Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод пособ-послед.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
356.35 Кб
Скачать

Құрмалас сөйлем-сложное предложение

Салалас құрмалас сөйлем түрлері-виды сложносочиненных предл.

Түрлері -виды

Шылаулар -союзы

Мысалдар-примеры

1. Ыңғайлас сал. құрм. сөйл (соедин-ые)

  1. шылаусыз

  2. және, да, де,әрі

1.Күз аяқталды, қыс түсті

2.Қар жауды да, күн суытты.

2. Қарсылықты сал.қс

(противительные)

1. шылаусыз

2. бірақ, алайда, дегенмен, сөйтсе де, сонда да

1.Әкем келді, шешем кетті.

2. Жаңбыр басылды, бірақ күн шықпады. Ол әнді жақсы айтты, дегенмен орын алмады.

3. Себеп-салдар сал. қс

(причинно-следственные)

1.шылаусыз

2. өткені, себебі, неге десең, сондықтан, сол себепті

Күн жылынды, біз серуенге шықтық.

2. Ол мектепке бармады, себебі ауырып қалды.

4. Талғаулықты сал. қс

(разделительные)

әлде, не, немесе,я, яки

Бүгін киноға не Асан барады, не Марат барады.

5.Кезектес сал. қс

(чередующиеся)

біресе, кейде, бірде

Біресе жылады, біресе күлді

6.Іліктес(түсіндірмелі) сал. қс (указательные)

сонша, сондай, мынау

Ашуланғаны сонша, ауырып қалды.

Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері-виды сложноподчиненых предложений.

Түрлері -виды

Жасалу жолдары-способы образования

Мысалдар-примеры

1. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрм. сөйл (придаточные условия)

  1. са, -се+ жалғау

  2. ма, ме, ба, бе, па, пе, + генде, ғанда

1.Күз аяқталса, қыс түседі.

2.Сен келмегенде, мен ренжитін едім..

2. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрм. сөйл (придаточные образа дейст.)

1. ып, іп, п, а , е

2. атын, йтын, етін, йтін + дай, дей

1.Ауа райы бұзылып, қар жауа бастады.

2. Тойға баратындай, сәнді киінді.

3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрм. сөйл (придаточые времени)

1.ған, ген,қан, кен+да, де, ша, ше, кезде

2. ғалы, гелі, қалы, келі

1. Анам келгенше, мен тамақ әзірледім.

4.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрм. сөйл (придаточые уступительн)

1. са, се +да, де

2. ған, ген, қан, кен+мен

3. бола тұра, бола, тұра

1.Сабақ басталса да, оқушылар толық жиналмады.

2. Бұлт болғанмен, жаңбыр жаумады.

3. Ақшасы бола тұра, ештеңе сатып алмады.

5. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрм. сөйл (придаточые причины)

1. ған, қан, ген, кен+дықтан, діктен

2. ған, ген, қан, кен + себепті

1. Сабақ болмағандықтан, біз үйге қайттық.

2. Сабақ болмаған себепті, біз үйге қайттық.

6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрм. сөйл (придаточые цели)

1. у, үшін

2. бұйрық рай етістігі+ деп

1. Тілді білу үшін, көп оқу керек.

2. Нан алайын деп, дүкенге кірдім.

Бекіту

1-жаттығу

Сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қой, түрін анықта:

Сен ауа-райын тыңдадың ба Анар, сен бүгіннен қалмай бұл жұмысты орында Мен көктем мезгілін жақсы көремін Неткен құдіреті күшті сұлулық

2-жаттығу

Жай сөйлемдердің түрін анықта: Институт бізге жеке бөлме берді. Асанның маған ештеңе айтқысы келмеді. Қар жауды. Ашық аспан. Түн. Менің көңіл-күйім болмай тұр. Сен келесің бе? Келемін.

3-жаттығу

Сөйлем мүшелеріне талдау жаса: Біз кеше Қастеев атындағы өнер мұражайына бардық. Ол шетелге машина сатып алу үшін барады. Жас жігіт сыбызғыны ойнай бастады. Әр халықтың қадір тұтатын жері, бас иер мекені бар.Біздің қазақ халқының сондай қасиетті жері – Түркістан қаласы.

4-жаттығу

Құрмалас сөйлем түрлерін анықта: Таң атты, бірақ мен төсегімнен тұрған жоқпын. Бұл жерде не мен тұрамын, не сен тұрасың. Мен досымды сыйлаймын, себебі ол үнемі шындықты айтады.Қонақтар келді де, дастарханға отырды. Қонақтар қуырдақ жеді және шай ішті. Кеш болса да, қонақтар үйлеріне қайтпады. Олар ән салып, домбыра тартты.Абай әкесі кеткелі, үйден шыққан жоқ.Университетке түсу үшін, мектепте жақсы оқу керек. Бүгін күн бұзылып, дауыл тұра бастады.

5-жаттығу

Тура және жанама толықтауышты анықта: Мен кітапты көп оқимын. Ол досынан көп үміт күтеді. Дүкенге барсаң, пойыздан қалар едің. Сен досыңды құрметте. Аспанды қара бұлт торлады. Осы ережені дәптерге жазып ал.

Бақылау диктанты

Жалаң сөйлемдердің астын сыз: Бір кезде боран басылды. Есіктің киізін ары-бері жұлқыладым. Есік ашылды. Қарды ішінен ойдым. Сыртқы сәуле қараңғы қосқа құйылды.

Іннен шыққан суырдай, тесіктен мен де шықтым. Жел басылыпты. Боран ашылыпты. Күртік қар қостың төбесін басып кетіпті. Шыққан күн көтеріліп қалған екен. Ауа райы жылы. Теп-тегіс ақ қар басқан дала күнге шағылысып, ақ жібектей жалтылдайды. Қарлы дала да, ашық аспан да, күн де маған қарап жымияды.

Терме диктант

Шартты бағыныққылы сабақтас құрмалас сөйлемді теріп жаз: Біздің топта өте бір білімді жігіт бар. Оның аты Андрей. Андрей мектепті жедел бітірген. Ол арнайы мектепте оқымаса да, ағылшын тілінде еркін сөйлеп, сауатты жазады. Компьютер курсын оқымағанмен, интернетке шығып, әртүрлі бағдарлама құрастыра береді. Оның тағы бір қасиеті көркемсурет мектебінде оқымаса да, суретті әдемі салады. Арнайы музыка мектебін бітірсе де, музыканы онша ұната бермейді.

Шығармашылық диктант

Сұрақтарды пайдалана отырып, сөйлемдегі ойды жалғастыр, салалас құрмалас сөйлемдер түрін анықта: Әйгерім екеуміз көрші тұрамыз, (сондықтан не істейміз?).... Әйгерім екеуміз мектепке кейде жаяу барамыз, (кейде қалай барамыз?)..... Біз сабаққа да бірге барамыз, (тағы қайда бірге барамыз?).... Әйгерім ақылды, ақкөңіл қыз, (бірақ қандай қыз?).... Мен оған бұл жөнінде я айтқан емеспін, (я не істеген емеспін?).... Мен досымды сыйлаймын, (себебі ол қандай адам?).... Мен құрбымның кейбір мінездерін кешіремін, (өйткені ол менің қандай досым?)....