Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод пособ-послед.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
356.35 Кб
Скачать

Сын есімнің морфологиялық талдау үлгісі

Абайдың жүзінде ақшыл, сұрғылт тартқан бір толқын пайда болды.

Ақшыл – сын есім

  1. Мағынасына қарай –сапалық

  2. Тұлғасына қарай –туынды

  3. Құрамына қарай – дара

  4. Салыстырмалы шырай - ақ- түбір, -шыл – салыстырмалы шырайдың жұрнағы

  5. Синтаксистік қызметі - қандай? сұрағына жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарады

  6. Сұрғылт та осылай талданады.

Бекіту

1-жаттығу

Сапалық сын есімдер мен қатыстық сын есімдерді екі топқа бөліп жаз:

Ақ, қызыл, жаман, балалы, аталық, нашар, шөпті, тәуір, кең, балықсыз, сөзшең, үлкен, кіші, ұйқышыл, тәтті, сөзшең, ашық, сынық, ауыр, жеңіл, тез, ынталы, дарынды, сары, биік, таулық, мұртты.

2-жаттығу

Мына есім сөздерден жұрнақ арқылы туынды сын есім жаса: мал, өнер, ой, қала, аудан, жаз, күз, қыс, көктем, ынта, жігер, дос, ұйқы,

3-жаттығу

Дара және күрделі сын есімдерді бар сөйлемдерді екі топқа бөліп жаз:

Көкпеңбек еріндері қимылдайды. Арық бұзау тез тұра алмайды. Қызық әңгіме басталып кетті. Төбеміз кішкене-кішкене жақпар тастар. Жапырақтар қызыл сары түске боянды. Мына сөзде терең мағына бар. Жадыра- көп балалы ана. Жібек көйлекті қыз алдымнан шықты. Көктемдей құлпырған көңілі алас ұрды.

4-жаттығу

Сөйлемдегі сын есімдердің шырайларын анықта: Жазушы ащы шындықты жайып салды. Мен осы жағдайды толығырақ білгім келеді. Мына тақырып мен үшін жеңілдеу екен. Сені ең жақын досым дер едім. Аспан бозғыл тарта бастады.Қоңыр күз де келіп жетті. Неге мына көйлектің етегін қып-қысқа етіп қидың? Бұл менің тұңғыш рет Астана қаласына келуім еді. Неге сенің жүзің қуқыл тартып тұр? Мына матаның көкшілтімінен ал.

5-жаттығу

Сөйлемдегі сын есімнің синтаксистік қызметін белгіле: Мен қиын кезеңдерді бастан кештім. Қалаға ақтар баса көктеп кірді. Балам, жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Ол менің тұңғышым. Оның бүгін көңіл-күйі өте көтеріңкі.

Терме диктант

Сын есімдері бар сөйлемдерді теріп жаз: Кешке қарай тұман серпілді. Бұлт ыдырады. Аспан жадырап, кәдімгі жаз басталды. Таң ата шуақ болды. Жұқа мұздар күн қызуымен жедел еріді. Ауа жылына берді. Жер бетінен ақшыл бу көтерілді. Әр жерден қылтиып шыққан көк өсімдіктер көріне бастады. Ағаш бұтақтарында көк бүршіктер пайда болды. Аралар ызың-ызың әндетіп, бұтадан бұтаға ұшып қонды.

Еркін диктант

Есте қалған сын есімдерді жаз: Кеше жауған қар ауланы аппақ мамық тонға орап тастады. Күн жарқырап, ақша қарды мың түрлі құбылтады. Шыңылтыр аяз құлақ пен мұрынның ұшын шымшып алғандай ду еткізді. Әбіш аяздан тітіркеніп арт жағына қараса, қайыңның бұтағында әдемі қос сары шымшық отыр екен. Әбіш оларға жем шашты да, мектепке бет алды.

Бақылау диктанты

Дара сын есімдерді байланысқан сөздерімен қоса астын сыз, сын есімнің мағынасына қарай түрін анықта: Жылы жаз өте шықты. Жауынды күз келді. Жыл құстары алыс сапарға дайындалды. Қайту дабылын ең алдымен кішкентай қарлығаштар қақты. Бұл құстардың қайтуы қаһарлы қыстың ерте түсетінін сездіргендей. Олардан кейін тырна, үйрек, қаз, сияқты жыл құстары қайтады. Бұл кезде көгілдір аспан қадірлі қонақтардың әсем әніне бөленеді. Жас бөбектер аппақ қаз бен аққуды жолға шығарып салады. Олар ұзын сирақ тырналарға кішкентай қолдарын бұлғайды.