Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-кредита УМК_Геохим.(каз.).doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.99 Mб
Скачать

1.5 Пәннің мақсаттары мен міндеттері

1.1 Пәннің мақсаттары. «Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу және барлаудың геохимиялық әдістері» оқу пәні оқу жоспарына сәйкес міндетті түрде оқытылатын арнаулы пәндердің бірі. Пайдалы қазбалар кенорындарын іздеудің геохимиялық әдістері табиғи жағдайларда кездесетін элементтердің және олардың қосындыларының таралу заңдылығын зерттеуге негізделеді.

Пәнді оқытудың мақсатына геохимиялық іздеулердің теориялық негіздерімен таныстыру жатады, бұлардың негізінде іздеудің ең рационалды әдісін таңдауға және нақты геологиялық және ландшафты-геохимиялық жағдайларға байланысты пайдалы қазбалар кенорындарын анықтауға мүмкіндік туады, сонымен қатар геохимиялық мәліметтерді интерпретациялауды практика жүзінде үйренуге мүмкіндік береді.

1.2 Пәнді оқытудың міндеттері. Студенттер бұл оқу курсын меңгеруі барысында және өздігінен жұмысы кезінде оқытушы ұсынған оқу әдебиетімен тұрақты түрде жұмыс істеуі тиіс, мұның өзі оларға пән ауқымында қарастырылатын мәліметтермен жете танысуын қамтамасыз ететін болады. Курсты оқытудың ең негізгі міндеттерінің бірі студенттерді пайдалы қазбалар кенорындарын іздеудің геохимиялық әдістерімен таныстыру оларды іздеу кезінде қолдануға машықтандыру болып табылады. Курсты меңгеруі нәтижесінде студент геохимиялық іздеудің негізгі әдістерімен танысып, олардың мақсаттарын және негізгі тапсырмаларымен танысады.

Геохимиялық іздеулердің негізгі тапсырмаларына мыналар жатады:

- жер қыртысындағы элементтерді анықтаудың негізгі формаларын зерттеу;

- элементтер миграциясының негізгі факторын зерттеу;

- геохимиялық ореолдар жаралуының ерекшеліктері;

- геохимиялық мәліметтерді математикалық өңдеуге үйрену.

    1. Сабақтардың тізімі мен түрлері, оларды орындау графигі

Сабақ түрлері және оларды орындау мерзімі

2-ші кесте

Бақылау түрлері

Жұмыс түрі

Жұмыстың тақырыбы

Әдебиетке

сілтеме (беті көрсетілген)

Өткізу уақыты

1

2

3

4

6

1-ші АғБ

ЗС

Сынамалаудың мәліметтері бойынша геохимиялық ореолдарды тұрғызу

Негізгі әдебиет: [1] 17-22 б., [2] 14-18 б.

Қосымша әдебиеттер: [9]

2-ші оқу аптасы

2-ші АғБ

ЗС

Литохимиялық түсіру мәліметтерін өңдеу кезіндегі жүйелік және кездейсоқ қателіктерді анықтау

Негізгі әдебиет: [1] 64-78 б., [2] 54-66 б.

Қосымша әдебиеттер: [13]

4-ші оқу аптасы

3-ші АғБ

ЗС

Қатты және сұйық ағынды анықтау

Негізгі әдебиет: [1] 212-217 б.

Қосымша әдебиеттер: [16], [20], [25]

6-шы оқу аптасы

1-ші АрБ

Коллок

виум

1-ші модуль бойынша бақылау сұрақтары

7-ші оқу аптасы

4-ші Ағб

ЗС

Алғашқы ореол қимасындағы элементтердің миграциялық қабілеттілігін және сызықты өнімділігін анықтау

Негізгі әдебиет: [1] 111-175 б., [2] 88-130 б.

Қосымша әдебиеттер: [9], [15], [121]

8-ші оқу аптасы

5-ші АғБ

ЗС

Туынды литохимиялық шашырау ореолдарын сандық интерпретациялау

Негізгі әдебиет: [1] 195-242 б., [2] 167-210 б., [3] 82-86 б.

Қосымша әдебиеттер: [9], [15], [23]

10-шы оқу аптасы

6-шы

АғБ

ЗС

Туынды литохимиялық шашырау ореолдарын сандық интерпретациялау

Негізгі әдебиет: [1] 195-242 б., [2] 167-210 б., [3] 82-86 б.

Қосымша әдебиеттер: [9], [15], [23]

12-ші оқу аптасы

7-ші Ағб

ЗС

Литохимиялық ореолдардағы болжамдық ресурстарды есептеу

Негізгі әдебиет: [3] 239-247 б.

Қосымша әдебиеттер: [15]

14-ші оқу аптасы

2-ші АрБ

Коллок

виум

2-ші модуль бойынша бақылау сұрақтары

14-ші оқу аптасы

ҚБ

Емтихан алу

Бақылау сұрақтары №№1-60

Емтихан сессиясы