылы ғана болуы мүмкін яғни құрылымдар іс-әрекетпен ғана өмір сүрмек.

Бақылау сұрақтары.

1.Қоғамның әлеуметтік құрылымы деп нені айтамыз? Оның элементтерін көрсетіңіз.

2.Э.Дюркгеймнің қоғамның құрылымы концепциясы.

3.М.Вебердің қоғамдық құрылым концепциясы.

3.Әлеуметтік мәртебенің түрлері.

4.Қазіргі кездегі әлеуметтік рөлдердің сипаттары.

5.Э.Гидденс структурация концепциясының мәні.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]