- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк «Туризм» кафедрасы
- •5В090200 «Туризм» мамандықтарының білім алушылары үшін
- •Астана 2012 Пәннің оқу-әдiстемелiк кешені құрылымы
- •1 Силлабус
- •5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары
- •6 Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •8 Оқу пәнінің саясаты
- •2 Глоссарий
- •3 Дәріс конспектісі Тақырып 1 (1 жұма). Туризмнің белсенді түрінің негізгі әдіс-тәсілдері
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 2 (2 жұма). Белсенді туризм түрлері техникасының негіздері
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 3 (3 жұма). Туристік маршрут категорияларының анықтамасы
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 4 (4 жұма). Саяхаттағы туристтердің қызметі
- •Аз бұлтты, қар жаңбырсыз ауа райы (жазда жылы, қыста аяды)
- •Саяхатта фотоға түсіру
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 5 (5 жұма). Белсенді туристік саяхаттағы экстрмалды туризм
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Қорытынды
- •Әдістемелік ұсыныстар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 7 (7 жұма). Белсенді туристік саяхаттқа арналған құрал-жабдықтардың жалпы анықтамасы
- •Жеке құрал-жабдықтар
- •Жаяу туризмдегі жеке құрал-жабдықтар
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Тақырыбы 8 (жұма 8) Жорықтағы алғашқы медициналық көмек
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •1. Вуколов в.Н. Основы туристско-краеведческой работы. Учебное пособие. - изд. 2-ое, исп. И доп. Караганда, 2005
- •2. Биржаков м.Б Введение в туризм. СПб., Герда 1999
- •4 Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі
- •4.1 Негізгі әдебиеттер:
- •4.2 Қосымша әдебиеттер
- •5 Бақылауға арналған сұрақтар
- •Әдістемелік нұсқау
- •6 Еңбек көлемі көрсетілген білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар
- •6.1 Өзіндік жұмысты орындау нысаны және сағат көлемі
- •Әдістемелік нұсқау.
- •6.2 Өзіндік жұмысқа арналған тақырыптар
- •Семинар (практикалық) сабақтарды өткізу жоспары
- •7.1 Лабораториялық сабақ жоспары
- •1 Тақырып. Туризмнің белсенді түрлері және олардың даму ерекшеліктері
- •2 Тақырып. Тау шаңғы туризімнің техникасы мен тактикасы
- •3 Тақырып. Су туризмнің дамуы және оның техникасының ерекшеліктері
- •4 Тақырып. Альпинизммен айналасудағы негізгі әдістер мен құралдар
- •5 Тақырып. Велотуризмдегі құрал жабдықтар ерекшеліктері
- •6 Тақырып. Мото және автотуризмдегі техника және тактика
- •7 Тақырып. Экстремалды туризммен айналасу ерекшеліктері
- •1. Вуколов в.Н Казарчук Основы туристско- краеведческая работа
- •2. Биржаков м.Б Введение в туризм. СПб., Герда 1999
- •7.2 Семинарлық сабақтарға дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
- •8.1 Аралық бақылау сұрақтары
- •8.2 Соңғы бақылау сұрақтары
- •9. Бағдарламалық және мультимедиялық материалдары
- •9.1 Тақырыптардың мультимедиялық материалдармен қамтылу кестесі
Қорытынды
Туристтар жорықтардың көпшiлiгi үшiн 15 кг көтергiш күш болатын әскери спасжилетылар жеткiлiктi жиi қолданады. Желеткенiң көтергiш күшiн үлкею үшiн кемiнде 22-24 кгтер қажеттi көтергiш күшi бар желеткелер күштi көбiктендiрiлген суы бар тау өзендер бойынша күрделi жорықтарда жүзгiштiктiң (немесе пенопласттан толтырылуымен) қосымша үрмелi элементтерiн қолданылады.
Әдістемелік ұсыныстар
Оқыту әдісіекі негізгі категорияға бөлінеді: дидактикалық және интерактивті. Дидактикалық әдіс біржақты бағытта жүргізіледі және кең аудитория үшін қолданылады, мазмұның толық түрде ашады, уақыт тиянақты түрде жоспарланады, себебі аудиториядан кері байланыстын болмауы материалды түсінбеушілікке әкеліп, қосымша уақыт кетуі мүмкін.
Сұрақтар
Шетелдік саяхаттағы ұйымдастыру дегеніміз не?
Шетелдік саяхаттағы бақылау дегеніміз не?
Жорықты ұйымдастыру тәсілдерін атаңыз?
Әдебиеттер
Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы и практика. – Алматы: Атамура, 2000 г.
Воскресенский Ю.В. Международный туризм.- М.: ЮНИТИ-ДАНА; 2000;
Тақырып 6 (6 жұма). Белсенді туристік саяхатта дұрыс тамақтануды ұйымдастыру
Мақсат: Азық – түлікті саяхат алдында дайындау, маршрут кезінде азық – түлік қорын толықтыру және жорық тағамдарының кейбір қажетті рецептерін қарастыру
Азық – түлікті саяхат алдында дайындау
Маршрут кезінде азық – түлік қорын толықтыру
Жорық тағамдарының рецептілері
1 Азықты өлшеп орау. Саяхат алдында азықтарды әр күнге жеке – жеке қойып және оларды орау қажет немесе әр тамақтану уақытына сәйкес ораса тіпті жақсы болады. Бұл үрдіс саяхат алдында маршрут бойғы мәзірді дайындауды талап етеді.
Азық салынған барлық пакет су өткізбейтін орамаға немес полиэтилен пакетке оралады. Бірақ кейбір азықтарды жеке орап, рюкзакка салуға қажет болады.
2 Саңырауқұлақ жинау. Туристік саяхат кезінде саңырауқұлақтар – табиғаттың кең таралған сыйы болып табылады. Саяхат барысында саңырауқұлақтарды жинау саяхат мәзіріне саңырауқұлақ сорпасын, қуырылған саңырауқұлақты мәзірге қосуға мүмкіндік береді,сонымен қатар олардың құрамында ақуыз көп болады. Саңырауқұлақтарды табысты жинау үшін оларды сақтау және өсетін орнын білу қажет.
Саңырауқылақтың өсу уақыты. Саңырауқұлақтардың кең таралған түрінен орта белдеуде ең алдымен сморчки (сәуір айының алғашқы декадасы), қайыңасты және сыроежкалар (мамырдың соңы). Кейін маслята, шампиньондар, қарағайасты (маусымның басы) және ақ, лисичка (маусым айының аяғы). Шілденің аяғында волнушка, грузди, рыжик, ал тамызда опята атты саңырауқұлақтар шығады. Туристерге улы саңырауқұлақтардан сақтану керек, егер де саңырауқұлақтың жеуге жарамды екенін білмесе алмаған дұрыс.
Жабайы өсімдіктерді жинау. Жидек және саңырауқұлақтардан басқа саяхат кезінде тағамға басқа да өсімдіктерді қолдануға болады, «жеуге жарамды жабайы өсімдіктер». Оларға келесілер жатады: қалақай, қымыздық, жабайы ревень, стрелолист, қамыс, бақбақ, иван-чай, сусак, черемша, портулак және т.б. Жабайы өсетіндерді жинаған уақытта оларды улылардан айыра білу қажет.
Қалақай (лат. Urtica) — қалақай тұқымдасынан бір туысы.
Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Сабағы мен жапырағы түкті. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Ұсақ гүлдері масақ тәрізді гүл шоғын құрайды.
Қоныржай және тропик аймақта 40-тан астам түрі бар. Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойында өседі. Көктемнің аяғынан бастап, жаз бойы гүлдейді. Жемісі – бір-бірімен біріккен қос жаңғақша. Қос үйлі қалақай – құнарлы мал азығы. Малға туралған және булаған түрінде беріледі. Тұқымын жылқы мен құс сүйсініп жейді. Қалақайдың барлық түрінің құрамында белок, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады.
Қымыздық(Rumex) — таран тұқымдасына жататын көп жылдық және бір жылдық өсімдіктер. Гүлі қос және дара жынысты, қос үйлі, түсі қызғылт, сары не қызыл. Аталығы 6 (ішкі гүл қоршауының арасында қосарланып жетіледі). Аналығы 1 не 3 жеміс жапырағынан тұрады. Бір ұялы, онда бір тұқым бүршігі болады. Қымыздықтың арасында жиі кездесетін, емдік маңызы бар түрі — кәдімгі Қымыздық (R. аsetosa). Оның биіктігі 1 м-дей. Сабағы тік, тамыры қысқа, түйнекті. Жапырағы ірі, сағақты. Аталық гүлдерінің гүл қоршауы ұзын. Аналық гүлі сыртқа қарай қайырылып, гүл сағағына жанасады. Қызыл, сары гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Мамыр — маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жемісі — үш қырлы жаңғақша, жылтыр, қоңыр түсті (ұзындығы 1,5 — 2 мм, ені 1 мм). Жапырағында қышқыл дәмді калий тұзы, сондай-ақ, белок, темір және өте көп мөлшерде С витамині бар. Халық медицинасында кәдімгі Қымыздықты бауыр қызметін реттеуге, өттің бөлінуін күшейтуге, қан тоқтатуда пайдаланылады. Жапырағынан салат жасайды.
Бақбақ (Taraxacum) — күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Ең көп тарағандары: дәрілік Бақбағы (T. offіcіnale), көксағыз Бақбағы (T. koksagnuz). Олар шалғынды, көгалды жерлерде, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі. Биіктігі 4 — 30 см-дей, сабағы қуыс, жапырақсыз, тықыр, сүтті шырынды болады. Жапырақтары қауырсын пішіндес, жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланады. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, тостағанша дөңгеленіп сабақ ұшында орналасады. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, мамыр — маусымда жеміс береді. Жемісі — дәнек, ол желмен тарайды. Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады, сондай-ақ, мал азығына, тағамға пайдаланылады.
Қамыс (Phragmіtes) – астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қамыстың жер шарында кең таралған (тек Арктика мен Антарктидада кездеспейді) 7 түрі бар. Ең жиі кездесетіні кәдімгі Қамыс немесе құрақ (Ph. communіs). Оның биіктігі 0,8 – 6 м. Тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік. Көп гүлді масақтары сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Негізінен, вегетативті жолмен көбейеді. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Қамыс – су өсімдігі, сондықтан өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады, химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті, сірке қышқылы, қағаз алынады. Сонымен қатар Қамыс қалың тоғай болып өсіп кетсе, суармалы егістік дақылдарына зиян да келтіреді. Онымен күресу үшін жерді тереңдігі 30 см-дей қазып, тамыр сабақтарынан тазартып отыру қажет.
Балық аулау. Су немесе жаяу саяхат кезінде өзендердің және суқоймаларының жанынан өткен кезде бос уақыт болса тамақтану рационын туристер өздері аулаған балықпен толықтыра алады.
Балық аулау – табиғатпен жақындасудың, оның сұлулығына қанып, таза ауда демалудың ең жақсы тәсілі болса керек. Ал сәтті балық ұстау еш нәрсемен салыстыруға болмайтын, өзіңді табыскөр сезіну рахаты. Балық аулау – қала сыртында судың табиғи сұлулығына толығымен бойлаған күнделікті қарбалас тіршілікті ұмытудың, табиғат аясында демалудың тамаша мүмкіндігі. Кейде балық аулау табиғатты қорғауға үйрететін «ұстап ал да босат» принципімен жүзеге асады.
Балық аулау дегеніміз - өзен және теңіз балықтарын алу. Балық аулау ісіндегі басты объект – балық. Осы іске қосалқы объект ретінде суда жүзетін кішкентай және үлкен тіршілік иелерін жатқызамыз. Бұл бизнес түрі ірі қалалар мен кішігірім ауылдарда кеңінен тараған. Егер сіздің үлкен жер учаскеңіз болса, онда сирек кездесетін бағалы балықтарды өсіруге арналған бассейн жасауға болады.
Таңдауға лайық балық түрлері – тұқы (карп), бақтақ (форель), ақсерке (семга). Балықтың бұл түрлері жақсы өседі, сонымен қатар оларға деген сұраныс та үнемі жоғары. Балық шаруашылығын жүргізудің технологиясы таңдалған балықтардың түріне байланысты. Бұл бағалы балық түрлерінің өзіне тән ерекшеліктері, күн тәртібі мен күтімі бар.
Су сүзгілеу үшін гравитациялық сүзгіш қажет. Ондай сүзгіштер үй аквариумдарында қолданылады. Өз бизнесіңізді ашу үшін ең алдымен осындай мәселелерді бүге-шігесіне дейін зерттеп алу маңызды.
Тірі балықты дүкендерден немесе базарлардан сатып алып, оны тек әрі қарай өсіріп баптаумен айналыссаңыз болады . Қолайлы жағдайда балық жаз ішінде1 кг салмақ қосады, сонымен қатар ұрпақ әкеледі. Қосымша табыс үшін мальканы өсіріп, басқа балық өсірушілерге сатуға болады. Егер сіздің жер учаскеңіз болмаса, онда тоғанды жалға алуға болады. Алайда тоғанды тазалау және қорғау шараларына шығындалу керек. Ал ол өз кезегінде тауар бағасының өсуіне әкеп соқтырады.
2. Ақсерке (семга) мысалында балықтарды сипаттау. Ақсерке (семга) – арқан балық тұқымдастарына (семейства лососевых) жататын ірі, күміс түсті балық. Ол – өте дәмді балықтардың бірі. Оның, өсуі мен жетілуі жақсы деңгейде жүруі үшін су температурасы 14-20°С, оттегі мөлшері 7-8 мг/л болу керек. Ақсерке (семга) тұщы суларда мекендейді, жарықты онша ұнатпайды, судың терең жерлерінде, көлеңкеде тығылып жүреді. Жарық жерде көп уақыт бойы жүріп қалса, жағдайы нашарлап, уылдырықшалары өліп кетеді. Сондықтан да бұл балықтар бұлтты күндерде, кешкі және таңертеңгі мезгілде белсенді тіршілік етеді. Ең ұзақ өмір сүруі - 13 жыл. Табиғи су қоймаларда оның ұзындығы 1,5 м-ге, ал салмағы 38 кг-ға дейін болуы мүмкін. Тоғандарда табиғи тағаммен күнделікті қоректенсе, салмағы 20 кг. не одан да көп бола алады. Ауланатын ақсеркенің (семга) орташа салмағы 5 кг-дан 15 кг-ға дейін, алайда ұзындығы 150 см. салмағы 30 кг.-лықтары да кездесіп жатады. Ақсеркенің (семга) табиғи қасиеттері оны ең бағалы балық етеді, оның майы көп (11%-дан жоғары, кейде 24%-ға дейін).
Аналық балықтар 1-3 жасында жыныстық жетіліп, суқойманың орналасуына, аймақтың климаттық жағдайына байланысты өзгереді. Аталық балықтар аналықтарына қарағанда бір жылға ерте жетіледі. Ақсеркенің (семга) уылдырығы пісіп-жетілу үшін ол қыс бойы мұз астында өзеннің суық суында болуы керек. Аналық 300-ден 800-ге дейін уылдырықша шашады. Уылдырықтары 1,5-2 айда пісіп жетіледі.
3. Балық жемі. Балықтардың қорек ететін тағамдар құрамына түрлі мөлшерде балық ұны, балық майы, бидай, бидай және жүгері глютені, бұршақ протеині, соя протеині, майсызданған рапстың ұрығы, соя майы секілді компоненттер кіреді. Жем ретінде төмен температуралы (LT) балық ұны ғана қолданылады.
Арқан балық (лососевые рыбы) тұқымдастары азығының құрамында түрлі көлемде астаксантин болады (стандартты мөлшер - 40 және 80 мг/кг). Жемнің құрамында пигментті концентраттар мөлшері 20 мг/кг болса, балықтың әр 1 кг. дене салмағына 4 мг пигмент, ал пигментті концентраттар 50 мг/кг болса, онда 5 мг пигмент қосылады. Балық 1 кг. салмақ қосу үшін ол 4,3-4,5 кг. азық жеу керек. Яғни 300 тонна тауар балығын алу үшін 1,5 мың тонна азық керек. Балықтар табиғи жолмен салмақ қосатын болса, онда суқойманың бір гектарынан 3-4 центнер балық ала аласыз, ал егер оларды қосымша қоректендіретін болсаңыз, онда дәл осы алаңнан 12-15 центнер балық алуға болатынын ескерген жөн.
4 Жорық жағдайында тағам дайындау. Жалпы кулинарлық ережелер
Саяхатта тамақты барлық туристер кезекпен дайындайды. Олардың кейбіреулерінің қажет аспаздық тәжірибесі болмағандықтан, жорықта тағам дайындаудың бірнеше жалпы ережелерін келтіре кетсек.
Картофельді тұздалған суда пісірген жөн.
Сорпаға арналған етті салқын суда пісіре бастап, содан кейін көкөністерді салады.
Балықты сорпада дайындалғанша пісіріп, езіліп кетпес үшін шығарып алады.
Ботқаға арналған суға аздап тұз салады, ал бұршақ, фасольға тұзды олар дайын болғанда салады.
Бірнәрсені қуырмас бұрын сковородканы қыздыру қажет.
Балықты құйрығынан ұстап, өзінен ары қарай пышақпен тазартады, содан соң бөледі.
Балықты қабығынан оңай тазарту үшін бір минутқа суға салады.
Құрғақ көкөністі пісірмес бұрын 1-1,5 сағатқа суға салып қояды.
Таңғы асты тез дайындау үшін жармаларды кештен бастап салқын суға салып қойған жөн.
Жорық тағамдарының рецептілері. Төменде кейбір жорық тағамдарының рецептілері берілген. Азық-түлік көлемі 8-10 адамнан тұратын тлопқа есептелген.
Жасыл щи. Щавельді жақсылап жуып, шелекке салып, ыссы су құйып қайнату керек. Сосын суды төгіп, шөбін сығып, ұсақ қылып турайды. Жуаны ұсақ қылып турап, қуыру, содан ұни салып тағы да 1-2 мин қуырамыз. Алынған қоспаны шелекке салып, жақсылап араластырып, ыстық ет бульонымен араластырып, лавыр жапырағын, бұрыш қосып, 15-20 мин пісіреді.
Саңырауқұлақтардан жасалған сорпа. Саңырауқұлақтарды тазартып, жуу керек. Түбін кесіп, ұсақ қылып турап, майға қуырамыз. Бөлек жуаны қуырамыз. Саңырауқұлақтардың қалпақтарын тілімдерге бөліп, суын төгеміз. Саңырауқұлақтарды шелекке салып, су құйып 40 мин пісіреміз. Содан кейін картоп, қуырылған саңырауқұлақтардың түбірлерін, жуа, тұз, бұрыш, лавыр жапырағын салып, 20-25 мин пісіреміз. Дайын саңырауқұлақ сорпасына қаймақты жақсылап саламыз. Саңырауқұлақтан жасалған сорпаны ет бульонында да пісіруге болады. 2 кг саңырауқұлаққа - 3 кг картоп, 500 г жуа, 6 ас қасық май.
Балық сатушы. Қайнап жатқан суға 1,5 кружка перловая, тары, арпа жармасын, ортасынан кесілген жуа және қара бұрыш саламыз. 10 мин кейін бульонды тұздап, ірі қылып туралған картоп қосамыз. Тағы да 5- 10 мин кейін тазартылып, жуылған балықты саламыз. Жартылай дайын сорпаға лавыр жапырағын қосамыз.
Қайнатылған балық. Пісірген кезде балықтың бетін жабатындай етіп су құямыз. Әрбір литрге шай қасық тұз, жарты сәбіз, жуа, 1-2 лавыр жапырағы және шамалы бұрыш саламыз. Балықты үлкен бөлігімен немесе 75-100 г бөлікке бөлуге болады. 0,5 кг болатын бөліктерді салқын суға, ал ұсақтарын – қайнаған суға салып пісіреміз. Балық жақсылап пісірілген болуы керек.
Қуырылған балық. Дұрыс пісуі үшін ірі балықты бөлшектерге бөліп, ал ұсақтарын бүтіндей қуыру қажет. Дайындалған балықты тұздап, бұрыш сеуіп, ұнда аунатып, қыздырылған сковородкада сары түсті қабыршақ қалыптасқанша қуыру қажет. Гарнир – қуырылған картоп, қарақұмық немесе арпа.
Пісірілген балық. Ірі балықты қабығынан ашып, басын және қанаттарын кесіп, ішкі құрылымын тазартып, жуу керек. Ішін тұздап, қаймақ майын салып, бәрін фольгаға саламыз. От көмірінің жылуымен пісіреміз. Бұл тағамды басқаша да пісіруге болады. Балықты балшыққа жағып, көмірдің ішіне саламыз. Дайын болғаннан кейін балшықты қабығымен бірге сындырады.
Кәуап. Етті жуып, бөліктерге бөліп, сірке суына малып, бұрыш сеуіп, шомполға жуа екеуін араластырып саламыз. Кәуапты жанып жатқан көмір үстіне 15-20 мин ет пісетіндей етіп шомполды айналдырып тұрып пісіру керек. Егер шомпол болмаса оны сковородкада пісіреміз. 2 кг етке - 8 жуа, 400 г көк жуа, 800 г қызанақ, 2 лимон.
Нан мен тандыр нан. Кружканың төрттен біріне құйылған жылы суға 1-2 қасық құрғақ ашытқы, ас қасық қант қосып, 1-2 сағатқа оттың қасындағы жылы жерге қояды. Қамырды жылы суда араластырып, бірнеше сағатқа қалдырады. Тандыр нан шикі күйінде 1-2 см қалың болмауы керек. Тандыр нанды сковородкаға салмас бұрын қамыр көтерілуі үшін аз уақытқа оттың қасына қояды. Сковородка жоқ кезде шелек қақпағы, тас қолданылады. Дайындалу уақыты 20-25 мин.
Қуырылған саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақты тазартып, жуып, кептіреміз. Ірі бөліктерге бөліп, тұздап, майда қыздырылған сковородкаға салып, қуырамыз. Сосын ұнға аунатып тағы да қуырамыз. 2 кг саңырауқұлаққа - 15-20 ас қасық ұн, 8-10 ас қасық май. Саңырауқұлақты картоппен пісіруге болады. Оны саңырауқұлақ пісуіне 10-15 мин қалғанда салады.
Орман қарақатынан әзірленген сусын. Жаңадан терілген қарақатты тазартып, жуып, суын ағызып, жылы су құйып, сосын оны марлінің 2 қабаты арқылы өткізеді. Тазартылған сусынға 800 г қант қосып, араластырып, салқындатады. Туристік дастарқанға салқын күйде береді. Қоюландырылған сүт қосуға болады.
Сухариден дайындалған ботқа. Ақ сухари салынған ыдысқа аз су қосып, жұмсаруы үшін отта қыздырады. Сосын май қосып араластырады.
Сухари ұнтағынан әзірленген салқын ботқа. От жоқ кезде какао қосылған қоюланған сүтпен араластырылған сухари ұнтағынан дайындалады.
Қардан жасалған балмұздақ. Жаңадан түскен қарды қоюланған сүтпен араластырамыз. Қант, какао, жеміс-жидек шырыны дәм бойынша қосылады.
