
5. Қазақ халқының қалыптасуының кезеңдері
Қазақ этнонимiнiң туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушiлердiң қызу айтыстарының тақырыбына айналған. Ол халықтың өзiнiң шыққан тегi туралы туғызған көптеген аңыз-әңгiмелерiнде сөз болады. Кейбiр деректерде бұл термин әлеуметтiк мәнiнде қолданылған "қашақ" деген атаудан шықты деп есептейдi. Немесе "қазақ" атауы Жәнiбек пен Керей бастап Жетiсуға бөлiнiп көшiп кеткен рулық одақтарды бiлдiру үшiн бастапқы кезде "өзбек-қазақ", кейiн "қазақ" түрiнде пайдаланылған деп пайымдалады. "Қазақ" терминi 1245 жылы Мамлюк мемлекетiндегi қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткiштерiнде /түрiк-араб сөздiгiнде/ кездеседi. Мұнда "қазақ" деген сөз "басы бос-кезбе" деген мағына бередi. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ" терминiне әлеуметтiк мағына берiледi, яғни еншiсi бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлiнiп уақытша ру, тайпалардан кетiп, күнкөрiс үшiн әскери жорықтарға қатысуын санаған.
Кейде бұл термин ертедегi екi тайпалық /каспий және сақ/ одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбiр тарихшылар "хас" – нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қалай дегенде де "қазақ" этникалық терминнiң ғылыми тұрғыдан дәлелденiп, тұрақты бiр шешiмi әлi жоқ.
Сонымен, қорытып айтқанда, қазақ халқының этнос болып қалыптасуы өте ұзақ процесс. Ол 2,5-3 мың жылды қамтитын күрделi және ұзақ даму жолынан өткен. Қазақ халқының халық болып қалыптасуының басты алты кезеңiн бөлiп көрсетуге болады. Бiрiншi кезең – сақ және сармат дәуiрi, шамамен бес ғасырды қамтиды /б.з.д. VII-II ғғ./. Екiншi кезең – үйсiн, қаңлы және ғұн дәуiрi /б.д.д. III ғ. – б.д. IV ғ./. Үшiншi кезең – түрiк дәуiрi /542-702 жж./. Төртiншi – қыпшақ және қарлұқ дәуiрi /IХ-ХIII ғғ./. Бесiншi – моңғол дәуiрi /ХIII ғ. басы – ХIV ортасы/. Алтыншы – Алтын Орда тарағаннан кейiнгi мемлекеттер дәуiрi /ХIV ғ. ортасы – 1465 ж./. Мұның барлығы әзiрше алынып отырған бөлiнулер кезеңi, бұл маңызды тарихи проблема өзiнiң одан әрi қарай ғылыми тұрғыдан тереңiрек зерттеулерiн талап етедi.
Қорытынды
Сонымен қорытып айтқанда, сақтар мен үйсiндер, қаңлылар мен ғұндар және сарматтар тайпалары қоғамдық құрылымы мемлекеттiк деңгейге өскен және өзiндiк материалдық мәдениетi мен өнерi бар, айрықша бiр өркениеттi жасау iсiнде жоғары дәрежеге жетедi. Мiне, тап сол кездерi Қазақстан жерiнде ежелгi түрiк тiлiнде сөйлейтiн халықтар пайда болады.
Қазақстан территориясындағы өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардан өзгеше Қазақ хандығының әсіресе XVI ғасырдың басынан бастап анағұрлым кең және берік этникалық негізі болды да, оған қазақ халқын құраған этникалық топтардың бәрі дерлік және олар мекендеген бүкіл территория түгелдей дерлік біртіндеп кірді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақтар. VII том, Құрастырғандар Әбен.Е. Шалғынбаева Ж. Алматы, 1998ж.
2. Маданов. Ұлы дала тарихы, Алматы, 1997 ж.
3. Қазақ ССР тарихы, 2 том. Алматы, 1980 ж.
4. Қазақстан тарихы, очерктер. Алматы, 1998 ж.