
- •Фонетика
- •Ассимиляция
- •Мысалдар:
- •15 Әріп, 15 дыбыс
- •Морфологиялық талдау үлгісі:
- •Етістік –глагол
- •Етістіктер көбінесе баяндауыш қызметін атқарады, кей жағдайда көсемше түрі –пысықтауыш, баяндауыш, есімше түрі анықтауыш, баяндауыш, бастауыш, толықтауыш қызметін атқарады. Етістіктің түрлері
- •2) Көсемше – етістіктің негізгі түрі. Ол көбінесе күрделі етістіктің құрамында келеді.
- •Етістіктің шақтары- времена глагола
- •Етістіктің райлары – наклонения глагола
- •Есімдік -местоимение
- •Сын есім –имя прилагательное
- •Сын есімнің зат есімге айналуы.
- •Сын есімнің шырайлары- степени сравнения прилагательных
- •Сын есімнің синтаксистік қызметі
- •Сын есімнің морфологиялық талдау үлгісі
- •Сан есім - имя числительное.
- •Тұрақсыз белгілері:
- •Үстеу (наречие)
- •Шылаулар (Служебные слова)
- •Жалғаулықтар
- •Септеуліктер (послелоги)
- •Демеуліктер (Частицы)
- •Еліктеуіш сөздер (Подражательные слова)
- •Оқшау сөздер (обособленные слова)
- •Синтаксис
- •Сөз тіркестері синтаксисі-синтаксис словосочетаний
- •Сөйлемдер синтаксисі – синтаксис предложений
- •Жай сөйлем түрлері –виды простых предложений
- •Құрмалас сөйлем-сложное предложение
- •Мазмұны
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Есімдік -местоимение
Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздерді есімдік деп атайды.
Түрлері (Типы) |
Мысалдар (Примеры) |
|
|
қарай (по способу образования) |
1. Негізгі (непроизводные) |
мен, сен, ол |
|
2. Туынды (производные) |
біреу, мынау, барлық |
|
|
2. Құрамына қарай (по составу) |
1. Дара (простые) |
ол, анау, сонау |
|
2. Күрделі (сложные) |
ешкім, әрбір, кімде-кім |
|
|
3. Мағынасына қарай (по значению) |
1. Жіктеу (личные) |
мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар |
|
2. Сілтеу (указательные) |
бұл, сол, ол, мына, мынау, осы, міне, әні, сонау, әнеки, анау, осынау |
|
|
3. Сұрау (вопросительные) |
кім? не? неше? қай? қандай? қалай? қашан? қайдан? нешеу? нешінші? |
|
|
4. Белгісіздік (неопределенные) |
біреу, бірнеше, кейбір, қайсыбір, әркім, әрқашан, әлдекім, әрқалай |
|
|
5. Өздік (возвратные) |
өз, өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз |
|
|
6. Болымсыздық ( отрицательные) |
еш, ешкім, ешқашан, дәнеме, ешбір, ештеме, ешқайсы, түк |
|
|
7. Жалпылау (определительные) |
бәрі, бүкіл, барлық, күллі, бүтін, барша, түгел, бар, бүткіл |
|
Тұрақсыз белгілері:
1. |
септелуі |
менде, сенің, осыдан |
2. |
тәуелденуі |
бұным, бұныңыз, бұнысы, кімім |
3. |
жіктелуі |
менмін, сенсің. |
4. |
көптелуі |
олар, сіздер, бұлар |
Ескерту.
Өзге сөз таптарындай есімдік те көптелуге, септелуге бейім. Бірақ соның өзінде мұндай категорияларға түрленуі бірдей бола бермейді.
Есімдіктер басқа сөздерден жасалмайды, не түбір күйінде, не есімдіктер өзара бірігу арқылы қолданылады. Мысалы, кей+біреу, еш+теме.
Синтаксистік қызметі:
Сөйлемде барлық сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады.
Морфологиялық талдау үлгісі:
Ағыбай оларға жауап қатқан жоқ.
Оларға – есімдік, бастапқы тұлғасы –ол (кім?)
Тұрақты белгілері: негізгі, дара, жіктеу
Тұрақсыз белгілері: -ға –барыс септік жалғауы,- лар –көптік жалғауы
Синтаксис қызметі: кімдерге? деген сұраққа жауап беріп, толықтауыш қызметін атқарады.
Бекіту
№1-жаттығу
Сөйлемде есімдіктерді теріп, түрлерін ажыратыңыз.
Сізге бір сыр айтсам, ұрыспайсыз ба? Мен олардың командирімін. Ал өзің қашан келдің? Өзім оқып шыққан мектебіме мұғалім болып келдім. Бұлар Сарыөзекке жетпей тоқтады. Сіз менің өлеңіме бірдеңе десеңізші? Барлық тарихым – осы. Сендерде қандай ой, нендей нұсқау бар, оны өздерің білесіңдер. Сіздер болмасаңыздар менің күнім әлдеқандай болар еді. Бірдеңе ойлап табуға тырысады. Бәріміз бір атаның баласымыз. Оларға бәрі қызық. Күллі ауылда жаны ашитын жалғыз Шәйхат қана. Әркімнің туған әкесі, туған анасы бар. Ешқандай жаңалық жоқ.
№2-жаттығу
Көп нүктенің орнына белгісіздік есімдіктерді қойып жаз. Мақал-мәтелдердің мағынасын қалай түсінесің, айтып бер.
Керекті сөздер: біреуге, кейбіреудің, біреудің, біреуді, біреудің.
...жамаңдасаң, сені де жамандар.
...ұйқысын бұзсаң, сақтығы артар.
...бойы аласа, ...ойы аласа.
...елден береді, ...жерден береді.
...сырын білген кісіге, баласынан сұра..
№3-жаттығу
Сөйлемде есімдіктерді теріп , түрлерін ажыратыңыз.
Әркімдікі – өзіне, ай көрінер көзіне.
Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.
Ештен кеш жақсы.
Өз билігі өзінде.
Абай неге жақсы? Мұның күйеуінен неге артық? Неге барлық ел соны білгіш, данышпан ғып санайды? ( М. Әуезов «Абай жолы»)
Атшабар, көкпар, теңге алу, балуан күрестіру – баршасы да осы күні болып жатыр.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. (Абай)
Адамдар түгел жиналды.
Кейбір адамдардың мінездері қиын болып көрінеді.
Күләш апай ешнәрсені ұға алмады.
Бұған бәріміз де күлдік.
№4-жаттығу
Терме диктант
Жіктеу есімдігі
Мені қайтесің... Біз кезінде талай суретке түскенбіз. Ендігі кезек сендердікі. Сен мына менің қасыма келіп отыр. Мұнысы маған ұнамады. Бұл - маған соншалық ыстық үй. Өздерің білесіңдер, жыл он екі ай көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді.Сіздер ұсынған қызметтің бәрін,сіздерге ұнаған жұмыстың бәрін ұнатамын. Біз бәріміз де оны жақтаймыз. Сендер оны қашан көрдіңдер? Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. Жерді сүйіп қана қою жеткіліксіз, оны білу керек.Әкем маған жалт қарады.
Өздік есімдігі
Біз де сол кездегі өзің сияқтымыз. Өзіңізді жақсы сыйлаймын. Мен өзімнің ауылыма келдім. Өзім оқып шыққан мектебіме мұғалім болып келдім. Өздерің бірдеңе етіп тамақ жасап ішерсіңдер. Өзінен артығын сауда орнына өткізеді. Әркімдікі – өзіне, ай көрінер көзіне. Біреуге өлім тілегенше, өзіңе жүрім тіле. Біреуге ор қазба, ор қазсаң, зор қаз: өзің түсеріңе жақсы. Әркімнің қолы өз аузына жақын. Өз билігі өзінде. Өзін-өзі ұстау. Мен өзімнің барлық білімім мен еңбегімді және тапқан табысымды тек өз Отаныма арнаймын. Өзіңе ұнамайтынды өзгеге үйретпе.
Сілтеу есімдігі
Бұлар сырттан бірін-бірі жақсы білетін. Осы күнгі балалар нәзік, оның үстіне қара жұмысты қаламайды. Мынауыңыз ертегі сияқты екен. Рысқұлов қазір сол сынға түспек. Мына көк қақпа – Қарғаш үйінің қақпасы. Екі көздері бұның қолында. Әне –үзігі шақырайған жалғыз үй. Содан қайтып оралмайды. Бұл - сонау көнеден келе жатқан аңыз. Мұның белгілі себебі бар. Кітапты сүйіңдер! Ол – сендердің өмірлерің. Менің тарихым –осы туған жерім.
Сұрау есімдігі
Сен оның несін ұмытпай жүрсің? Қайдан білейін қайда жүргенін, қалай, қайда жүрерін бізден сұрамайды. Осының қайсысы саған ұнайды? Кімнің кімге не айтып жатқанын аңғару қиын еді. Қайсы қайда тұрады? Кезекті қай ауылға береміз? Сен нешінші сыныпта оқисың? Бақа-бақа балпақ, басың неге жалпақ? Ал, қайдан бастайын? Сіз менің өлеңіме бірдеңе десеңізші? Сен шыныңды айт, кімсің?
Жалпылау есімдігі
Бәріміз бір атаның баласымыз. Барлығына түгелдей хабар кетті. Оларға бәрі қызық. Бүкіл кластың көзі сонда. Барлық уақытта ешкімге ауыр сөз айтушы болма. Атшабар, көкпар, серке тарту, теңге алу, балуан күрестіру –баршасы да осы күні болып жатыр. Бұл тойға күллі ауыл жиналды. Адам –барлық нәрсенің өлшемі. Атақты ғалым, кемеңгер ойшыл, от-жалынды азамат, ер жүрек саяхатшы – баршасы Шоқанға берілген баға. Алматы, Баянауыл, Көкшетау, Қарқаралы – бәрі де Шоқанның аралаған жері. Атам мені білсін дейді, бәрін біліп жүрсің дейді.
Белгісіздік есімдігі
Бірдеңе ойлап табуға тырысады. Сіздер болмасаңыздар менің күнім әлдеқандай болар еді. Біреуді жамандасаң, сені де жамандар. Біреуге елден береді, біреуге жерден береді. Жақсылық біреуден қайтпаса, біреуден қайтады. Самат бұл үйге бірнеше рет келді. Өмірде ерлікке әрқашан орын бар. Біздердің әрқайсысымыз өз ісіміздің перзентіміз. Біреу әлдеқандай жолмен жүріп, бір нәрсе тауып алды. Тауып алған затының бірнешеуін досына беріп, кейбірін тастай салды. Онда бірдеңе қалды ма? Ол жұмыстан үйге әрқалай келеді.Осы жолы Абай бірнеше жетім жастарды өз талабымен оқуға бергізді. Біреулер адал еңбегімен елінің байлығын көбейтеді.
Болымсыздық есімдігі
Қарсы кездескен ешкім жоқ. Ешқандай жаңалық жоқ. Гу еткен дыбыстан басқа ешнәрсе естілмейді. Ешкімге ештеңе сездірме. Бұған ешқандай да күдік болмау керек. Құралай ештеңені сезбеген кісіше терезеге қарап отыр. Ешкім екі рет жас болмас. Әуелі келісіп алайық: сіз еш нәрсені жасырмаңыз, мен еш нәрсені қоспаймын. Ол оған дәнеңе де түсіндіріп бере алмады.Ол үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Басқа ешқайсысыңа еш нәрсе де айтпаймын. Бірталай уақыт өтті. Адамның кейбір кездері. Әркімдікі – өзіне, ай көрінер көзіне.
Есімдіктерге сөйлемдегі мағынасына қарай жалғау жалға.
/Ол/- жоғарғы ауылдың балалары.
/Мен/ ешқандай оқ тиген жоқ.
Директор /біз/ жылы сөйлей кетті.
Мені /өз/ көмекші етпек.
/Осы/ кейін Рахима еден жумайтын болды.
Асқар /бұл/ сезіп қойды.
/Сен/ бұл жұмыс ұнай ма?
/Бұл/мен/ өзім де көріп отырмын.