Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMP_OTTAVTiKR_2012-2013_leto.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

Қорытынды

Туристтар жорықтардың көпшiлiгi үшiн 15 кг көтергiш күш болатын әскери спасжилетылар жеткiлiктi жиi қолданады. Желеткенiң көтергiш күшiн үлкею үшiн кемiнде 22-24 кгтер қажеттi көтергiш күшi бар желеткелер күштi көбiктендiрiлген суы бар тау өзендер бойынша күрделi жорықтарда жүзгiштiктiң (немесе пенопласттан толтырылуымен) қосымша үрмелi элементтерiн қолданылады.

Әдістемелік ұсыныстар

Оқыту әдісіекі негізгі категорияға бөлінеді: дидактикалық және интерактивті. Дидактикалық әдіс біржақты бағытта жүргізіледі және кең аудитория үшін қолданылады, мазмұның толық түрде ашады, уақыт тиянақты түрде жоспарланады, себебі аудиториядан кері байланыстын болмауы материалды түсінбеушілікке әкеліп, қосымша уақыт кетуі мүмкін.

Сұрақтар

  1. Туризм дегеніміз не?

  2. Туризмнің негзігі түрлерін атаңыз?

  3. Манилдық декларацияның мазмұның атап беріңізші?

Әдебиеттер

  1. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы и практика. – Алматы: Атамура, 2000 г.

  2. Воскресенский Ю.В. Международный туризм.- М.: ЮНИТИ-ДАНА; 2000;

Тақырып 3 (3 жұма). Туристік маршрут категорияларының анықтамасы

Мақсат: Маршрут категориясының анықтамасын қарастыру және жорықты ұйымдастыру процессін қарастыру.

    1. Маршрут категориясының анықтамасы

    2. Жорықты ұйымдастыру процессі

Негізгі терминдер: туризм, әлемдік туризм, туристік индустрия, белсенді туризм, пассивті туризм, рекреация, қосымша қызметтер, Манилдық декларация, туристік ұйымдар, туроператор, турагент.

Маршрут дегеніміз туристік топтың жылжу траекториясы болып саналады. Туристік маршрут өз күрделілігімен ерекше сипаттарға ие болады.

Маршрутты ұйымдастыру барысында топтық және жеке туристтiк тактиканы танып бiлу керек. Маршрут туристік топтың жылжу сипатына байланысты бір неше түрге бөлінеді:

  • Сызықтық;

  • Радиалды;

  • Айналмалы;

  • Аралас.

Соынмен қатар туристік жорықта міндетті түрде маршрут кітапшасы толтырылуы тиіс. Маршрут кітапшасы туристік топтардың жол сапарларына арналған 1-6 қиындықтағы туристік спорт жорықтарына арналған туристік топтың негізгі құжаты. Маршрут кітапшасына туристік топтар туралы - қай мекемеге, ауданға, қалаға жататындығы, туристер құрамының саны, туризмнің түрі, жорықтың бағыты және маршруттары, сонымен қоса топтың тізімі, және т.б. жалпылай мәліметтер енеді. Маршрут кітапшасы маршруттық тексеру комиссиясы белгілі бағыт бойынша жүрудің дұрыстығын және туристердің дайындығын тексергеннен кейін олардың қолдарына беріледі. Тексеру комиссиясының мөрімен куәландырады. Бұдан басқа маршрут кітапшасына саяхаттың нақтылы күндеріне арналған күнтізбелік жоспары көрсетіледі - жолдың ұзақтық көлемі және қозғалыс әдістері; жорық маршрутының үлгісі, материалдық жағынан қамтамасыз етілуі, арнаулы құрал-жабдықтар, маршрутқа шыққан күнгі жүктердің салмағы; тексеру орындары және тексеру мерзімі белгіленіп ескертулер жасалынып, маршруттық тексеру, құтқару қызметі комиссиясының ескертулері жазылады.

Туристік маршруттың технологиялық картасы - транспорттық маршруттың негізгі құжаты. Ол туристік қызметті ұйымдастыратын субъектпен құрастырылады, жоспарлық-қаржылық бөлімнің басшылығымен мақұлданады, мөрмен басылып, бекітіледі. Технологиялық картаның басында маршрутқа қызмет көрсететін туристік ұйымның атауы көрсетіледі.

2.Туристік жорық, туристік жорықтар көбінесе ауылды жерлермен немесе тұрғылықты халқы сирек аймақтарда белгілі бір мақсатпен жаяу жүріп саяхат шегу: танып-білу, сауықтыру, спорт, оқулық және жаттықтырушылық мақсатында туристік жорықтар ұзақтық мерзіміне қатысты (1-2 күндік немесе кеп күндік), жүру әдістері туристік түрлеріне, бағытына, мысалы, жаяу немесе шаңғымен жүру, таулы өңірге саяхат, сумен, велосипедпен , автомашинамен жүруге арналған саяхаттар, спелеожорықтар, сонымен қатар белгілі қиындық дәрежелері бойынша саяхат жасау. Туристік жорықтың басқапардан айырмашылығы - табиғи кедергілерден міндетті түрде өту сипатына қатысты. ҚР-сы аумағында туристік жорықтарын ұйымдастырудың ережесі. ҚР-ның туристік және спорт миннистрлігінің 29.07.93 ж. N 6-2 бұйрығына сейкес бекітілген. Қазақстан аумағында спорттық және көпшілікке арналған жорықтар мен экспедицияларды ұйымдастырудың тәртібі бар.

Туристік жорықты ұйымдастыруда міндетті түрде туристік карта әзірленеді. Туристік карта — туристерді қызықтыратын объектілер, маршруттың бағыты мен жағдайы бейнеленген карта. Туристік карта — арнайы карта нысандарының бір түрі.

Жорықты басқарушы, туристер тобының жалпы жиналысы кезінде тағайындалып бекітілген үлкен тәжірибелі және беделді жорыққа қатысушылардың бірі. Туристік топтың дайындығына, жорықтың сәтті аяқталуына, қауіпсіздік шараларын қамтамасыздандыруға және жорық жолдарынан жақсы жүріп өтуді ұйымдастырады. Жорықтан қайтып оралысымен мамандық комиссиясына өзі басқарған жорық туралы есеп береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]