
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк «Туризм» кафедрасы
- •5В090200 «Туризм» мамандықтарының білім алушылары үшін
- •Астана 2012 Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені құрылымы
- •1 Силлабус
- •5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары
- •6 Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •8 Оқу пәнінің саясаты
- •2 Глоссарий
- •3 Дәріс конспектісі Тақырып 1 (1 жұма). Туризмнің белсенді түрінің негізгі әдіс-тәсілдері
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 2 (2 жұма). Белсенді туризм түрлері техникасының негіздері
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 3 (3 жұма). Туристік маршрут категорияларының анықтамасы
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 4 (4 жұма). Саяхаттағы туристтердің қызметі
- •Аз бұлтты, қар жаңбырсыз ауа райы (жазда жылы, қыста аяды)
- •Саяхатта фотоға түсіру
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 5 (5 жұма). Белсенді туристік саяхаттағы экстрмалды туризм
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 7 (7 жұма). Белсенді туристік саяхаттқа арналған құрал-жабдықтардың жалпы анықтамасы
- •Жеке құрал-жабдықтар
- •Жаяу туризмдегі жеке құрал-жабдықтар
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырыбы 8 (жұма 8) Жорықтағы алғашқы медициналық көмек
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •1. Вуколов в.Н. Основы туристско-краеведческой работы. Учебное пособие. - изд. 2-ое, исп. И доп. Караганда, 2005
- •2. Биржаков м.Б Введение в туризм. СПб., Герда 1999
- •4 Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •4.1 Негізгі әдебиеттер:
- •4.2 Қосымша әдебиеттер
- •5 Бақылауға арналған сұрақтар
- •Әдістемелік нұсқау
- •6 Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар
- •6.1 Өзіндік жұмысты орындау нысаны және сағат көлемі
- •Әдістемелік нұсқау.
- •6.2 Өзіндік жұмысқа арналған тақырыптар
- •Семинар (практикалық) сабақтарды өткізу жоспары
- •7.1 Лабораториялық сабақ жоспары
- •1 Тақырып. Туризмнің белсенді түрлері және олардың даму ерекшеліктері
- •2 Тақырып. Тау шаңғы туризімнің техникасы мен тактикасы
- •3 Тақырып. Су туризмнің дамуы және оның техникасының ерекшеліктері
- •4 Тақырып. Альпинизммен айналасудағы негізгі әдістер мен құралдар
- •5 Тақырып. Велотуризмдегі құрал жабдықтар ерекшеліктері
- •6 Тақырып. Мото және автотуризмдегі техника және тактика
- •7 Тақырып. Экстремалды туризммен айналасу ерекшеліктері
- •1. Вуколов в.Н Казарчук Основы туристско- краеведческая работа
- •2. Биржаков м.Б Введение в туризм. СПб., Герда 1999
- •7.2 Семинарлық сабақтарға дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
- •8.1 Аралық бақылау сұрақтары
- •8.2 Соңғы бақылау сұрақтары
- •9. Бағдарламалық және мультимедиялық материалдары
- •9.1 Тақырыптардың мультимедиялық материалдармен қамтылу кестесі
3 Дәріс конспектісі Тақырып 1 (1 жұма). Туризмнің белсенді түрінің негізгі әдіс-тәсілдері
Мақсат: Қазіргі кездегі туризмнің дамуын және ҚР туризм дамуының алғы шарттарын қарастырып мәнің ашу.
Қазіргі кездегі туризмнің дамуы
ҚР туризм дамуының алғы шарттары
Белсенді туризмнің негізгі әдіс-тәсілдері
1. «Туризм» термині (tourism,tour - серуен,саяхат) XІX ғасырдың басында ағылшын тілінен шықты, бірақ, «tour» деген түбірі француз тілінен пайда болды, ол – серуен, жол жүру, саяхат деген мағынаны білдіреді./2,б.8/. Ағылшын тілінің вэбстерлік сөздігі «tourist» сөзіне мынадай мағына береді: өзінің рахаты үшін немесе мәдени ой-өрісін кеңейту үшін саяхат жасайтын тұлға (one who maker a tour for pleasure or culture).
Туристік терминдер мен түсініктердің нақты анықтамаларын жетілдіру мәселесімен Ұлттар Лигасы, БҰҰ, ДТҰ сияқты түрлі ұйымдар айналысады.
Ғылыми әдебиетте берілген туризм дефиницияларының түрліаспектілігі мен түрлімінезділігі:
1. Туризм – бұл профессионалды емес немесе коммерциялық емес себептер бойынша сяхатшының қз тұратын жерін уақытша және ерікті түрде ауыстырумен байланысты болатын қарым-қатынастар мен қызметтердің өзара жиынтығы. /Bernecker P. Fundamentals of tourism.-Geneva,1964/4,б.21/.
2. Туризм – бұл жұмыс пен тұратын жерін ауыстырумен байланысты болмаған жағдайда, халықтың бір аймақтан (аудан,қала,мемлекет) басқа аймаққа уақытша орын ауыстыруы. Туризм – бұл демалу, емделу, мәдени, ғылыми және іскерлік шараларға қатысу мақсатында саяхатпен байланысты болатын рахат алу. /5,б.145/.
3. Әлемдік туризм бойынша Манилдық декларация (Манила, Филлипин,1980) былай деп жариялады: «Туризм – бұл мемлекет өміріндегі әлеуметтік, экономикалық және мәдени облыстарына тікелей әсер ететін, халық өмірінде маңызды орын алатын қызмет».
4. Тарифтер мен сауда бойынша Бас келісімге кіретін мемлекеттердің Уругвайлық раунды бойынша туризмнің анықтамасына әрекет пен қызмет көрсетудің келесі түрлері қосылған:
туристік ұйымдардың қызметі – туроператорлар мен турагенттер;
көлік қатынастары қызметі;
орналастыру және тамақтандыру орындары;
рекреациялық, мәдени, спорттық және басқа да ойын-сауық қызметтері;
қосымша қызметтер, мысалы, гидтердің қызметі, конгресті ұйымдастыру;
БҰҰ бекіткен туризмнің қазіргі кездегі анықтамасы бойынша, туризм – бұл тұрақты тұратын жерінің шекарасынан тыс орын ауыстырумен байланысты болатын адамның физикалық дамуына, денсаулығының күшеюіне әсер ететін белсенді демалу. /9,б.15/.
«Қазақстан Республикасында туристік қызметті дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (2001ж.) туризмге келесі анықтама берілген: «Туризм – жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты»./10,б.3/.
Осылайша, туризм көптеген аспектілер мен формаларда көрінеді.
Біздің ойымызша, туризм ұлттық экономиканың түрлі салаларын біріктіретін экономикалық категория ретінде қаралу керек.
Яғни, туризм едәуір материалдық, қаржылық, еңбек ресурстарын тартатын экономикалық жүйенің дербес саласы болып табылады.
Бұл ойдың дәлелі «Қазақстан Республикасында туристік қызметті дамыту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (2001ж.) берілген: «Бұл заң ҚР экономикасының бір саласы ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды» /10,б.3/.
Осыған орай, туризмнің маңызын әлемдік туристік нарық жағдайында экономикалық тұрғыдан айтып кеткен жөн.
Туризм әлемдік жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін құрайтын, әлемдік экономикадағы маңызды рөлдерінің бірін ойнайды. Экономиканың бұл саласы өте жылдам қарқынмен дамып келеді, себебі туризм соңғы жылдары әлемдік бизнес түрінің ең табысты саласына айналды. Ол әлемдік капиталдың шамамен 7%-ын пайдаланады. 90-шы жылдардың басында туризмнің үлесі әлемдік тауарлар мен қызметтер саудасының 10%-ын құраған, мұнай мен автомобиль экспортынан кейінгі үшінші орын. Ал 2005 ж. туризм бірінші орынға шығуы керек деген болжам бар.
2. Елбасы Н. Назарбаев өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасының басымды бағыттарының бірі ретінде туризмді дамыту қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша Маркетингтік сараптамалық зерттелім орталығы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен американдық консалтингтік компаниясы «Қазақстан экономикасының қызмет көрсетіп отырған бәсекеге қабілетті және потенциалды перспективті секторларына баға беру және олардың дамуы жөнінде үсыныс» жобасы іске асырылды. Жобаның мақсаты — Қазақстан экономикасының болашағы бар салаларының бәсекеге қабылеттілігін көтеру. Сарапшылардың қорытындысы бойынша Қазақстанның бәсекелестік басымдылығы оның таңғажайып мәдениетінде (мәдени-танымды), бай табиғи әлеуетіне (су туризм), қызмет белсенділігінің өсуіне байланысты қызмет туризмімен, сонымен қатар демалыстың белсенді түрімен, мысалы, спорт және сол сияқты басқа да туризм түрлерімен айналысуға болатындығымен ерекшеленеді. Туризм 2010 жылға дейінгі мемлекеттің экономикалық дамуының басым секторларының бірі деп атап көрсетілді.
Осыған байланысты Үкімет туристік кластерін құру және дамыту бойынша іс-шаралар қабылдауды Туризм және спорт министрлігінің алдына қойды. Үкімет туристік кластердің қүрылуының маңыздылығын ескеріп, Қазақстан аумағында туристік мүмкіндіктерге маркетингтік зерттеу жүргізу үшін 65 миллион теңге көлемінде қаржы бөлді. Туристік кластер дегеніміз — туризм инфрақұрылымындағы салалардыңжиынтығы. «кластер» ұғымы математика, астрономия және музыка салаларында қолданылатын, қазіргі кезде экономикалық әдебиетте де кең қолданысын тапты. «Кластер» термині (ағылшын тілінен «сіизіег» жиынтық) типтес нысандардың жиынтығы деген үғымды білдіреді. Мысалы, жұлдыздар жиынтығы, атом кластері. Экономика саласында кластер дегеніміз экономиканың бір саласына жататын, бір-біріне салалас жақындығы бар кәсіпорындар, ғылыми орталықтар, университеттер тобы. Бір кластерге кіретін кәсіпорындар мен үйымдар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Туристік кластер — туризм индустриясы, онда негізгі қозғаушы күш — мемлекет тарапынан қолдауды қажет ететін туристік ұйымдар.
Біздің облысымызда туризм саласы кәсіпкерлер қызметі арасында енді-енді жанданып келе жатқан сала. Туризм қазіргі заманда Қазақстан экономикасының ең перспективті саласы болып табылады. Аталған сала ідамудың дұрыс өзгерістерінен өтсе, онда ол саудаға , облыстық бюджетке де үлкен кіріс алып келер еді.
Жамбыл облысы мәслихатының 2006 жылғы мындағы №17-9 шешімімен «Жамбыл облысында туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданды. Бағдарламаның басты мақсаты — қазіргі заманғы тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік кешен қүру және оны жоғары кірісті экономика секторына аиналдыру болып таоылады.
2006 жылдың 30-шы наурызындағы №89 облыс әкімиятының Қаулысымен туристік кластерді құру және дамыту оойынша облыстық үйлестіру кеңесі құрылды. Үйлестіру кеңесінің басты міндеті — бизнес пен мемлекеттік органдар арасында мәселені бірігіп шешу үшін диалог орнату, ғылыми-техникалық және инновациялық сала, сол сияқты ғылыми мекемелер, зерттеу орталықтарымен шаруашылық субъектілері арасында ынтымақтастық болуына ықпал ету. Туристік кластердің негізгі қатысушыларының баиланысын қарастыра келе анықталған нәрсе — туристік кластер ядросы, Жамбыл облысына шет елдер туристерінің келуін қамтамасыз ететін аумақтағы туристік ұйымдар болып табылады. Қонак үйлері. демалыс үйлері, транспорттық компаниялар және мейрамханалар, кафе, дүкен және мұражайлар туристік бизнес саласымен тығыз байланысты.
Қазіргі таңда облыста 14 туристік фирма туроператорлық және турагенттік қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия алған. Бұл фирмалардың барлығы Тараз қаласында орналасқан, кеңселері бар, штаттары толық. Туристік компаниялар көлемді спекторлык қызмет керсетеді. Алыс және жақын шет елдерден туристерді қабылдап және оларды орналастырады. Қазақстан пансионаттарында демалдырады және емдейді. Қазақстандағы тарихи орындарға саяхат жасайды. Туристік үйымдармен Жамбыл облысының аумағы бойынша бірнеше тамаша бағыттар өңделді. Бүлар «Ежелгі Тараздан жаңа заманға», «Қарлы шыңдардан, құмды төбешіктерге», «Көксай» шатқалдары деп аталады.
Туристік салада қызмет керсететін кәсіпкерлерп кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті тарапын қолдау көрсетілуде. Жыл сайын Алматы қаласын, Қазақстанның халықаралық КІТҒ туристік жәрмеңкесі өткізіледі. 2005 жылы КІТҒ жәрмеңкесіне әлемнін 23 мемлекетінен 200-ден аса компания қатысқа Облыс өкілдері екі жыл қатарынан КІТҒ қазақстандық халықаралық туристік жәрмеңке жұмысына белсе қатысуда. Бұл жәрмеңке Орта Азия елдері арасындаі ірі жәрмеңкелердің бірі болып табылады. 2003 жылдың қаңтар айындағы «Қазақстан турист» ЖШС-Мадрид қаласындағы халықаралық туристік жәрмеңке жұмысына Қазақстан өкілдері құрамында қатысты Туризм саласы үшін басты мәселелердің бірі —мамандардың тапшылығына байланысты оқу курстарын ашу, гид-экскурсовод, гид-жүргізу туристік жол бағыттарының гиді мамандарын дайындау жұмысын жүргізу назарға алынып отыр.
3. Жорыққа шығар алдында топ мүшелері көптеген жағдайларды білуі қажет . Осылардың ең қарапайымы : тауға шығу дегеніміз не ? , жорыққа шыққанда қалай тамақтану керек ? , кездейсоқ жағдайларда алғашқы көмекті қалай көрсету керек ? деген сұрақтарға жауап іздеуден басталады .
Туризмнің белсенді түрі - қатысушының белгілі физикалық ресурстарын қолдануды қажет ететін , демалысын немесе саяхатын айтамыз . Туризмнің белсенді түріне : альпинизм , дайвинг , сафари жатады .
• Әртүрлі табиғи кедергілерді өту кезіндегі туристер білу қажет :
1. Сол бара жатқан маршруттың ерекшелігін білу .
2. Кедергілерді өту кезіндегі әдістерді жатқа білу .
3. Сол маршруттағы қажет болатын жабдықтарды толықтыру .
• Жорық алдындағы тактикалық іс - әрекеттер :
1. Маршрутты таңдау .
2. Жорыққа қажетті жоспарлы кестені құру .
3. Жорыққа қажетті құрал – жабдықтар мен азық – түлікпен қамтамассыз ету .
4. Жорыққа бара жатқан топтың деңгейіни білу .
• Жорық барысындағы тактикалық өрекеттер :
1. Жорықтың жалпы жүріп өту жоспарын , кестесін құру.
2. Рельефке қатысты жүру жолдарын таңдау .
3. Маршруттағы кездесетін кедергілердің техникалық жолдары .
Жүру жолдары :
1. Сызықтық
2. Шеңберлік
3. Радиалдық
4. Сызықтық радиалдық
5. Сызықтық шеңберлік
6. Комбинациялық
• Белсенді саяхаттың классификациясы
Белсенді туризмдегі класвсификацияланған туристік саяхат – белгілі бір қиындық категориясына сәйкес келетін бағыт .
Туристік маршрут – белгіленген қызмет көрсету бағдарламасы бар белгілі бір уақытқа арналған алдын – ала жоспарланған жылжу трассасы .
• Асулардан өтудің ерекшеліктері
1. Жолдың қиын бөліктерінің сипаттамасы
2. Асулардан өтуге қажетті техникалық , тактикалық және демалуға қажетті орындарды айқындау .
3. Маршруттың сандық сипаттамалары . Сақтандыру нүктелерінің саны .
4. Жорыққа қажетті арнайы жабдықтар .
• Қиындық категорияларды анықтауда 3 классификациялық сипаттама :
1. Маршруттың техникалық қиындығы .
2. Жорықтың ұзақтылығы ( уақытпен ) .
3. Ара – қашықтық ( км ) .
5 – інші категория үшін ара – қашықтық 10 – 12 күн .
4 – інші категорияға 7 – 8 күн беріледі .
3 – інші категорияға 4 – 5 күн .
2 – інші категорияға 2 – 3 күн .
1 – інші категорияға 1 күн .
• Белсенді туризмнің тактикалық зерттемесі :
Белсенді туризмнің тактикалық зерттелуі – жорық кезіндегі мақсаттағы қолданылатын қаражат одан басқа туристердің қауіпсіздігін қамтамассыз ететін құрал – жабдықтар жазған құжат .