
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк «Туризм» кафедрасы
- •5В090200 «Туризм» мамандықтарының білім алушылары үшін
- •Астана 2012 Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені құрылымы
- •1 Силлабус
- •5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары
- •6 Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •8 Оқу пәнінің саясаты
- •2 Глоссарий
- •3 Дәріс конспектісі Тақырып 1 (1 жұма). Туризмнің белсенді түрінің негізгі әдіс-тәсілдері
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 2 (2 жұма). Белсенді туризм түрлері техникасының негіздері
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 3 (3 жұма). Туристік маршрут категорияларының анықтамасы
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 4 (4 жұма). Саяхаттағы туристтердің қызметі
- •Аз бұлтты, қар жаңбырсыз ауа райы (жазда жылы, қыста аяды)
- •Саяхатта фотоға түсіру
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 5 (5 жұма). Белсенді туристік саяхаттағы экстрмалды туризм
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 7 (7 жұма). Белсенді туристік саяхаттқа арналған құрал-жабдықтардың жалпы анықтамасы
- •Жеке құрал-жабдықтар
- •Жаяу туризмдегі жеке құрал-жабдықтар
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырыбы 8 (жұма 8) Жорықтағы алғашқы медициналық көмек
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •1. Вуколов в.Н. Основы туристско-краеведческой работы. Учебное пособие. - изд. 2-ое, исп. И доп. Караганда, 2005
- •2. Биржаков м.Б Введение в туризм. СПб., Герда 1999
- •4 Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •4.1 Негізгі әдебиеттер:
- •4.2 Қосымша әдебиеттер
- •5 Бақылауға арналған сұрақтар
- •Әдістемелік нұсқау
- •6 Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар
- •6.1 Өзіндік жұмысты орындау нысаны және сағат көлемі
- •Әдістемелік нұсқау.
- •6.2 Өзіндік жұмысқа арналған тақырыптар
- •Семинар (практикалық) сабақтарды өткізу жоспары
- •7.1 Лабораториялық сабақ жоспары
- •1 Тақырып. Туризмнің белсенді түрлері және олардың даму ерекшеліктері
- •2 Тақырып. Тау шаңғы туризімнің техникасы мен тактикасы
- •3 Тақырып. Су туризмнің дамуы және оның техникасының ерекшеліктері
- •4 Тақырып. Альпинизммен айналасудағы негізгі әдістер мен құралдар
- •5 Тақырып. Велотуризмдегі құрал жабдықтар ерекшеліктері
- •6 Тақырып. Мото және автотуризмдегі техника және тактика
- •7 Тақырып. Экстремалды туризммен айналасу ерекшеліктері
- •1. Вуколов в.Н Казарчук Основы туристско- краеведческая работа
- •2. Биржаков м.Б Введение в туризм. СПб., Герда 1999
- •7.2 Семинарлық сабақтарға дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
- •8.1 Аралық бақылау сұрақтары
- •8.2 Соңғы бақылау сұрақтары
- •9. Бағдарламалық және мультимедиялық материалдары
- •9.1 Тақырыптардың мультимедиялық материалдармен қамтылу кестесі
Қорытынды
Туристтар жорықтардың көпшiлiгi үшiн 15 кг көтергiш күш болатын әскери спасжилетылар жеткiлiктi жиi қолданады. Желеткенiң көтергiш күшiн үлкею үшiн кемiнде 22-24 кгтер қажеттi көтергiш күшi бар желеткелер күштi көбiктендiрiлген суы бар тау өзендер бойынша күрделi жорықтарда жүзгiштiктiң (немесе пенопласттан толтырылуымен) қосымша үрмелi элементтерiн қолданылады.
Әдістемелік ұсыныстар
Оқыту әдісіекі негізгі категорияға бөлінеді: дидактикалық және интерактивті. Дидактикалық әдіс біржақты бағытта жүргізіледі және кең аудитория үшін қолданылады, мазмұның толық түрде ашады, уақыт тиянақты түрде жоспарланады, себебі аудиториядан кері байланыстын болмауы материалды түсінбеушілікке әкеліп, қосымша уақыт кетуі мүмкін.
Сұрақтар
Маршрутқа анықтама беріңіз?
Жорықтың сипаттамаларын атап беріңіз?
Жорықты ұйымдастыру тәсілдерін атаңыз?
Әдебиеттер
Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы и практика. – Алматы: Атамура, 2000 г.
Воскресенский Ю.В. Международный туризм.- М.: ЮНИТИ-ДАНА; 2000;
Тақырып 4 (4 жұма). Саяхаттағы туристтердің қызметі
Мақсат: Шетелдік белсенді саяхатта бақылауды ұйымдастыру процессін қарастырып шетелдік белсенді саяхатт кезіндегі бақылау процессін сипаттау.
.
1. Саяхаттағы пайдалы жұмыс, бақылауды ұйымдастыру.
2. Қоғамдық – пайдалы жұмыстардын нысандары.
3. Жергілікті тұрғындарға көмек
4. Ұйым тапсырмаларын орындау
5. Өлкетану қызметі
6. Саяхат кезіндегі бақылау
1 Көп жағдайда туристік топтар қоғамдық пайдалы жұмыстарға белсенді қатысады, әр түрлі ұйымдардың тапсырмаларын орындайды, табиғатта бақылау эксперименттерін жүргізеді. Бұл саяхатты қызықты болып өтуіне алғышарт бола алады.
Туристке маршрут бойынша қоғамдық жұмысты істеу ерікті жұмыс болып табылады. Кейбір адамдарға жаңа ауданда туристік зерттеулер ұйымдастыру, басқалары аудитория алдында лекция оқуға,шығармашылық кештер ұйымдастыруға, ал үшіншілерін табиғаттың нақты бөліктері – минералдар, гүлдер, жәндіктер қызықтырады. Аталмыш бөлімдерде пайдалы жұмысты ұйымдастыруда және табиғаттың жеке тылсым құбылыстарын бақылауда кейбір анықтамалар келтіріледі.
2 Турист қызметінің қоғамдық – пайдалы жұмыстарының көп түрлі нысандарынан барынша көп таралғаны келесілерді келтіруге болады:
Жергілікті тұрғындарға еңбек күші көмегі;
Үгіт – насихат және жаппай мәдени жұмыстар;
Табиғатты қорғау және ландшафтарды көркейту;
Өлкетану зерттеулері;
Ұйымдардың, ғылыми және шаруашылық бағыттағы мақсатты тапсырмалардың орындалуы;
Қоғамдық органдар мен туристік – экскурсиялық мекемелердің тапсырмаларын орындау;
Нақты тапсырмасыз эпизодты қоғамдық пайдалы жұмыс.
Бұл бөлінулерге сәйкес жұмыс барысында туристке қолдануға кеңес берілетін негізгі әдістер бар: физикалық еңбек, үгіт – насихат, тәрбие, іздену, бақылау, инвентеризация, зерттеу, жинақтау қызметі т.б.
3 Жергілікті тұрғындарға көмек – туристік қоғамдық пайдалы жұмыстардың негізгі нысандарының бірі. Үгіт – насихаттық мақсаттағы саяхат, алыс ауылдарға әдебиетер тарату, газета және фотомонаж шығаруға, шығармашылық кештер ұйымдастыруға, жергілікті жердің жастарымен спорттық кездесу өткізу, көкөністер мен жемістерді жинауға және тағы басқа да жұмыстарға саяхатшылардың көмектесуі. Бқл жұмыстар аса қиын дайындық пен жрақтандыруды қажет етпейді.
Бүкілодақтық саяхат
Комсомолдардың, жастар мен туристердің төңкеріс, соғыс болған жерлерде бүкілодақтық саяхат ұйымдастыруының негізгі мақсаты жастардың патриоттық тәрбиеленуі болып табылады. Бүкілодақтық саяхатқа қатысушылар төңкеріс, соғыс және еңбек ету орталықтары болған жерлермен саяхаттап, сол кездердегі батыр, ерекше тұлғалар жайлы ақпарат жинап оларды таныстырып, тарихта белгісіз беттерді жағартып, мемориалды тақталарды қайта орнына келтіру, көрме және мұражай жұмыстарын ұйымдастыру секілді істер атқарады. Бұл қозғалысты Туризм және экскурсия бойынша орталық кеңес және ДОСААФ орталық комитетімен бірге ЦК ВЛКСМ басқарады.
4 Саяхатшыға көптеген жағымды әсерлерді әр түрлі мекемелер мен ұйымдардың жүктеген ғылыми, шаруашылық, зерттеу тапсырмаларын орныдау арқылы алады.
Бұл тапсырмаларға снегомерлік түсірілім, дәрілік қасиеті бар жабайы өсімдіктерді іздеу, жаңа пайдалық қазбалар орындарын және аз өзендердің режимін бақылау, этнографиялықматериалдар жинақтау жатады.
Саяхатшыға көп жағдайда табиғатты қорғау мақсатындағы мекемелер мен ұйымдардың берілген тапсырмалары жақы болып келеді.
Мақсатты тапсырмалар келесілерді бере алады: өлкетану және басқа мұражайлар; Бүкілодақтық географиялық қоғамның бөлімдері мен секциялары; табиғатты қорғаудың жеке бөлімдері; қоғамның тарихи жіне мәдени ескеркіштерін қорғау бөлімдері; геологиялық басқарымдар, экспедициялар мен партиялар; орман шаруашылығын басқару, жартылыстану – биологиялық және тарихи факультеттер, жоғары оқу орындарының кафедралары; ғылыми – зерттеу инститтуттары және гидромет өызметін басқару т.б.
Жас туристерге бұдан басқа пионер және оқушы үйлеріне, станциялары сияқты өлкетану және туризм бөлімдеріне назар аударуға кеңес беріледі.
Туристік тапсырмаларды орындау
Саяхаттағы туристік тематика жұмысы жергілікті жерді белгілі бір техника және тактика арқылы бақылауын, тамақтанудың ең рационалды түрін анықтау, жаңа құрал – жабдық түрлерін қолданыста көру, жар, қабақтарды зерттеу, жаңа маршруттарды жасау және ойластыру жұмыстарын қамтамасыз етеді.
Туристік тапсырмалар тематикасына сонымен қатар келесілерде кіреді: туристік трассаларды тазалау мен макировка мақсатындағы саяхаттар, экскурсиялық объектілерді жаңарту, қайта орнына келтіру, қорғау; туристік паналарды салу; орман полигондарын туризм техникасы үшін жарақтандыру; сақтандыру тростары мен шынжырларды дайындау т.б. Сонымен қатар бұл жерге маршруттарды көгалдандыру,туристік орман күнін өткізу, орман учаскілерін тазарту, бұлақ көздерін ашу және т.б.
Нақты тапсырмаларды жергілікті туризм және экскурсия кеңесінен, туристер клубынан, туристік базалардан, маршрутты – квалификациялы комиссиялардан алуға болады.
Өлкетану жұмысының қоғамдық пайдалы қайтарымы, туристік өлкетанудың табиғатты, еңбек өмірін, тұрмысты, тұрғындардың мәдениетін қолданбалы түрде зерттеуімен және объектілердің орналасуына немесе құбылыстарына байланысты болып келеді.
Өлкетану қызметітуристердің геоморфология, ботаника, метеорология секілді білімдердің зерттелуін қарастырады. Сонымен бірге қажет ақпарат жинау бақылау жұмыстарын жүргізу жалпы пайдалы ақпарат ретінде танылған уақытта ғана өлкетану болып табылады. Сондықтан, мысалы, халық шығармашылығын зерттеу кезінде сол халыққа тән мақал – мәтелдерді, жаңылтпаш, әндерді, кесте түрлерін, шеберлердің аты – жөнін міндетті түрде жазып алу қажет.
6.Метеорологиялық бақылау. Туристік саяхат кезіндегі метеорологиялық бақылау ауа райына бағдарлануға және оны жақын арада бір – екі сағаттағы ауа райын болжауға көмектеседі. Сонымен қатар бұл бақылау әр ауданның микроклиматына тән сипаттама бере алады.
Бақылау нақты белгіленген уақытта жүргізіледі: жергілікті уақыт бойынша қазаннан наурыз айларында 1, 7, 13 және 15 сағатта, жылдың басқа периодында 2, 8, 14 және 20 сағатта.
Бұлтты күндерді бақылау. Бұлттылықты ашық жерден он балдық жүйемен көзбен анықтайды. Бұлтты емес ашық аспан – 0. 10 балға сәйкес бұлтты күні, аспан толығымен бұлтепн жабылады. Егер 1/10, 2/10, 3/10 бөлігі бұлтпен жабылса, олар сәйкесінше 1, 2, 3 т.б балмен өлшенеді.
Бұлттарды орналасу биіктігіне байланысты жоғары, орташа және төмен ярусты болып бөлінеді. Жоғары ярустағы бұлттар – жұқа, ақ, көлеңке түсірмейтін, ауа райын өзгертпейтін болып табылады. Орташа ярусты бұлттар – ашық, көкшіл сұр, біркелкі толқын ретінде, жоғары ярусты бұлттарға қарағанда үлкен және тұтас болып келеді. Төмен ярусты бұлттар – аласа, сұрғылт, ауыр үлкен тізбектерден құралған, аспанды толықтай жауып тұрады.
Желді бақылау. Желдің бағыты мен жылдамдығын анықтау негізінде жасалады. Құралдардың болмаған кезінде желдің жылдамдығы Бофорт шкаласымен анықталады.
Белгілері |
Балл |
Жел атауы |
Жел жылдамдығы, м/с |
|
Жер бетіндегі заттар |
Су қабаты |
|||
Түтін жоғарыға көтеріледі. Ту жай тұрады. |
Су қабат айна секілді |
0 |
Штиль |
0-0,5 |
Түтін аз ғана еңістейді, жапырақтар сыбдырлайды. Сіріңке жалыны аз шалқаяды. |
Аздап жылан қабығы секілді толқындар пайда болады. |
1 |
Тыныш |
0,6-1,7 |
Жұқа бұтақтар қозғалады, жалау ақырын желбірейді, жалын тез өшеді. |
Қысқа бәрақ нақты толқындар, көбігі ақ емес шыны тәріздес. |
2 |
Жеңіл |
1,8-3,3 |
Үлкен емес бұтақтар қозғалады, жалау желбірейді. |
|
3 |
Әлсіз |
3,4-5,2 |
Үлкен бқтақтар қозғалады, жалау жайылып, шаң көтеріледі. |
Толқындар ұзарып, «барашки» атты көбіктер пайда болады. |
4 |
Бірыңғай |
6,3-7,4 |
Үлкен емес діңгектер теңселіп, құлақта ысқырады. |
Барі «баршакпен» жабылады |
5 |
Таза |
7,5-9,8 |
Ағаштар теңселіп, шатырларды алып кетеді |
Үлкен тарақты толқындар биік толқындар пайда бола бастайды. |
6 |
Күшті |
9,9-12,4 |
Шатырларды алып кетеді, үлкен амас ағаштар иіледі |
Бүлінуге алып соғатын толқын пайда болады |
7 |
Қатты |
12,5-15,2 |
Қозғалу қиындайды, жұқа бұтақтар сынады, үлкен ағаштар майысады. |
Толқындардың биіктігі мен ұзындығы үлкейе бастайды. |
8 |
Өте қатты |
15,3-18,2 |
Үлкен аүаштарды сындырады, үй шатырлары қирайды |
Биік тау секілді толқындар пайда болады |
9 |
Дауыл |
18,3-21,5 |
Үй шатырларын алып кетеді, ағаштарды тамырымен жұлып алады |
Барлық су беті ақ көбікке оранады |
10 |
Күшті дауыл |
21,6-25,1 |
Үлкен қирауға әкеліп соғады |
Толқындардың биіктігі соншалық көз алдындағы кемелерді жасырады |
11 |
Қатты дауыл |
25,2-29 |
Жойылуға әкеліп соғады |
Су шаңы көріністі барынша жояды |
12 |
Құйынды ауыл |
29-дан көп |
Қарөлшемді бақылау. Қысқы саяхатта метеорологиялық бақылау жүргізу қар жамылғысына байланысты жүргізіледі. Оның жабылу қалыңдығына, қарың түсуіне байланысты болады. Бақылау визуалды түрде жүргізіледі және көбінесе шаңғы таяқшылары қолданылады. Оның көмегімен қар қалыңдығы өлшенеді. Шаңғы тірек кеңістігі мен туристің рюкзакпен қосылғандағы салмағын біле отырып қар ылғалдығын білуге мүмкіндік туады.
Міндетті түрде ерекше деген метеорологиялық құбылыстарды жазып отыру қажет. Ерекше құбылыстарға қар жаңбырдың түсуі, бұршақ, үсік, шық, қырау, жұлдыздың жылт етуі, қарлы боран т.б жатады.
Қарапайым құрылғылар. Оларға термометр, барометр – анероид, Асман психрометрі, қол анемометрі.
Циферблатты типтегі сұйықтықсыз термометр ең қолайлы болып табылады. Оны биметалды спиральді қолдану арқылы қолдан жасап алуға болады.Саяхат кезінде оны тұсбағдар ретінде қолда ұстап жүруге болады.
Барлық метеорологиялық бақылауларды күнделікке жазып жүру қажет. Күнделікте бақылау орны, ай-күні, бақылау уақыты, бақылау нәтиежелері, және жеке атмосфералық құбылыстар жазылады.
Ауа райын болжау. Туристердің ауа райын болжау келесі құбылыстар мен белгілерді ескере отырып жасалады: