Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-кредита УМК_Геохим.(каз.).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.99 Mб
Скачать

Түпкі таужыныстарда жоғары концентрацияда орналасқан элементтер ассоциациясы

кесте №1

Пайдалы қазбалардың типтері

Элементтердің ассоциациясы

Магмалық кенорындар

Хромитті

Cr, Fe, Mg, (Pt, Al)

Платиналы

Cr, Fe, Pt, (Os, Ir), Mg

Титан-магнетитті

Fe, Ti, V

Мыс-никельді (сульфидті)

Ni, Cu, (Pt, Pd, Co)

Апатитті

P, Ti, U, Zr, Th, Be, F, Cl, Sr, Nb, Ta, TR

Стратиформдық кенорындар

Мысты

Cu, Fe, (Pb, Zn, Ag)

Қорғасын-мырышты

Pb, Zn, Ag, Fe, Mg (Ba, F)

Скарндық кенорындар

Теміркенді

Fe, Ca, Al, Si

Мысты

Cu, Fe, Ca, Al, Si, (Mo, Co), (Pb, Zn)

Молибден-вольфрамды

Mo, W, Fe, Cu, Al, Si

Қорғасын-мырышты

Pb, Zn, Fe, Cu, Ag, Bi, Al, Si

Қалайыкенді

Sn, Fe, Cu, (Mo, As, Zn, Pb, Bi, Ag, W), Si

Шөгінді кенорындар

Борлы

B, Mg, K

Темірлі

Fe, Mn

Марганецті

Mn, Fe

Алюминийлі

Al, Fe

Гидротермалды кенорындар

Кварцты парагенезисті

Au, As, Fe, Bi, Mo, W, U, Si, Cu

Сульфидті парагенезисті:

-қорғасынның және мырыштың

Pb, Ba, Zn, Cu, Fe, U, Mo

-бес элементті формацияның

Co, Bi, Ni, Ag, Ca, Ba, U, Fe, As, (Pb, Zn, Cu)

-касситериттің

Sn, Pb, Zn, Fe, W

Карбонатты парагенезисті

-темірдің

Fe, Mg, Ca, (Cu, Pb)

-марганецтің

Mn, Mg, Ca, (Fe, Ba)

-магнийдің

Mg, Ca

Колчеданды

Fe, Cu, S, Zn, Pb, (Au, Ba)

Бұл элементтердің ассоциациялары пайдалы қазбалардың әртүрлі типтерінде әртүрлі элементтердің үйлесуінің көп түрлі екендігін дәлелдейді. Минералдар ассоциацияларын білуден басқа қожайын-минералдарда (в минералах-хозяевах) жоғары концентрациаларда орналасқан қоспа-элементтердің ассоциациясын ескеру қажет. Сонымен қатар, қоспа-элементтердің бір бөлігінің жаралуы изоморфты алмасулардың заңдарымен түсіндіріледі. Ал минералдардағы механикалық қоспаларды көрсететін екінші бөлігінің жаралуын заттардың миграциялық қабілеттілігі бойынша толық бөлінбеуімен түсіндіруге болады. Көбінесе қоспа-элементтерді зерттегенде, іздеу жұмыстарының тиімділігі едәуір көбейеді.

Барлық типтегі кенорындардың жерасты суларында жоғары мөлшерлерде Cu, Zn, Mo кездеседі, олар өз кезегінде «өтетін» (проходящими) минералдар болып келеді. Олардың мұндай мөлшері кенденуді дәлеледемейді, бірақ осы элементтердің маңызды концентрациялары іздеу мағыналарына ие болуы мүмкін. Осыған байланысты, кенорындарды іздеуде гидрохимиялық әдістерді қолдану әртүрлі типтегі кенорындардағы суларда жоғары мөлшерде орналасақан элементтер ассоциациясын білуді болжайды.

Жерүсті және жерасты суларындағы кенденудің тура индикаторларынан басқа, жанама элемент-индикаторлар үлкен маңызға ие болып келеді. Сонымен, полиметаллды кенденудің гидрохимиялық индикаторларының ішіндегі ең жақсыларының бірі кадмий болып келеді.

Кимберлитті түтікшелерді (трубкаларды) гидрохимиялық іздеуді Zn, Ni, Co, Cr, V, Ga, Cu жоғары концентрациялары бойынша жүргізуге болады.

Кенді кенорындарды іздеуде газды түсірулерді жақын арада ғана пайдалану басталды. Газдардың нақты ассоциациялары радиоактивті және радиоактивті емес кенді денелер үстінде кездеседі. Полиметаллды және сынапты кенорындардың түпкі таужыныстарында және топырақтарында жоғары мөлшерде көміртегінің диоксиді, сутегі, және сынаптың булары кездеседі. Колчеданды кенорындардың үстінде - көміртегінің диоксиді (4 %-ке дейін) және көмірсутек, алтын құрамды сульфидті кендер үстінде – көміртегінің диоксиді және азот, ал сульфидті кенорындар тобында жоғары мөлшерде – H2S, CO2, SO3 кездеседі.

Биохимиялық процестерден туындаған элементтер ассоциациясы ерекше орынды алады. Олардың жаралуы бір жағынан, тірі материяның физиологиялық қажетіліктерімен сипатталса, екінші жағынан қоршаған ортаның химиялық құрамымен сипатталады. Қоршаған ортаның химиялық құрамы өзгерсе өсімдіктердегі металлдардың мөлшері өзгереді. Әсіресе кенорындарда өзгерулер тез болады. Көптеген зерттеушілердің жұмыстары негізінде әртүрлі типтегі кенорындарда өсімдіктерде жоғары мөлшерлерде орналасқан негізгі элементтердің спецификалық ассоциациялары бөлінген (кесте №2).