Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД 2 семестр.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
532.48 Кб
Скачать

4. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

Айналады, ерекшелік, еркіндік, қорғау, алғырлық.

33 практикалық сабақ.

Модулдің аты: Қазақстан – әлемдік кеңістікте

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан әлемдік кеңістікте.

1. Мәтінді оқыңыз.

Біз жүйелік экономикалық реформалардың күрделі кезеңінен өтік. ТМД-нын басқа елдерінен көп нәрседе алда келеміз. Бүгінде Қазақстанда нарықтық экономиканы еркін дамыту үшін негізгі жағдайлар жасанған.

Қазақстандағы экономика әлемдегі ең жедел дамушы экономикалардың біріне айналды. Біз еліміздің экономикалық өсуі негізінен өндіруші секторлардың дамуына байланысты екенін түсінеміз. Алайда үміттендіретін үрдістер де бар, өйткені өсудің жоғары қарқының басқа салалар да, соның ішінде қаржы секторы, өндеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және байланыс салалары да көрсетіп отыр.

Біздің негізгі міндетіміз – жоғары технологиялардың әлемдік рыногына тезірек кіру және өз тауашамызды алу. Елдің географиялық жағдайы бізге өңірлік рынокқа бағдарланған жоғары технологиялық өңдірісті дамытуға мүмкіндік береді. Мұнда Қазақстан болашақта өңірдің сервистік-технологиялық орталығына айналуы тиіс. Ол үшін бізге өз ғылымымызды дамыту керек. (Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы)

2. Төмендегі сөздердің аудармасымен танысыңыз.

Алда – впереди

Жедел дамушы – быстро развивающая

Кезең – период

Келу – приходить

Күрделі – сложный

Қарқын – быстрый темп

Міндет – задача, обязанность

Нәрсе – вещь, предмет

Өндеу өнеркәсіп – обрабатывающая промышленность

Тез – быстро

Үміттендіретін – подающий большие надежды

Үрдіс – процесс

3. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

Кезең, келу, күрделі, өндіруші, нәрсе, тез

4. Мәтінге жоспар құрыңыз.

5. Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын әңгімеленңіз.

34 практикалық сабақ.

Модулдің аты: Қазақстандағы білім беру жүйесі

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы білім беру жүйесі

1. Мәтінді оқыңыз.

Бүгінде Америка мен Батыс Еуропаның көптеген елдерінде кредиттік оқыту жүйесі қолданылады. Осы кредиттік оқытудың ережелері Қазақстанда да жетілдіріліп келеді. Болон процесіне сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мынадай сатылары енгізілген:

1. бакалавриат (жоғары базалық кәсіби білім) - 4 жыл

2. магистратура (кәсіби жоғары білімнің екінші сатысы) – 2 (1) жыл

3. докторлық бағдарлама (жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім) - 3 жыл.

Оқу жылы қалыптасқан тәртіп бойынша 32 аптадан турады, ал оның 30-ы теориялық білім беруге, 2-еуі қорытынды бақылауға арналады. Оқу орнын академиялық кезеңдерге бөлу, практика мен демалыс мерзімінің ұзақтығын анықтау құқық жоғары оқу орнының өзіне берілген. Күндізгі оқу формасы бойынша, студенттердің демалысы жылына екі реттен кем болмайды, әрі қысқармайды. Оқу жылының басы – қалыптасқан дәстүр бойынша – 1 қыркүйек, ал академиялық кезең семестр болып табылады.