Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMP_OTTAVTiKR_2012-2013_leto.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

Аз бұлтты, қар жаңбырсыз ауа райы (жазда жылы, қыста аяды)

  1. Күн батарда және шығарда таң шапағы сары, алтын түстес болады. Жасылдау түсі ауа райын тұрақты сақталатынын білдіреді;

  2. Қар жаңбырдың түсуінің жоғалуы, бұлттанудың азаюы, жазда түнде салқын болады;

  3. Күннің шығуымен бірге жиынтық бұлттар пайда болады, түске қарай бұлт көлемі үлкейе бастайды. Кешке қарай бұлттар тарай бастап, күн батқаннан кейін мүлдем жоғалады;

  4. Күн батқаннан кейін шөп бетінде шық пайда болады, күн шығарда шық үлкейе бастайды;

  5. Жаз мезгілінде түнде жер бетінің төмен жерлерінде тұман жиналады;

  6. Кешке қарай төмен жазықтарда салқындай бастайды,жоғары жақтардан қарағанда, ашық жерлерден қарағанда орманда жылырақ болады;

  7. Күндіз жел теңізден, түнде құрғақтан соғады;

  8. Ауа қысымы жоғарлайды.

Жауын – шашынды ауа райының белгілері. Көкжиекті жұқа бұлттар пайда бола бастайды, жауын шашынның 20 сағатқа таяу уақытта болатынын білдіреді;

  1. Жұқа бұлттар біртіндеп созылып, көп қабықты бұлттарға ауысады. Егер бұл бұлттар күн мен айды да жапса, олардың қасында ақ шеңберлер пайда бола бастайды.

  2. Кешкі және таңғы шапақ қызыл кейде күрең түстес болады.

  3. Жел тез бағытын өзгертіп кешке қарай көтеріледі;

  4. Тауда жел жазықтықтан таға қарай соқса, күндіз керісінше болады;

  5. Ауа қысымы төмен болады;

  6. Шық немесе қырау пайда болмайды;

  7. Күндізден қарағанда кешке жылырақ болады;

  8. Төменгі белдеуде, тауларда, орманда біркелкі температура сақталады;

  9. Тауларда таңға жақын температураның түсуі байқалады;

  10. Кешке пайда болған тұмандар, күн шыққанға дейін жоғалып кетеді, су үстінде сақталмайды.

Ауыспалы ауа райының белгілері

  1. Көкжиекте жинақталған бұлттар байқалады;

  2. Ұзыннан созылған бұлттар пайда бола бастайды;

  3. Біруақытта бірнеше ярусты бұлттар кездеседі;

  4. Жазда қапырық сезіледі;

  5. Ауа қысымы басында аздап өзгеріп кейін кенеттен төмендейді.

Жайма шуақты ауа райы

  1. Жұлдыздар солғын жасыл түстес болып жарқырайды;

  2. Ай мүйізі өткір;

  3. Құмырсқалар жоғары белсенділік танытады;

  4. Масалар бір қатармен ұшады;

  5. Қоңыздар жерге жақын ұшады;

  6. Аралар ерте егістікке ұшады;

  7. Бақбақ гүлдері ерте бүр ашады;

  8. Түтін тігінен жоғарыға бағытталады.

Жайсыз ауа райы

  1. Жұлдыздар қызғылт және жарық көк түспен қатты жарқырайды;

  2. Ашық күннен кейін жұлдыздар солғын болып көрінеді;

  3. Торғайлар даусы қаттырақ шығады;

  4. Үйрек, қаз, аққу, шағалалар қанаттарын қатты ұрады;

  5. Балық суда секіреді;

  6. Бақалар саздан шығады;

  7. Иттер аз тамақтанып, көп ұйықтайды;

  8. Кесірткелер індерінен шықпайды,

  9. Дауыстардың естілуі қатайып, иістер күшейеді;

  10. Құмырсқалар илеуіне кіріп жолдарын жабады;

  11. Жерде жәндіктер көрінбейді, ал жер құрттары жер бетіне шығады.

Топографиялық бақылау. Топографиялық бақылаудың ең қарапайым түрі болып туристік топтың маршрут бойынша қозғалыс кезіндегі түсірілімі болып табылады. Күндізгі маршруттқа арналған түсірілімді жүру уақыты мен адымға байланысты бірқатар кесінділерге бөледі, ал олардың бағдарын анықтауда тұсбағдар қолданылады. Жергілікті жердің планына көрсетілетін барлық бақылауларды белгілі бір нүктемен байланыстырып отыру қажет. Маршруттық түсірілім сонымен қатар өзіне негізгі бағдарлар, сызбаларды және фототүсірілімдерді қосады.

Маршруттан тысқар орналасқан объектіге дейінгі қашықтықты бағадары мен сипатын көзбен анықтайды. Планның сызылуын миллиметрлік қағазда, транспортир және сызғыштың көмегімен сызған дұрыс.

Археологиялық қазбалар бөліктері, минералды бұлақтар, екі өзен арасындағы жүйелерді т.б туристік маршруттың жеке объектілерін нақты пландар құру қажет. Түсірілім кезінде абрис жүргізілеі – ол көзбен өлшейтін сызба. Онда түсірілген затар көрсетіліп және өлшемдердің сандық нәтиежелері жазылады. Кейін осы сызбалар мен жазбалар арқылы аталмыш жер участогінің планы құрылады.

Туристік топографиялық бақылау кезінде көбіне жоғары нүктелерге байланысты және бір бағытқа байланысты пішін құруды анықтау қажет етіледі. Кішігірім жер бөліктерінде пішінді ватерпастың (көлденең бұрыштама, нысаналау) немесе эклиметр – жергілікті жердің көлбеу бұрыштарын өлшейтін құралының көмегі арқылы құруға болады. Биіктіктерді анықтауда биіктік өлшейтін барометрді қолданған ыңғайлы.

Топографиялық бақылау жергілікті жердің негізгі топографиялары мен сол жерде бағдарлана білуге жақсы көмектеседі.

Геологиялық бақылау. Саяхат кезіндегі геологиялық бақылау геологиялық түсірілім сипатында болады. Геологиялық бақылау барысында туристер жер қыртыстар сипатымен, пайдалы қазбалармен және ерте заманғы тас болып қалған қалдықтармен, су, мұз және желмен жұмыс жасайды, танысады. Геологиялық бақылауды тау, жартас түрлерін, тастарды бақылаудан бастауға болады. Турист бақылау барысында минералдарды жинауға, сызбалар жасауға, ерекше геологиялық объектілерді түсірілімге алуға мүмкіндігі бар.

Жер бетінің ашылған жерлерін сипаттауда, оның орналасу орнын, ұзындығын, биіктігін, схематикалық сызба жасап, түсін анықтап, ашық жердің құрылымын, қандай минералдардың көп кездесетінін, әр түрдің үлгілерін алу қажет.

Үлгілерді тамыр түрлерінен, тау, жартастардың қалдығын емес өздерінен алуға тырысу керек. Тауып алған және ашық жерлерді күнделікке сипаттап жазып, картаға түсірілу қажет. Әр үлгіге қосымша этикеткасы болу керек, онда тауып алу пункті көрсетіледі.

Геологиялық бақылауды жүргізуде келесі құрал – жабдықтар қажет: геологиялық балға, өлшегіш лента, тау тұсбағдары, 10%-тік тұз қышқылы бар флакон (тау түрлерінің қайнауын анықтау үшін), маталы қаптар.

Рельефті зерттеу. Саяхат кезіндегі геоморфологиялық бақылау жеке жер бөліктері мен рельефті сипаттауға мүмкіндік береді. Туристерге аталмыш бақылауларды келесі сұрақтар қамтылған бағдарламар құру арқылы жүзеге асыру ыңғайлы болып табылады:

  1. Объект атауы;

  2. Ең көп бағытталған жағы;

  3. Ұзындығы жіне теңіз деңгейінен биіктігі;

  4. Көлденең пішін сипаттамасы (ені, өзен террасалар саны, өзен қимасының формасы, морендердің болуы және т.б.);

  5. Бойлық пішін сипаттамасы;

  6. Жеке жер бөліктеріндегі өсімдік жабығының типтері;

  7. Территорияның шаруашылық қолдануы.

Жартастарды сипаттауда олардың орналасуын, экспозициясын, құлама тіктінгін, геологиялық құрылымын, көлденең қимасының формасын, сонымен қатар кескілену дәрежесін анықтау қажет. Рельефті бақылауда туристер алдын ала аталмыш ауданның ерекшеліктеріне, мүмкіндігінше үлкен масштабты карта және сызбалардан құрылған выкопировка жасау қажет, топографиялық бақылауда қажет құрал – жабдықтарды қолданамыз.

Гидрологиялық бақылау. Туристік саяхаттағы гидрологиялық зерттеулердің негізгі мақсаты болып көп зерттелмеген, белгісіз өзендер мен көлдерге сипаттама беру болып табылады.

Гидрологиялық бақылау жергілікті жерге қатысты өзеннің сипаттамасын, ағысын, тереңдігі, жағалаулары, өзеннің түбі, ағыс жылдамдығы, су шығынығ сонымен қатар жергілікті тұрғындардың көмегімен өзен тәртібі мен оны қолдану жайлы ақпараттар жинақталады.

Көлдерді зерттеу барысында жағалау сызығының көзөлшемді түсірілім жасалу қажет. Тереңдігін, судың температурасын, тұрғындардан судың режимі жайлы мағұлмат жинау.

Ботаникалық бақылау. Саяхат барысында өсімдіктерді бақылау олардың типтеріне, пайдалы жабайы және мәдени өсімдіктердің пайда болуына мән беріледі.

Өсімдіктерді бақылауда географиялық орналасуын, жергілікті жердің рельефін, ылғалдығын, топырақ түрі, өсімдіктің қабаттылығы, өсімдік қабытында көбіне кездесетін өсімдіктерді саралау, олардың биіктігі, даму фазасы, қалпын, шаруашылыққа қажеттілік деңгейін қарастырады.

Пайдалы өсімдіктерді іздеп зерттеу алдында, сол жердің тұрғындарынан аталмыш өсімдік жайлы сырт түрі, қолдану тәсілі, жинау уақытысақтау, кептіру уақыты жайлы ақпарат алған жөн.

Гербарий жасау үшін өсімдіктерді жинау белгілі бір рұқсат алғаннан кейін немесе табиғатты қорғау, өлкетану мұражайларының тапсырмасы болса ған іске асады. Гербарийге қажет үлгілерді тамыр жүйесін зақымдамай алу қажет, әр алынған үлгіге қай жерден алынғанын, ортаның, теңіз деңгейінен қанша биіктікте орналасқанын көрсететін этикетка беріледі.

Үлгілерді кептіру үшін газет қағазынан жасалған қалың «дәптер» қажет. Ашық күндері немесе дала оттарында күнделікті кептіріп отыру қажет.

Тік белдеулерде (тауларда) өсімдік жамылғысын зерттеген кезде жапырағы бар, гүлдеген немесе жемісі бар кішігірім бұтақтарды, ағаштардың тамыры бар үлгілерді де жинақтайды.

Ботаникалық бақылауға қажет құрал – жабдықтар: қатты аңшы пышағы, гербарлық қағаз, тығыз картон папкалары, мақта, металл торлы гербарлық пресс – рамка қажет.

Флоризм. Флоризм – өзіндік өнермен өсімдікті бақылау. Флоризммен қызығатын туристер маршрут барысында гүлдерді, жапырақ, ерекше жаңғақтарды, түбірлер кейін олардан қылқаламсыз және боясыз скульптура, панно, кескін әзірлейді. Орманның шағын кескіндерін жинаумен қатар саяхат барысында гүлдердің пішіні мен түсін сақтай отырып оларды кептіруге, жинауға болады. Шығармашылық қасиет болса оларды әр түрлі натюрморт, пейзаж, портретте жасауға болады. Дегенмен өсімдіктерді бақылау және жинау барысында олардың арасында «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктердің де бар екенін естен шығармау қажет. Ондай өсімдіктерді жинауға болмайд және бақылаған кезде де байыппен, ақырын бақылау қажет. Сонымен қатар басқа өсімдіктерге де абайлап қарап оларды аз ғана көлемде үлгілерін алу қажет.

Зоологиялық бақылау. Туристік саяхат негізінде зоологиялық бақылау көбінесе жәндіктерді, құстарды, ұсақ сүтқоректілерді бақылау, байқау негзінде жасалады. Жануарларды коллекциялау белгілі бір рұқсат немесе ұйымдардың тапсырма берілуі арқылы жүзеге асады. Коллекциялар белгілі бір тематикаға байланысты жиналады, мысалы «Аталмыш ауданның зиянкес жәндіктері». Жәндіктерді жинауда қақпағы бар банка, пинцет, лупа сияқты құрылғылар қажет. Қасына ауа райы, жәндіктің орналасуы, жәндікке қысқаша сипаттама келтірілген этикетка беріледі.

Құстарды бақылау дүрбі арқылы жүзеге асады. Қыс мезгілінде құстар мен ұсақ сүтқоректілерді қалдырған ізі бойынша зерттеу, бақылау қызықты. Байқау нәтиежесінен алынған іздерге түсірілім жасап, сызбаға түсіруге болады және түсірілім кезінде іздер жақсы байқалу үшін оны басқа ұнтақтарды себу арқылы қол жеткізуге болады.

Фенологиялық бақылау. Фенология – тірі табиғаттың маусымдық дамуын зерттейтін ғылым. Фенологиялық бақылау ерекше дайындық пен құрал – жабдықтарды қажет етпейді, кез келген туристке қолжетімді. Аталмыш бақылаулар бір аудандарда ғана немесе аз зерттелген аудандарды жүргізіледі. Фенологиялық құбылыстарға бағдарлануда төменде кейбір табиғат құбылыстарының уақыты, мезеті көрсетілген, мемлекеттің орта еуропалық белдеуінде:

Ай

Шамамен уақыты

Маусымдық құбылыс атауы

Өте ерте

Ерте

Орташа уақыты

Наурыз

7/III

31/III

19/III

Алғашқы қарғалардың ұшып келуі

7/III

15/IV

30/111

Сауысқандардың ұшып келуі

Сәуір

18/III

15/IV

1/IV

Бозторғайлардың ұшып келуі

24/III

18/IV

4/IV

Қайың шырынының қозғалысының басы

25/III

17/IV

11/IV

Солтүстікке тырналардың ұшып келуі

30/III

5/V

19/IV

Көк теректің бүршік жаруы

6/IV

7/V

22/IV

Қандыағаштың бүршік жаруы

4/IV

13/V

24/IV

Бақалар ырылдауының басы

8/IV

12/V

24/IV

Мойылдың бүршік жаруы

6/IV

14/V

25/IV

Жаңғақ ағаштың бүршік жаруы

Мамыр

24/IV

9/V

30/IV

Көкектің шақыратын үнінің алғаш болуы

22/IV

23/V

9/V

Қайыңның бүршік жаруы

1/V

18/V

10/V

Бұлбұлдың алғашқы шырқауы

26/IV

24/V

11/V

Мамыр қоңыздарының шығуы

29/IV

1/VI

12/V

Қарлығаштың ұшып келуі

2/V

27/V

13/V

Бақбақтың гүлдеуі

4/V

4/VI

18/V

Мойылдың гүлденуі

2/V

5/VI

24/V

Орман жидегінің гүлденуі

6/V

5/VI

22/V

Шинеің гүлденуі

6/V

6/VI

24/V

Алманың гүлденуі

10/V

12/VI

26/V

Меруерт гүлдің гүлденуі

8/V

14/VI

27/V

Сиреньннің гүлденуі

11/V

17/VI

29/V

Шетен жидегінің гүлденуі

Маусым

17/V

28/VI

12/VI

Итмұрынның гүлденуі

25/V

3/VII

16/VI

Қара бидайдың гүлденуі

Шілде

28/VI

28/VII

12/VII

Бидайдың сарғаюы

15/VI

30/VII

13/VII

Жөке ағашының гүлденуі

Тамыз

1/VIII

17/VIII

10/VIII

Жапырақтардың түсуінің басталуы

Қыркүйек

26/VIII

26/IX

3/IX

Қарғалардың жиналуы

14/VIII

21/X

27/IX

Тырнаның ұшып кетуі

Басқа да бақылаулар. Маршрутпен жұмыс кезәнде басқа да бақылаулар кездеседі.

Гляциологиялық бақылау. Мұздықтарды байқап зерттеу негізінде іске асады. Қабатының сипаттамасы, мұздық жазықтықтары, мүмкіндігінше мұздықтардың қозғалуын зерттеу.

Топырақты зерттеу. Алынған топырақ үлгілерінен топырақ түрлеріне сипаттама жасап карта құру болып табылады.

Этнографиялық бақылау. Саяхаттау ауданындағы халықтардың белгілі бір тақырыпқа байланысты, мәдениетіне, тұрмыс – тіршілігіне, еңбек қабілеттілігіне сипаттам жасау.

Топонимикалық бақылау. Өзен, көл, шың, тұрақтау пункттерінің және басқа да маршрут объектілерінің географиялық атауының зерттелуі.

Экономика – географиялық бақылау. Шаруашылық кешеннің тарихи дамуы, байланыстары, алға қойылған мақсаттарын бақылауға арналған.

Жоғарыда келтірілген әр бақылау түрінің өздеріне тән әр әдебиеттерде ерекшеліктері, бағдарламалары, әдістемелері болады.

ФОТОҒА ТҮСІРУ ЖӘНЕ КҮНДЕЛІК ЖҮРГІЗУ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]