Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
YMKd_po_sociologii_kaz_yaz_-novyy_variant.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
2.76 Mб
Скачать

Социологиялық зерттеу-процедуралар жүйесі. Олардың мақсаты-зерттеліп жатқан құбылыстан нақты объективті мәліметтер алу.

С оциологиялық зерттеудің кезеңдері

С оциологиялық зерттеулерге кіретін процедуралар

  • Методологиялық

  • Әдістемелік

  • Техникалық-ұйымдастырушылық

  • Пилотаждық зерттеу

  • Баяндық зерттеу

  • Аналитикалық зерттеу

  • Дайындық

  • Бастапқы ақпаратты жинақтау

  • Ақпаратты қорытуға және компьюттерде өңдеуге дайындау

  • Қорытылған ақпаратты талдау

Ғылыми қорытындысын дайындау

Толықтырулар мен қорытындысын шығару


С оциологиялық зерттеудің түрлері



Пилотаждық зерттеу-нақты социологиялық зерттеудің қарапайым түрі. Бұл зерттеудің түрі ұйымдасқан тапсырмаларды шешу үшін және кішкене ғана объектімен жұмыс істеу үшін арналған. Оны ажырататын белгілер: жеңілдетілген бағдарлама, әдіс және көлемі жағынан шағындығы.

Экспресс-сұрау – пилотаждық зерттеудің түрі болып саналады. Бұл көбіне ақпаратты тез жинау үшін қолданылады. Баяндық зерттеу (описательное) - социологиялық талдаудың тереңдетілген түрі. Зерттеу нысаны болып үлкен қоғам қарастырылады. Зерттеу барысында ақпараттың көлемінінің үлкендігіне байланысты, жиналған ақпарат арнайы бағдармала арқылы компьютерде өңделеді.

Аналитикалық зерттеу-социологиялық зерттеудің ең қиын және ең терең түрі. Баяндық зерттеу түрімен салыстырғанда, бұл зерттеудің түрі шиеленістің шешу жолын ғана іздеп қоймай, оның неден шыққанын, қалай пайда болғанын да зерттеуге де шамасы жетерлік. Бұл зерттеу түрі өте үлкен қоғамдарды зерттеуге көмектеседі. Мәселен, қала, аудан, республика, мемлекет көлемінде жүргізіле береді. Бұл зерттеу түрінде эксперимент те қолданылады. Мысалы: бұл ақпараттың түбіне жету үшін, социолог бір анық ситуацияны алады. Себебі, бұл арқылы байланыс факторларын таба алады. Бұл зерттеу түрін экспериментальды деп те атауға болады.

2. Социологиялық зерттеуді жүргізу бірнеше кезеңнен тұрады:

- Зерттеуге дайындық;

- Бастапқы социологиялық ақпараттарды жинау;

- Зерттеу материалдарын қорытуға және компьютерде өңдеуге дайындау;

- Ақпарат талдау, қорытынды жасау мен социологиялық зерттеудің нәтижесін дайындау, толықтырулар енгізу.

Жүйеленген және негізделген ғылыми фактілер алдыңғы санаттағы білімді нақтылайды немесе жоққа шығарады.

Әлеуметтік зерттеулер әдіснамалық теориялық негіздеудің бағдарламасын жасаудан және нақты әлеуметтік құбылыс пен процестің методологиялық зерттелуінен басталады.

Бағдарлама бірнеше бөлшектен тұрады, олардан біз ең маңыздыларын айқындап аламыз. Кейіннен тақырып пен тапсырма таңдау болады. Ең негізгі құраушысы болып гипотезаның жасалуы, яғни зерттеу барысында расталып немесе жоққа шығарылуы мүмкін құбылыстық болжамы табылады. Негізгі және қосымша гипотезалар болуы мүмкін. Гипотезаның жасалуы- дайындықты қажет ететін және зерттеу пәнінің алдыңғы санаттағы танымына негізделген дайындықты қажет ететін күрделі танымдық акт.

Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы

(оның дайындығы барысында жасалады)

әдіснамалық бөлім әдіс бөлімі

  • Мәселенің айқындалуы -зерттелетін жиынтықты

мен негізделуі анықтау

  • Зерттеу пәнінің объектісі -алғашқы мәліметтер

анықтау жиынтығының әдіснамала-

  • Зерттеу мақсаттары мен рының сипаттамасы

гипотезалар айқындауларының -инструментарийдің қол-

анықталуы данылуының бірізділігі

-компьютердегі мағлұматтар

бағдарламасын өңдеу.

Бағдарлама сонымен бірге ұғымдық және эмпирикалық индикаторлардың сипаттамаларынан және зерттеу объектісін анықтаудан, инструментарийден тұрады.

Зерттеу объектісін нақты бір әлеуметтік проблеманың көрініс беретін белгілі бір қоғам құрайды. Барлық жалпылық, зерттеулер таралатын басты жиынтықтың атында болады.

Алайда зерттеулердің абсолютті көбі жалпылық сипатта емес, іріктелген сипатта болады, ол өте жүйелі, сауалнамаға қатысатын адамдардың барлық шарттарға орай өтуі керек. Бұл жағдайда басты жалпылықтың микромоделі іріктелген жиынтық, яғни нақты белгіленген шарттар бойынша анықталған бөлшектер саны болып табылады, ол тікелей анықталады.

Таңдаудың ең негізгі әдістерін анықтаймыз:

    • механикалық таңдаудың әдісі. Басты жиынтықтан бірдей аралықтар арқылы қажетті респонденттер саны анықталады (мысалы, әрбір 10-ыншы);

    • сериялық таңдаудың әдісі. Басты жиынтық бірнегізді бөліктерге бөлінеді және әрбір бөліктен анықтауға қажетті бірліктер пропорциональды түрде алынады;

    • ұялық таңдаудың әдісі. Таңдау бірліктері ретінде нақты респонденттер емес, жалпы сауалдар тобы шығады. Берілген таңдау топтар жиыны бірдей болса, оңайырақ болады;

    • негізгі массивтік әдіс. Негізгі жиынтықтың 60-70% сауалнамасы беріледі;

    • квотты таңдау әдісі. Ең қиын әдіс, негізгі жиынтықтың көпшілік бірлігінде қолданылады және респонденттер таңдауында 4 беттен кем болмайтын таңдауды қажет етеді.

Репрезентативті зерттеу деп іріктелген жиынтықтың тексерім белгілері 5% аспайтын ауытқушылықтары бар зерттеу аталады. Социологтардың жұмыс тәжірибесі қарапайым заңдарға сүйене отырып сеніммен репрезентативті сауалнамалар жүргізуге рұқсат береді. Пилотажды сауалнама кезінде аз басты жиынтықтың (мысалы, 100-250 адамға дейінгі факультет аясында) репрезентативті болып салып саулнама саналады. Оқу орнының аясында студенттердің 25% -н сұрау жеткілікті.

Бақылау сұрақтары.

1.Теориялық және қолданбалы социологияның ерекшеліктері мен арақатынасын айырыңыз.

2.Қолданбалы социологиялық зертеудің түрлері мен арақатынасы.

3.Сауалнаманың құрылымы, мақсаты, сұрақтары.

4.Іріктеудің мәні мен мақсаты. Университетте сауалнама жүргізу үшін іріктеу тәсілін негніздеңіз.

5.Контнет-талдау тәсілімен бір газет номерін талдаңыз.

6.Социологиялық эксперименттің ерекшелігі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]