Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД 2 семестр.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
532.48 Кб
Скачать

2. Төмендегі сөздердің аудармасымен танысыңыз.

Айналымға енгізу – пускать в оборот

Бос – свободный, незанятый

Жинаушы – собирающий

Көпестер – купечество

Қарызға беру – давать в долг

Қираған – разрушенный

Пайда болу тарихы – история возникновения

Пара-пар – наравне

Реттеуші – регулирующий

Шіркеу абыздары – священник

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Банк жүйесінің пайда болу тарихы туралы айтып беріңіз?

2. «Банкир» сөздің мағынасы қандай?

3. Қазіргі уақытта банктердің қызметті қандай?

4. Сөйлемді толықтырыңыз.

1. Банк жүйесінің ...... сонау Ежелгі Вавилон, Египет мемлекетерінен басталады. 2. Вавилонда банк операциялары бірінші кезде шіркеу абыздары ......... 3. Грек тілінде «банкир» сөзінің ...... - дүкендегі зат сатушының алдындағы ..... 4. «Банкрот» сөзінің беретін ... мағынасы - .... 5. Қазіргі уақытта банк – ...., ...., ... уақытша бос ақшаларын жинаушы, реттеуші және айналымға ақша, бағалы қағаздар шығаратын қаржы орны.

23 практикалық сабақ.

Модулдің аты: Банк жүйесі

Сабақтың тақырыбы: Банк түрлері.

1. Мәтінді оқыңыз.

Қазіргі заманда адамдардың өмірі банкпен тығыз байланысты. Көбіміз күн сайын банк арқылы әр түрлі операцияларды жүзеге асырамыз. Жалпы банктің бірнеше түрі болады. Соның ішінде қызметі ерекше банк – эмиссиялық банк, яғни Орталық банк. Мысалы, біздің республикамызда бұл – Ұлттық банк. Ол тек мемлекет пен коммерциялық банктермен іс жүргізеді. Мемлекеттің қорына түсетін ақшаларды айналысқа түсіріп, сол арқылы мемлекеттік мекемелерді қаржыландырады. Сондай–ақ, коммерциялық банктердің операцияларын, ақша жүргізу саясаттарын тексереді.

Ал коммерциялық банктер жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға, фирмаларға қызмет атқарады. Олардың негізгі қызметі – депозит ашу, несие беру, ақша айналымы, ақша аудару. Коммерциялық банктердің өзі екі түрге бөлінеді. Олар – жеке және аралас банктер. Аралас банк болуы үшін иесінің бірі жеке тұлға, екіншісі мемлекет болуы керек.

2. Төмендегі сөздердің аудармасымен танысыңыз.

Ақша аудару – перевод денег

Ақша жүргізу саясаты – политика движения денег

Аралас – смешанные

Жеке – частные

Жеке тұлға – физичекое лицо

Кәсіпорын – предприятие

Күн сайын – каждый день

Қаржыландыру - финансировать

Қызмет атқару – служить

Несие беру – выдавать кредит

Тексеру – проверять

Тығыз байланысты- тесно связано

Іс жүргізу – работать

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Эмиссиялық банк деген не?

2. Ұлттық банк қызметті туралы айтып беріңіз?

3. Коммерциялық банктер қандай қызмет атқарады?

4. Сөйлемді толықтырыңыз.

1. Қазіргі заманда адамдардың өмірі банкпен ..... 2. Мысалы, біздің ...... бұл – Ұлттық банк. 3. Ол тек мемлекет пен коммерциялық банктермен ..... 4. Ал коммерциялық банктер жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға, фирмаларға .... 5. Олардың негізгі қызметі – депозит ..., ..., ....., ......

5. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Ақша аудару, күн сайын, тексеру, тығыз байланысты, қаржыландыру.

24 практикалық сабақ.

Модулдің аты: Банк жүйесі

Сабақтың тақырыбы: Баға жүйесі

1. Мәтінді оқыңыз.

Баға – нарықтық экономиканы басқарудың негізгі құралы. Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі.

Нарықтық экономикада бағаның өсуі мен төмендеуі сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс дегеніміз – тұтынушылардың тауарлар мен қызмет таурларын сатып алу мүмкіндігі. Ұсыныс дегеніміз сатушылырдың тұтынушыларға сататын тауарлар саны мен қызмет түрлерінің жиынтығы.

Бағаның басты қызметі - өлшем. Бағаның түрлері: көтерме сауда бағасы, мемлекеттік бөлшек сауда бағасы, еркін баға, мемлекеттік баға, келісім баға, экспорттық баға, монополиялық баға, дүниежүзілік баға.